Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет54/165
Дата25.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#182455
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

Washington Times
газетінің 
мақаласын 26.06.2020 
The Astana Times
газетінің қайта басуын қараңыз.
18 Қалай болғанда да, бұл мақалада әдіс тиімділігі пысықталмады.


140
and Prat, 2013; Stockmann & Gallagher, 2011; Schatz, 2009). Мысалы, 
ел ішіндегі құралға айналған медиа көбіне пропаганда мен сайлау 
манипуляциясына қолданылады. Дегенмен медианың құралға айналуы 
режимнің сыртқы легитимизациясында маңызды рөл атқарады. (Fauve, 
2015; Schatz, 2008). Бұл әсіресе әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан тиімді 
авторитарлық режимдерге қатысты, олардың ел ішіндегі ахуалы тұрақты, 
бірақ әрдайым ынтымақтасуға қолайлы бола бермеуі мүмкін. 
Қазақстан жағдайында үкімет 1991 жылдардан бері иландырудың 
барлық құралдары, соның ішінде басты коммуникация арналарын тиімді 
түрде монополизация жасап алды (Schatz, 2008; Jaffe, 2006). Медиаарналар 
арқылы Қазақстан өзін ашық, қарқынды дамушы және табысты ел ретінде 
көрсете алады, Фоувтың пікірінше, бұл – «режимнің авторитарлық 
сипатынан айтарлықтай алшақ имидж» (2015: 110–111). Ол сондықтан да 
ел ішіндегі және сырттағы әрекеттер «мемлекеттік ұлттық және ғаламдық 
деңгейдегі легитимдігін ілгерілету құралы ретінде қолданылады» деп 
атап көрсетті (бұл да алдыңғы дереккөзден). Шатцтың айтуынша, кез 
келген салмақты баламалы баян құрастыру (мысалы, Борат) үкіметке 
сыртқы коммуникация тұрғысында үлкен қиындық туғызуының себебі де 
дәл осы. 
COVID-19 пандемиясы жағдайында қазақстандық БАҚ бір мезетте 
әртүрлі бірнеше баянмен бетпе-бет келді, олардың көбі өз сипатына қарай 
позитив бола алмайды. Пандемия мен оның әлеуметтік-экономикалық 
салдарын баспасөзде жазудың оларға кәдімгідей қиындық туғызуының 
себебі де – осы. Бір жағынан алғанда, отандық медиа пандемияның 
негатив әсерін жазуда құлашын кеңге сермей алмайды, себебі олардың 
негізгі функциясы – позитив сыртқы имидж бен режим легитимдігін 
күшейту.
19
Екінші жағынан алғанда, сырттағы тиісті ойыншыларға 
дұрыс мәлімет, нақтылай айтқанда, COVID-19 пандемиясының елдің 
экономикалық жағдайына әсері туралы статистика беру керек. Мұндай 
ойыншылар тізімі туристермен және инвесторлармен ғана шектелмейді, 
оған өзге елдер үкіметтері, халықыралық ұйымдар мен тіпті жергілікті 
экспаттар кіреді. Өзге жайттармен қатар бояма статистиканы жариялау 
және біржақты материал басу инвестордың осы елге қатысты сенімінің 
айтарлықтай құлдырауына апарып соғуы мүмкін (Annamalah et al., 2019: 
14–15), бұл Қазақстан элитасы үшін абсолютті қорқынышты жағдай болар 
еді.
Сондықтан осындай күрделі жағдайда қазақстандық ағышынтілді 
БАҚ қандай ұстаным ұстанғанын анықтау үшін медиаматериалдарға 
салыстырмалы контент-анализ жасалды. 
Cалыстырмалы контент-анализ 
Ілгеріде жазылғандай, кіріспеде берілген гипотезаны сынау үшін 
қазақстандық ағылшынтілді басты үш медиаұйым (KazInform, Astana 
Times және KazakhTV) материалдарына контент-анализ жасау көзделді. 
Белгілі бір тұстарда олардың материалдары Қазақстанда жұмыс істейтін 
халықаралық БАҚ ұйымдары (Azattyq, EurasiaNet) материалдарымен 
салыстырылды. Бұл үш медиа аудиторияны қамту критерийлері 
19 «Шекарасыз тілшілер» ұйымының 2020 жылғы Әлемдік баспасөз бостандығы 
индексінде Қазақстан 154-орында тұр (барлығы 180 орын).


141
бойынша іріктелді, себебі олардың Google сайтында ізделуі бойынша,
20
олар – ағылшын тілінде Қазақстанға қатысты жаңалық өндіретін ең 
үлкен жаңалық генераторлары, KazInform мен KazakhTV («Хабар» беделді 
мемлекеттік жаңалық агенттігінің еншілес компаниясы) телеарнасының 
екеуін де Ақпарат министрлігі тікелей қадағалайды, ал The Astana Times 
газеті жекеменшік медиаұйым саналады (Ministry of Information and 
Social Development of the Republic of Kazakhstan, 2020). KazInform мен 
KazakhTV арнасының басты ерекшелігі – соңғысы өзін «халықаралық 
медиаагенттік» деп таныстырып, көбіне халықаралық жаңалықтарға 
фокус жасайды.
Зерттеуде 2020 жылдың 15 маусымы мен 15 тамызы аралығындағы 
кезеңге фокус жасалады, бұл, 2020 жылдың қазанындағы ахуал бойынша, 
COVID-19 пандемиясының Қазақстандағы ең өршіген кезі (төмендегі 
суретті қараңыз). Ол кезде көп медиа оны «екінші толқын» деп атады, 
себебі одан бұрын да елде COVID-19 жағдайлары орын алған еді (2020 
жылдың мамыр айы).
21
Мақалада да сол кезеңді атауға осы термин 
қолданылады (эпидемиологиялық ерекшеліктеріне мән берместен).
1-сызба. Анализге алынған кезең Қазақстандағы күнделікті анықталған ауруға 
жаңа шалдыққандар саны графикасында визуал түрде белгіленді.
22
Дереккөз: Worldometers (2020), Қазақстандағы 15.02.2020 мен 18.09.2020 
аралығындағы күнделікті жаңадан анықталған COVID-19 вирусын жұқтырғандар 
саны; үкімет ұсынған ДСҰ мәліметі бойынша жасалған.
Бұдан бұрын жазылғандай, зерттеуде белгіленген кезеңде іріктелген 
қазақстандық медиалардағы барлық мақала мен қысқа хабар сарапталып, 
Қазақстанға фокус жасайтын шетелдік медиа материалдарымен 
салыстырылады. Контент-анализді тиімді жасау үшін зерттеуде іріктелген 
20 «Kazakhstan new»/ «Kazakhstan»/ «Kazakh news» тіркестерін енгізгенде.
21 Мысалы, Regnum немесе Deutsche Welle сайттарын қараңыз.
22 Графика сөздері: Ауруға жаңадан шалдыққандар саны, Бір күнде анықталған 
науқас саны, Анализ жасалған кезең. Күнделікті сан, 3 күндік жылжымалы 
орташа сан, 7 күндік жылжымалы орташа сан. Тігінен: коронавирустың 
күнделікті жаңадан анықталған саны.


142
медиалар белгіленген кезеңде онлайн шығарған барлық материалдарға 
арнайы схема қолданылады (төмендегі 1-кестеде берілген). Схемадағы 
әр сүзгі категориясы әр медиаұйымның өз уеб-сайтында қандай контент 
жариялайтынын баян тұрғысынан (мысалы, позитив не негатив) ғана 
емес, қатыстылығы, тақырыбы, жарияланым түрі т.б. тұрғыда жақсырақ 
түсіну үшін қойылды.
Қазақстандық медианың сыртқы коммуникациясын екі перспектива 
тұрғысынан жақсырақ түсіну үшін схема жинақталған жарияланымдарды 
сүзгіден өткізеді. Біріншіден, сонда COVID-19 пандемиясы туралы 
ақпараттың медиада қандай баян аясында берілуінің жалпы ұстанымы 
көрінеді. Екіншіден, ол COVID-19 пандемиясына қатысты тақырыптардың 
дағдарыс кезінде қалай жазылғанын да ашып көрсетеді.
1-кесте. Салыстырмалы контент-анализ схемасы және оның басты сүзгілері 
232425


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет