Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет55/165
Дата25.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#182455
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

Сүзгі
Сүзгі категориялары
Ішкі қатынастарға 
қатыстылығы
- Ішкі, яғни Қазақстандағы жағдай туралы жаңалық.
- Әлемдегі Қазақстан, яғни халықаралық контекстегі 
Қазақстан туралы жаңалық
23
- Шетелдік, яғни, шет ел жаңалықтары.
Пандемияға 
қатыстылығы
- COVID-19 пандемиясына қатысты.
- COVID-19 пандемиясына қатысты емес.
Куалитатив 
контент
- Позитив, яғни позитив даму/жақсы өзгерісті хабарлайды 
немесе оқиғаны позитив түрде көрсетеді (мысалы, COVID-19 
вирусынан сауыққан адамдар үлесінің артуы); сонымен қатар 
фактілі оқиғаларды позитив сарында көрсету.
24
- Нейтрал, яғни қызылтілді куалитатив баян жазылмайды, 
таза фактіге сүйенген хабарлау беріледі (мысалы, 
мемлекеттік қызметкердің бір аймаққа сапары туралы 
қысқа хабар). Әдетте контентте қандай да бір баға беру 
болмайды. 
- Негатив, яғни белгілі бір проблема немесе қоғамдағы 
негатив туралы репортаж (мысалы, COVID-19 вирусын 
жұқтырғандар санының күрт артуы); сонымен қатар 
фактілі оқиғаны негатив түрде беру.
25
23 Халықаралық контекстегі Қазақстан туралы материалды білдіреді (мысалы, 
ҚР министрінің ресми сапар барысында өзге ел министрімен кездесуі). Бұл 
санатқа өзге елдер туралы шетел жаңалығы кірмейді (мысалы, АҚШ немесе 
Үндістанда болып жатқан оқиға туралы қазақстандық материал).
24 Арнайы маңызды сөздер, мысалы, қолдаушы (әрекет) етістіктері немесе 
позитив сын есім/зат есім қолданысы арқылы анықталады (мысалы, 
«Президент қорының жан-жақты қолдауының арқасында Республика 
астанасындағы жұмыс орындары саны тұрақты түрде өсті»).
25 Позитив месседж сияқты, мұны да сыни сипаттағы арнайы маңызды сөздер 
қолданысы арқылы табуға болады (мысалы, «коронавирус жұқтырғандар 
санының қатты өсуі салдарынан көршілес елдерде жастар жаппай жұмыссыз 
қалуда»).


143
Сүзгі
Сүзгі категориялары
Басты тақырып 
(COVID-19 
пандемиясы 
туралы 
жарияланымдарға 
ғана қатысты )
Жарияланымға қарай қолданылады. Tақырыптар жеке 
категория ретінде құрылады (мысалы, COVID-19 вирусынан 
жазылғандар; COVID-19 вирусын жаңадан жұқтыру 
оқиғалары; COVID-19 пандемиясының экономикалық салдарын 
азайту шаралары; COVID-19 пандемиясының экономикаға әсері 
т.с.с.)
Нұсқау материал 
(COVID-19 
пандемиясына 
қатысты 
материалдарға 
қатысты ғана 
қолданылады)
- Нұсқау, яғни COVID-19 пандемиясына қатысты үкімет 
саясатындағы басты өзгерістер туралы ақпарат береді.
- Нұсқау емес, яғни нұсқаулық ақпарат бермейді (мысалы,
қалыпты статистика немесе COVID-19 вирусымен күресуде 
шет елдермен ынтымақтасуға қатысты шаралар).
Жарияланым түрі
- Сараптамалық, яғни белгілі бір проблеманы көрсетеді де, 
оның себебіне үңіліп, ықтимал түсіндірмесін ұсынады.
- Сипаттаушы, яғни өткен шара туралы репортаж, 
сараптама жоқ, мәлімет аз. 
Дереккөз: автор.
Келесі сегментте жиналған мәліметтің негізгі нәтижелері беріледі 
(1-қосымшада бар). Отандық медиа қолданатын баянды халықаралық 
медиа баянымен салыстыруға айырықша фокус жасалады. 
Кейстер
Салыстырмалы контент-анализ нәтижелері қазақстандық БАҚ-тың 
COVID-19 пандемиясы туралы баянының көлденең кесіндісін көрсетеді. 
Ал жекелеген жарияланымды кейс ретінде қарастыру қазақстандық 
медианың мұндай баянды қалай құрастыратыны, баяндаудың, 
хабарлаудың және коммуникация жасаудың қандай әдісін қолданатыны 
жайлы толықтырушы мәлімет береді. Зерттеуші түрлі медиаұйым 
материалдарына салыстырмалы контент-анализ жасау кезінде байқалған 
ең айқын трендтерді көрсету үшін бірнеше мақала мен қысқа хабарламаны 
таңдап алды. Жекелеген кейстерге (яғни мақалалар) терең анализ 
жасалмайды, олар көбіне қазақстандық медианың хабарлау тәсіліндегі 
белгілі бір тренд не ерекшелікті айшықтап көрсетуге ғана қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет