85
Постың мазмұнына келсек, біздің ойымызша шындықты әсірелеп жазған,
сондай-ақ бұл жерде мәселе халықтың ұят ұғымына қалай қарайтынында
жатқан сияқты. Халық тойдың бәрін ұят болады деп жасап жатқан
жоқ, бір жағынан, той – некені салт-жоралғымен заңдастыру. Екінші
жағынан, халық әлеуметтік нормаға мойынсұнып отыр, ал мемлекеттік
қызметкерлер ұсынған норма болса еш тарамаған өтірік вирустан
сақтандыру сияқты көрінді. Той жасаған адамдардың нақты мотивін
келесі бөлімде талдаймын.
Қазақстанның қоғамдық медиасында үйлену тойының ауқымы,
шығыны туралы және тойды COVID-19 кезеңінде вирус таратушы басты
фактор ретінде сынаған пікірталас Facebook-тегі осы постан басқа да
жерде жиі кездесті. Жаңалықтан халықтың жиын-тойды шектеулерге
қарамастан неліктен тоқтатпай жүргеніне себеп таба алмаймыз.
Сондықтан да мақаланың соңғы бөлімінде үйлену тойын жасаудың жан-
жақты себептерін түсіндіреміз.
Достарыңызбен бөлісу: