Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж


COVID-19 ПАНДЕМИЯСЫ КЕЗІНДЕ ҮКІМЕТ



Pdf көрінісі
бет61/165
Дата25.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#182455
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

COVID-19 ПАНДЕМИЯСЫ КЕЗІНДЕ ҮКІМЕТ 
ӨТКІЗГЕН БРИФИНГТЕР КОНТЕКСІНДЕГІ 42 500 
ТЕҢГЕ ДИСКУРСЫНДАҒЫ СӨЙЛЕУ ӘСЕРІНІҢ 
ПРАГМАТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ МЕН ЖЕТІСТІГІ
Анна Климченко
Кіріспе 
2020 жылғы наурыздың орта тұсынан бастап, Қазақстан Республикасында 
халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен төтенше жағдай енгізілді. 
Карантин қоғам өмірінің қай саласына да, оның ішінде, еңбек нарығына 
кері әсер етті: шағын және орта бизнес субъектілері жұмысын тоқтатуға 
мәжбүр болып, жүздеген мың қазақстандық қаржылық қиындыққа тап 
болды. «Литер» қоғамдық-саяси газеті «үкімет енгізген карантин мен 
шектеулерден 800 мың кәсіпорынның зиян шеккенін жазған. 1,3 миллион 
компанияның 10%-ы банкрот шегінде тұр» (Мамырханова, 2020).
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 31 наурызда мәлімдеме 
жасап, халықты қолдау үшін төтенше жағдай кезінде табысынан 
айырылғандарға қосымша әлеуметтік төлем тағайындауды тапсырды. 
Әлеуметтік төлемнің сомасы ең төменгі еңбекақы көлемінде, яғни 
42 500 теңге болып бекітілді. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты 
әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, осы әлеуметтік 
төлемді алуға 1 қыркүйекке дейін 2 млн 607 мың өтініш түскен. Басқаша 
айтсақ, тамыздың өзінде 42 500 теңге алуға әрбір жетінші қазақстандық 
өтініш берген. Соңғы жарты жылда халық арасындағы әңгіменің өзекті 
тақырыбы 42 500 теңге дискурсы болып отырғаны таңғаларлық емес.
Осы зерттеу жұмысымызда «42 500 теңге дискурсы» деп «Қазақстан 
Республикасы Президентінің жанындағы орталық коммуникация 
қызметі» ақпарат алаңында тұрақты түрде өткізілетін баспасөз 
конференцияларында министрлердің, Еңбек және халықты әлеуметтік 
қорғау министрлігі өкілдерінің осы әлеуметтік төлемге қатысты талаптар 
мен ережелер туралы мәлімдемелеріндегі саяси дискурсты атаймыз. 
42 500 теңге дискурсының құрылымдық бөлігі саяси дискурстың 
құрылымдық бөлігімен бірдей (бұл жайында мақаланың келесі бөлімінде 
егжей-тегжейлі баяндаймыз). Сондықтан 42 500 теңге дискурсының 
прагматикалық аспектілерін талдаған кезде саяси дискурстың бұрыннан 
белгілі лингвистикалық сипаттарына сүйенеміз.
Соңғы онжылдықта саяси дискурсты зерттеу мәселелері жөнінде 
көп жұмыс жүргізілген (Грачев, 2004; Паршина, 2007; Генералова, 2010; 
Кузьмина, 2011; Халатян, 2011; Семкин, 2012; Никифорова, 2014; Tepavčević, 
2014; Рюкова и Филимонова, 2016; Стригина и Лазарев, 2017; Звада, 2018). 
Осыған қарамастан, 42 500 теңге дискурсының лингвопрагматикалық 
ерекшелігі әлі де толық анықталған жоқ. 


157
Осы зерттеу жұмысымыз Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау 
министрлігі өкілдерінің Орталық коммуникация қызметінде өткізген 
брифингтері контексіндегі 42 500 теңге дискурсының прагматикалық 
ерекшеліктерін анықтауға арналған.
Семкин (2012: 95) «саяси дискурстың мақсаты – аудиторияда белгілі 
бір көзқарасты, пікірді, ұстанымды қалыптастыруға бағытталған әсер» 
деп тұжырымдайды. Осы ұстанымды төтенше жағдай кезіндегі үкімет 
өткізген брифингтерден де байқауға болады: ақпарат астарында қоғамда 
тыныштық атмосферасын орнықтыру әрекеті жатыр. Мемлекеттік билік 
органдарының өкілдері, бір жағынан, халықтың билік өкілдеріне деген 
сенімін бекіту үшін, екінші жағынан, ең кемінде, халықтың қоғамдағы 
көңіл-күйін бақылап отыру үшін және жаппай наразылықты алдын 
ала ескерту үшін халықпен қарым-қатынас деңгейін бағалап отыруға 
мүдделі болу керек. Бұл орайда мемлекет саясатының тиімді екені 42 500 
теңге дискурсы арқылы көрсетіліп отыр. Қазақстандықтардың «Хабар 
24» цифрлы ақпараттық телеарнасының Youtube-тегі арнасындағы 
брифингтер жазбасына жазылған пікірлерді талдау осы дискурстағы 
сөйлеу әсерінің қаншалық сәтті болғанын зерттеуге мүмкіндік берді.
Мақаламыз саяси дискурстың белгілерін сипаттаудан және оның 
42 500 теңге дискурсымен байланысын негіздеуден басталады. Екінші 
бөлімде зерттеудің әдіснамасы баяндалады. Одан кейінгі бөлімде 
талдау нәтижелері көрсетіліп, 42 500 теңге дискурсының прагматикалық 
ерекшеліктері – адресанттың әсері мен перлокутив әсері сипатталған. 
Қорытындыда 42 500 теңге дискурсының осы зерттеу жұмысының 
барысында анықталған ерекшеліктері қысқаша сипатталған және ондағы 
сөйлеу әсерінің жетістігі туралы айтылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет