24. 12 Қазақ әдебиеті 11- сынып
«Заман шындығы» бөлімі бойынша тоқсандық жиынтық бағалау.
2- тоқсан
Тақырып: Б.Мұқай «Өмірзая» романы, Е.Әбікенұлы «Пәтер іздеп жүр едік»
1- тапсырма
«Өмірзая» романындағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісінің белгілерін жазып, түсіндірме беріп, кестені толтырыңыз [4]
Заман
|
«Өмірзая» романындағы заман
|
Қазіргі заман
|
Белгілері
|
|
|
Түсіндірме
|
|
|
2- тапсырма
«Өмірзая» романының үзіндісін оқып, сұрақтарға жауап беріңіз
Биылғы ауа райының мінезі бөлек. Жүріп-жүріп бір-ақ күнде бойжете салатын қыз баладай жарқ ете қалатын Жетісудың көктемі кешікті, қашан шілде туғанша жаңбыр сіркіреп, жердің қыртысына жылу жетпей, құйқасы қызбады. Маусым орталана бере аспанның қабағы ашылып, Жер-Ана шуаққа шомылды да, бой көтере алмай булығып жатқан көк дүр ете қалды. Шілде әдеттегідей ыстық болған, тамыз туа ауа райы күрт өзгерді, жаңбыр жиілеп, күн суытты. Көнекөз қарттар мұны жаман ырымға жорып, 1941 жылдың жазының осындай болғанын тілге тиек етті. Жаман сөз жатсын ба, тыныш отырған жұрт бір дүрлігіп барып басылды. Тамыздың аяғында күн қайтадан ысып, артынша Арктиканың суық ауасы лап қойып, жұрттың берекесін алды.
Қыркүйектің алғашқы аптасында жапалақтап қар жауып, жапырағы түсіп болмаған ағаш атаулы ауыр салмақты көтере алмай морт-морт сынып жатты. Ертесіне аспан нілге шайғандай тазарып, жарқырап күн шықты, көше-көшемен сел жүрді. Ауа қызып, ыстық күшіне мінді, күні кеше пальто киіп, бүрсеңдеген жұрттың маңдайы тершіді. Сол ыстық кешеге дейін келді де, қазан орталана бере Алматының ауа райы өзінің ежелгі мінезіне көшті.
Жаңбыр жауғалы екінші күнге айналып барады, мұның соңы қарға айналарын Аяған біледі. Қыстың жақындап келіп қалғанын ойлағандықтан ба, денесі қалтырап, иегін омырауына жасырды.
1. Мәтіндегі: «Жүріп-жүріп бір-ақ күнде бойжете салатын қыз баладай жарқ ете қалатын Жетісудың көктемі кешікті, қашан шілде туғанша жаңбыр сіркіреп, жердің қыртысына жылу жетпей, құйқасы қызбады.»деген сөйлемдегі асты сызылған тіркес [1]
A) Теңеу
B) Эпитет
C) Метафора
D) Метонимия
E) Синекдоха
2. Мәтінде кездесетін эпитетті тіркестер [1]
A) Ауа райы, ежелгі мінез
B) Бүрсеңдеген жұрт, жапырағы түскен
C) Көнекөз қарт, жаман сөз
D) Қар жауып, күрт өзгерді
E) Маңдайы тершіді, денесі қалтырап
3. Мәтінде берілген негізгі ой [1]
A) 1941 жылғы оқиға
B) Жаман ырымға жору
C) Қыркүйектің алғашқы айы
D) Өзгермелі табиғат құбылысы
E) Арктиканың суық ауасы
4. Ауа райының өзгеруін көнекөз қарттардың жаман ырымға жоруының мәнісі [1]
A) Арктикалық суық ауа келгендіктен
B) Қыстың ерте түскендігінен
C) 41 жылдың жазы осындай болғандықтан
D) Тамыздың аяғы ыстық болғандықтан
E) Жетісуда көктем кешіккендіктен
5.Мәтінде сипатталмаған жыл мезгілі [1]
A) Жаз
B) Қыс
C) Жазғытұры
D) Көктем
E) Күз
3- тапсырма
Кейбір зерттеушілер шығарма атауын «Өмірзая» жұлдызымен байланыстырады. Ол өзге жұлдыздардан бұрын туып, бұрын сөнетін, айдың жанынан көрінетін жұлдыз екен.
Қалай ойлайсыз, расымен де, шығарма атауын «Өмірзая» жұлдызымен байланыстыруға бола ма? Өз ойыңызды 3-4 сөйлеммен беріңіз [3] --------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
4- тапсырма
«Пәтер іздеп жүр едік» шығармасы халқымыздың әлеуметтік күнкөрісінен хабар береді. Пәтер мәселесі – қазіргі кездің ең өзекті мәселелерінің бірі екені шындық. Дегенмен, баспанамен қамтамасыз ету шаралары жоқ емес. Елімізде баспана мәселесі қандай жолдармен шешілуде?
Өз ойыңызды нақты дәлелдермен сипаттап, фактілер келтіріп, аргументтік эссе жазыңыз Көлемі: 150 сөз [8]
Достарыңызбен бөлісу: |