Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет57/165
Дата25.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#182455
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

Жалпы материалдар
Бұдан бұрын айтылып өткендей, қазақстандық медиа Қазақстан 
қоғамындағы қайшылықты проблемаларды көтере бермейді, елдің 
БАҚ бостандығы индексінде өте төменгі орында екені алдыңғы 
сегментте жазылды. Бұл медиа контент анализі нәтижелерінен жақсы 
көрінді (COVID-19-ға қатысты және қатысты емес жарияланымдардың 
екеуіне де куалитатив сүзгі қойылды). Жалпы алғанда, қазақстандық 
медиаматериалдардың 23% пайызы ғана негатив контент/месседж түріне 
жатады (мысалы, түрлі әлеуметтік проблемалар, олардың салдарын 
талқылау, ықтимал себебі мен алдын алуды талдау). Ал материалдары 
сарапталған шетелдік БАҚ-та бұл көрсеткіш 72 пайызды құрайды.
Бұл алшақтық нені білдіреді? Негатив месседжді контент үлесінің 
жоғары болуы әлгі медиа елдің халықаралық имиджін түсіргісі келеді 
дегенді білдірмейтінін атап өткен жөн. Қайта керісінше, түрлі әлеуметтік 
мәселелерді талқылайтын материалдар санының жоғары болуы – елдегі 
салауатты медиамәдениет белгісі. Яғни медиаұйымдар өз аудиториясына 
көбіне сараптама контентін ұсынып, олардан туындаған мәселені/
проблеманы және оны шешудің жолдарын белсендірек талқылауға 
итермелеуге тырысады.
Әдебиетке шолу нәтижесіне сүйене отырып, қазақстандық 
медиадағы негатив месседжді контент үлесінің аз болуының бір себебі 
– медиаұйымның ішкі проблеманы халықаралық аудиторияға көрсетуді 
қалауы деуге болар еді. Оның орнына қазақстандық БАҚ-тың шет елдердегі 
проблемалар мен мәселелерге көп фокус жасауды жөн көретінін контент-
анализ нәтижесі көрсетті. Шет елдердегі өзгерістер туралы негатив 
сарында жазу бүкіл сарапталған кезеңге тән тренд болғанын 2-сызбадан 
көруге болады. Ондағы мақсат оқырманның көңілін Қазақстандағы 
нақты проблемаларды (нақтылай айтқанда, COVID-19 дағдарысы 
контексінде, келесі тақырыпшаны қараңыз) бағалаудан бұрып әкету 
болуы мүмкін. Мысалы, шетелдік медиада ішкі және халықаралық саяси 
проблемалардың (мысалы, Қазақстан-Қытай қарым-қатынасы, саяси 


146
және азаматтық белсенділердің қамауға алынуы т.б.) екеуі де жазылады, 
бұл қазақстандық медиаға тән емес. Қалай болғанда да, қазақстандық 
БАҚ мұндай тақырыптарды елеусіз қалдырды (жалпы материалдарында 
да, COVID-19-ға қатысты материалдарында да), оның басты себебі бұл 
тақырыптардың саяси тұрғыда кілтипанды екенінде болса керек.
2-сызба. Қазақстандық БАҚ-тың (The Astana Times, KazakhTV, KazInform) ішкі және 
халықаралық ахуал туралы жалпы материалдарындағы негатив месседж үлестерін 
салыстыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет