91
еңбекте медиамәтіндегі субъект категориясы, қазақ медиамәтінінің
прагматикалық ерекшеліктері талданып, медиамәтінді адресанттың
прагматикалық ұстанымын жеткізуде қалай пайдаланғаны анықталған,
сол арқылы қазақ тілінің қазіргі жайына лингвопрагматикалық тұрғыда
баға берілген (Есенова, 2015).
Прагматикалық тұрғыда зерттеу нысанына алынған медиамәтін
коммуникативтік тұлға факторының төңірегіне шоғырланған ақпараттық
кеңістіктің материалдық көрінісі ретінде анықталып, жазба мәтіннің
тілдік, тілдік емес құралдарының қызметі оларды пайдаланушы
субъектілердің мақсат-мүддесі мен прагматикалық интенциясын
жеткізуші тәсілдер ретінде қарастырылады (Есенова, 2007: 5).
Бұл мақаланың мақсаты – COVID-19 пандемиясының қазақ
медиамәтініндегі көрінісіне лингвопрагматикалық талдау жасау.
Бұл,
адресант факторы
– адресанттың мақсаты, интенциясы, сөйлеу
тактикасы, бағалау, адресатқа әсер ету, әрекетке итермелеу;
адресат
факторы
– адресаттың ақпаратты қабылдауы, көзқарасы, эмоциялық күйі,
реакциясы; жағдаят факторы – коммуникацияға қатысушылар арасында
қарым-қатынас кезіндегі жағдаяттар, олардың коммуникация формасы
мен тақырыбына ықпалы сияқты мәселелерді қарастырады.
Дүниені дүрліктірген COVID-19 пандемиясы бұқаралық ақпарат
құралдарында өзекті тақырып болды және БАҚ халыққа дер кезінде індет
туралы ақпараттарды жеткізудің басты құралына айналды. Осы тақырып
аясындағы газеттің басты қызметі – індеттің таралу аймағы және
статистикасы жөнінде ақпарат беру, ауру белгілері мен одан сақтанудың
жолдарын көрсету, індетке қарсы қолға алынған іс-шаралар туралы,
мемлекеттің халыққа берген жәрдемі, әлеуметтік қолдаулар жөнінде
ақпарат беру; сондай-ақ пандемия кезінде халықты үрейге бой алдырмай,
бірлесе күресу мен сабырға шақыру болды. Пандемия туралы мәтіндердегі
ақпараттар осы жағдайда қоғамда туған әлеуметтік, экономикалық, саяси,
рухани проблемаларды да нақты анықтап көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда,
алғаш рет зерттеу нысаны болып отырған COVID-19 пандемиясының
қазақ медиамәтініндегі көрінісінің лингвопрагматикалық аспектісі өзекті
тақырып болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: