Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет58/165
Дата25.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#182455
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар


Шетелдік негатив (жалпы) 
— 
Отандық негатив (жалпы)
Дереккөз: автор контент-анализ нәтижесі бойынша есептеген (мәлімет 
жарияланым үлесі түрінде көрсетілген).
Жалпы материалдардағы көзге бірден түсетін тағы бір тренд – Сарапталған 
үш медиаұйымның үшеуінде де аналитикалық контенттің өте аз, шамамен 
0,6% төңірегінде болуы (кейбірі тіпті әлгі агенттіктердің өз материалы 
емес, мысалы, Монғолияның MONTSAME агенттігінің «The rule of his 
lordship Coronavirus or COVID-19» (Жоғары мәртебелі коронавирус немесе 
COVID-19 билігі) мақаласын KazInform қайта басқан). Қазақстандық 
медиаұйым жарияланымының орташа көлемі (шамамен) 250–400 сөз. 
Ал шетелдік медиа көрсеткіштері бұл сандардан өзгеше. Шетелдік БАҚ-
тың аналитикалық контенті 24% және жарияланымның орташа көлемі 
(шамамен) 500–700 сөз. 
Ең соңында айтарымыз, сарапталған барлық медиаұйым ішінен 
қазақстандық медиада нейтрал контент үлесі салыстырмалы түрде 
жоғары болып шықты (30%, ал шетелдік медиада 18%). Контент-
анализ негіздемесінде жазылғандай, мұндай нейтрал жарияланым 
саяси қызметке жаңа тағайындалу, түрлі мемлекеттік қызметкер 
кездесулері, жалпы күнделікті жаңалықтар жайында (мысалы, ауа райы 
болжамы, Қазақстанда болып жатқан басты оқиғалар). Әрине, мұндай 
жарияланым керек болғанымен де, оның үлесінің үлкендігі қазақстандық 
медиаұйымдардың қоғамдағы басты проблемаларды талқылауды 
қаламауының тағы бір индикаторы іспетті. Сипаттаушы «нейтрал» 
контентті тым көп шығару нәтижесінде қоғам проблемалары төңірегінде 
бос даңғаза қалыптасуы мүмкін.
COVID-19 туралы материалдар
Қазақстандық БАҚ-тың жалпы медиа материалдары ерекшеліктерін 
сипаттап шыққаннан кейін, енді қазақстандық медианың COVID-19 


147
пандемиясы тақырыбындағы материалдарды қалай жазғаны 
сарапталады. Ол үшін таңдалған бес медиаұйымның COVID-ке қатысты 
барлық жарияланымдарына контент-анализ схемасы сүзгілері (1-кесте) 
қолданылады. Соның нәтижесінде бірнеше қызықты тренд, нақтылай 
айтқанда, материал паттерні мен медиада қалыптасқан баянға қатысты 
үрдістер айқындалды.
Біріншіден, төмендегі екі сызба анық көрсетіп тұрғандай, 
Қазақстандағы ахуалды хабарлауда қазақстандық және шетелдік 
медиаұйымдар ұстанымында өте айқын айырмашылық бар. Қазақстандық 
медианың пандемия туралы материалдары тым «оптимистік» көрінді, 
мұның дағдарыстың ең шиеленісті тұсы сарапталған кезеңде болғанын 
айта кету керек. Негатив месседж саны 28% ғана болса (жалпы материал 
тренді де осындай еді), шетелдік медианың мұндай көрсеткіші 67% болды. 
Бұл – қазақстандық БАҚ-тың пандемияға қатысты басты проблемаларды 
жасырып қалуға тырысуының бірінші индикаторы.
3-сызба. Қазақстандағы COVID-19 ахуалын хабарлаудағы қазақстандық (яғни The 
Astana Times, KazInform, KazakhTV) және шетелдік (яғни Азаттық пен EurasiaNet) 
БАҚ-тың куалитатив контент түрлері үлестері.
Дереккөз: автор контент-анализ нәтижелері бойынша есептеген.
Екіншіден, зерттеуде қазақстандық БАҚ COVID-19 дағдарысы туралы ішкі 
және сыртқы материалдарға әртүрлі стратегия қолдану ықтималдығы 
туралы гипотеза сыналды. Осы мақсатта COVID-19 туралы ішкі және 
сыртқы аудиторияларға арналған жарияланымдар айырмашылығын 
көру үшін қосымша сүзгілер қолданылды. Зерттеуші күткендей, бұл 
гипотезаны материал жарық көрген уақыт дәлелі растады. Белгіленген 
кезең бойы қазақстандық жарияланымдардағы шет елдердегі ахуал 
туралы материалдарды негатив месседж призмасынан талдасақ, шет 
елдердегі COVID-19 туралы негатив материал үлесі ішкі ахуалға қарағанда 
әлдеқайда күшті екенін жарияланым графигі көрсетті (4-сызбаны 
қараңыз). Іс жүзінде мұндай жайт бүкіл сараптама кезеңіне тән.
Бұдан да қызықты жайт бар. Қазақстандағы COVID-19 жұқтырғандар 
саны кульминациясына жеткен шілденің алғашқы жартысында 
қазақстандық БАҚ-тағы пандемияға қатысты ішкі проблема туралы 
хабарлама саны маусым айы соңындағы саннан аз болды. Алайда 
шет елдердегі ахуал туралы негатив материалдар маусым айының 
соңындағыдай күшті күйінде қалды. Мысалы, шілдеде Қазақстанда ауру 
жұқтырудың жаңа сандары туралы хабарламада үнемі Иран, Жапония 


148
(нақтылай айтқанда, Токио), Италия мен АҚШ-тағы COVID-19 вирусының 
тез таралуы немесе одан қайтыс болғандар саны да жазылып отырды. Бұл 
елдердегі вирусты жаңа жұқтырғандар саны туралы хабарламаға қасақана 
ниет мотивация болды деуге дәлел жоқ болса да, қазақстандық медианың 
Қазақстанның іргелес көршісі немесе серіктесі емес, кездейсоқ таңдалған 
осы елдердегі COVID-19 ахуалына белсенді қызығушылық танытқаны 
біртүрлі күмәнді көрінеді. Жалпы алғанда, қазақстандық медиа өзге 
елдердегі ауруды жаңа жұқтырғандар санын ел ішіндегі ауруды жаңа 
жұқтырғандар саны сияқты белсенді хабарлап отырды (детальды 
мәліметті 4-кестеден табасыз).
4-сызба. Қазақстандық БАҚ-тың (The Astana Times, KazakhTV, KazInform) COVID-19-
ға қатысты ішкі және ахуал туралы жарияланымдарындағы негатив месседж 
үлестерін салыстыру
— 
Шетелдік негатив (жалпы) 
— 
Отандық негатив (жалпы)
Дереккөз: автор контент-анализ нәтижесі бойынша есептеген (мәлімет 
жарияланым үлесі түрінде көрсетілген).
Түрлі медиаұйымдардағы COVID-19-ға қатысты жарияланымдарды 
тақырып бойынша жіктеу контент-анализ барысында анықталған 
кейбір материал тақырыбына тән трендтерді жақсартуға көмектеседі. 
Төмендегі кестелерде (4-кесте және 5-кесте) қазақстандық және шетелдік 
медиаұйымдардың COVID-19-ға қатысты материалдарында ең жиі 
кездесетін 10 тақырып берілген. 
4-кесте. Қазақстандық БАҚ-тағы COVID-19-ға қатысты материалдарда ең жиі 
кездескен тақырыптар жіктемесі (медиаұйым бойынша)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет