Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет64/165
Дата25.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#182455
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

Нәтижесі және пайым
Сөйлеу актілері теориясын 42 500 теңге әлеуметтік төлеммен байланысты 
саяси дискурсқа қолдансақ, онда саяси коммуникацияның сөйлеу 
актісінің үш параметрін бөліп көрсетуге болады. Бірінші параметрі – 
сөйлеу актісінде қолданылатын тіл құралы бойынша сипаттайтын локутив 
акті. Локутив параметр тұрғысынан алсақ, акт вербальды сөйлеу арқылы 
жасалды. Екінші параметр – сөйлеу актісін адресаттың мақсаты бойынша 
сипаттайтын иллокутив акті. Бұл саяси коммуникацияда иллокутив 
күш ретінде, басқаша айтсақ, дискурстағы сендіру күші ретінде көрініс 
табады. Өз кезегінде иллокутив параметр екі компоненттен тұрады: саяси 
хабарламаның ақпараттық қырынан (өтінім беруге құқылы азаматтардың 
санаттарын көрсететін ақпаратты беру; төлем нұсқаулығы) және 
реципиентті мемлекеттің халыққа қамқорлық танытатынына, сондай-
ақ төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған азаматтарға қаржылай 
қолдау көрсетуге міндеттенетініне сендіретін аргумент компонентінен 
тұрады. Осылайша Үкімет мүшелерінің саяси хабарламалары ақпараттық-
сендіру сипатында болады. Сендіру сөйлеу актілерінің ақпараттандырушы 
сипатының астарында жасырынып тұрады. Біз талдап отырған дискурста 
иллокутив актілердің комиссивтер (мемлекеттің халыққа көмек 
көрсететініне сендіретіні) және экспрессивтер (мемлекеттің халыққа 
тыныштық пен тұрақтылық сезімін тудыратыны) сияқты түрлерін бөліп 
көрсетуге болады. Осылайша сөйлеу актісінің адресатқа әсері перлокутив 
әсер деп аталатын үшінші параметрмен сипатталады. Бұл параметр 
иллокутив актінің нәтижесіне, тыңдаушының реакциясына байланысты 
болады. Халықты мемлекеттің әлеуметтік көмек көрсететініне сендіру 
арқылы халық арасында үрей тууына жол бермеумен қатар азаматтардың 
мемлекет қамқорлығын, қаржылық тұрақтылық пен қорғауды сезінуін 
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау 
министрлігі өкілдерінің брифингтерінің тиісті перлокутив әсері ретінде 
қарастыруға болады.
Үкіметтің 42 500 теңгелік әлеуметтік төлем тақырыбындағы 
брифингтеріне талдау жасаған кезде, ең алдымен, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет