128
коммерцияланбайтын сектор. Сонымен қатар әділет жүйесін де нарыққа
бағытталған жүйеге айналдыру ықтималдығы туралы да ешкім айтпайды.
Мемлекет философиясы талаптары бойынша мемлекет қорғаныс
болсын, әділет жүйесін болсын, тегін (немесе халықтың мемлекетті
қолдау үшін салық төлеуі арқылы сияқты механизмдермен) қамтамасыз
етеді. Азаматтармен бекіткен қоғамдық келісіміне сай, мемлекет –
демократиялық елдегі өзге жайттармен қатар, қауіпсіздікті сақтау
парызын да мойнына алатын басты инстанция.
Денсаулық – адамзаттың қауіпсіздігі. Адам
құқықтарының заманауи
түсінігімен үндес келетін мемлекет философиясының жаңа ұғымына
сай, мемлекет барлық азаматтарының денсаулық сақтау құқығын
қамтамасыз етіп, оған кепілдік беру керек. Жалпы және жан-жақты
денсаулық сақтау және білім беру (біздің пікірімізше, бүгінде бұған
жоғары білім беруді де қосу керек) салаларына әділет немесе қорғаныс
секторы сияқты қарап, оның негізгі функцияларын жекешелендіруге
немесе коммерцияландыруға жол бермеу керек. Екінші жағынан алғанда,
қоғамдық мәртебесі жауапкершілік те жүктейді. Дорфман мен Харел
(2015: 1) айтқандай, «жекешелендіру» шешім
қабылдау процестері мен
азаматтар арасында байланысты үзеді, сондықтан саясатқа атсалысу мен
оның астарында жатқан ортақ жауапкершілік түсінігін құлдыратады.
Мысалы, қазақстандық БАҚ пен әлеуметтік медиадағы көп материал
мен постта «СК-Фармация» компаниясы мен Әлеуметтік сақтандыру
қоры жұмысының сын көтермейтіні жазылып, ондағы басшылардың
пандемия сияқты төтеше жағдай кезінде негізсіз материалдық пайда
тапқаны (немесе мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын нашар
атқарғаны, қаржыны талан-тараж еткені туралы оқиғалар) әшкереленді.
Халықтың наразылығын тудырған бұл проблемаларды шешу үшін жүйелі
және түбегейлі трансформация қажет. Мұндай түбегейлі трансформация
неолиберализм қағидаларының әлеуметтік-демократиялық, адам
құқықтары сақталатын баламасына негізделіп, осыларға сай жоспарлануға
тиіс (ол әсіресе денсаулық сақтау және білім беру салаларына қатысты).
Егер денсаулық
сақтау саласы қоғамдық болса, мемлекеттік
қызметкерлердің шешімдерін толықтай азаматтардың мүддесі үшін
жасалған шешім деуге болады. Соның нәтижесінде азаматтардың саясатқа
араласу белсенділігі артады. Алайда жекешелендіру шешім қабылдау
процестері мен азаматтар арасында байланысты үзетіндіктен, саясатқа
атсалысу мен оның астарында жатқан ортақ жауапкершілік түсінігін
жояды (Dorfman & Harel, 2015: 1-2).
Либералдар, өз кезегінде, адамның еркіндік пен бостандықтарын
қорғау дегеннің қоғамдық денсаулық сақтау мен білім беруді қабыл
алмауды білдірмейтінін түсіну керек. Қайта керісінше, ол халықтың
қауіпсіздігі пен абыройлы өмір сүру құқығының қамын жеуден туындайды
және ол мемлекеттің ең қымбат капиталы – халқын қорғауды білдіреді.
Неліктен қорғаныс ісіне жұмсалған қаржы еркіндікке қарсы емес те, ал
жалпыға бірдей қоғамдық денсаулық саласына қаржы жұмсау еркіндікке
қарсы? Томаски (2020) айтқандай, қазір әсіресе либерал саналы адам
құқықтарын зерттеушілер мен белсенділердің
неолиберализм қолданған
«жекешелендіру» және «коммерциялизация» концепцияларына қарсы
философиялық шабуыл жасайтын кез келді. Томаски (2020) логикасын
қолдансақ, адамның еркіндік пен бостандықтары қағидасы және оның
интерпретацияларын денсаулық сақтау құқығын коммерцияландырып,
денсаулық сақтау саласын «тауар» еткісі келетін неолиберал әрекеттерге
129
қарсы қолдануға болады. Біздің еркіндігіміз өзге адамдарға зиян келтіруге
қолданылмауы керек. Адамдардың денсаулығын сақтауына аса маңызды
денсаулық сақтау саласын коммерцияландыратын жеке кәсіпкерлік өзге
адамдардың денсаулығына зиянын тигізеді деуге болады. Себебі адамның
өмірі мен денсаулығына қатысы бар көмек алуын коммерциялық негізге
тұрғызады.
Еркіндік дегеніміз – денсаулық сақтау секторын коммерцияландырып,
оны табысты максимумға жеткізу құралына айналдыру арқылы көптің
денсаулық
сақтау құқығын шектеу, оны қолжетімсіз қылуды білдірмесе
керек. Денсаулық сақтау саласын коммерцияландыру миллиондаған
адамды қинап, олардың денсаулығын құртып, тіпті өмірден өтуіне
жеткізеді. Себебі олардың қалтасы медициналық қызмет немесе
препараттарды алуды көтермейді. Оған қоса, мемлекетке өзінің басты
функцияларының бірі – халық денсаулығын сақтау ісін қысқарту, тіпті
оны тәрк етуге тура келеді.
Денсаулық сақтау жүйесін неолиберал капитализм линзасы арқылы
бюджет ақшасымен табысты максимумға жеткізуші құрал ретінде
көретіндер – адам құқықтарын бұзушылар. Неолиберал капитализмнің
таралуының ең қауіпті салдары халықтың құлағына экономика мен
саясатта, тіпті адам өмірінде мораль мен этикаға орын жоқ деген ойдың
құйылып қойылғанында болса керек. Алайда Сангера мен Сатыпалдиева
(2020b: 2) атап
көрсеткендей, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар
саласының ғалымдары, бақуаттық, заңдылық пен әділдікке қатысты баға
бермей тұра алмайды.
Қазақстан қоғамы мен интеллектуалдары адам құқықтары, адамның
денсаулығын сақтау құқығы, әділдік, әлеуметтік әділдік, әлеуметтік этос,
қоғамдық мораль, ортақ игілік сияқты мәселелер мен концепциялар
дискуссиясына белсендірек атсалысуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: