163
сыз, еңбекақысыз қалды».
• «Біздің деректерімізге сәйкес, бүгінде
3 млн 703 мың адам 4,9 млн
өтінім
берген.
1 790 779 адамға 75,6 млрд теңге
сомасында төлем
тағайындадық».
• «
8 миллион адамнан
өтінім келіп түскен, олардың
4,6 миллионына
төлем
тағайындадық. Оның
40%-ға
жуығы жалдамалы жұмысшы-
лар».
Қазақстандықтар брифингті көрген кезде билік өкілдерінен мемлекеттік
шаралардың қаншалықты тиімді болғанын бағалауға мүмкіндік беретін
нақты дерек естігісі келеді. Мұндай статистикалық
мәліметтерді жариялау
азаматтардың барынша хабардар болуына жол ашады және дағдарысты
еңсере алатынына сенім тудырады.
Жоғарыда айтылғандарға тағы бір назар аударсақ, онда
«біз»,
«біздікі»
есімдіктері
қолданылғанын байқаймыз. Айтып өткеніміздей,
есімдікті қолдану саяси дискурсқа тән нәрсе. Мұндай
әдіс коммуникация
тараптарын жақындатуға және адресат пен аудитория арасында бір-біріне
сенім білдіретін қарым-қатынас әсерін тудыруға жол ашады. Сондай-ақ
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов
сөзінде көбіне
«біз» және «сіз»
есімдіктерін
қатар қолданады:
• «
Біз
былай істейміз:
сіз
өтінімді толтырсаңыз, бірақ
банкте
есепшотыңыз жоқ болса, банктегі есепшотыңыз туралы жолды
толтырмайсыз [...]
Біз
әлеуметтік төлемді тағайындаймыз, бірақ
бізге
банктегі есепшотыңызды хабарлағанша, төлем берілмейді».
• «
Біз
бұл тәртіпке өзгеріс енгіздік. Төлем
сіз
жұмыссыз
ретінде ресми
тіркелген күні тағайындалады».
• «
Сіз
өтінім беріп үлгердіңіз, енді
біз сіздің
банктегі есепшотыңыз
туралы хабарламаңызды күтеміз».
• «
Сіз
еш жерде [ресми] жұмыс істемегенсіз, сондықтан
біз сізді
көре
алмаймыз. Сол себепті
сіз
[өтінім беру үшін]
бір рет бірыңғай жинақ
төлемін төлеуіңіз керек».
Бұл жерде министр тыңдаушылармен байланыс орнатып, мемлекет пен
азаматтардың мақсаты ортақ екеніне, сондай-ақ мемлекеттің халыққа
көмектесуге тырысып отырғанына екпін түсіреді.
Тыңдаушыға бағытталып отырғаны министрлердің
қазақстандықтарға
тікелей үндеу жасағанынан да көрініс тапқан:
• «Әлеуметтік төлемді төтенше жағдай жарияланғанға дейін
төлегеніңізді
өзіңіз жақсы білесіз
. Соңғы 12 айда төлеп келген
болсаңыз, онда қиын емес, өтініміңізді бере аласыз. Себебі
табысыңыздан төтенше жағдайға байланысты айырылып отырсыз».
• «
Өзіңізге мәлім
, Қазақстандағы [дағдарысқа қарсы шаралардың]
жалпы көлемі 4 трлн теңгеден асқан».
• «Иә,
есіңізде болса
, бастапқыда ел Президенті жұмыс берушілердің
баршасын жұмыс орындарын қысқартпауға шақырған болатын...»
• «Болжам жасамауға және [төлемді]
неше адам алатынын немесе
сомасы қанша болатынын алдын ала санамауға тырысайын. Себебі,
есіңізде болса
, өткен жолы 42 500 теңгеден төлем беріледі деп
164
хабарлаған кезде 3 миллионға дейін адам алады деп болжағанбыз,
шын мәнінде, одан бір жарым есе көп болды».
Саясаткерлер өзі мен хабарлама адресаттарының арасын жақындату
үшін
диалог
осы әдісін қолданды. Деминова (2018: 154)
атап өткендей,
«мәтінді диалогтау сөйлеудің мәнін оқырманға жақынырақ жеткізуге,
эмоциялық реакция тудыруға және тыңдаушының назарын аударуға
мүмкіндік береді».
Достарыңызбен бөлісу: