Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж


Қазақстан жаңалықтарындағы дәрігер мен медицина



Pdf көрінісі
бет73/165
Дата25.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#182455
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

Қазақстан жаңалықтарындағы дәрігер мен медицина 
қызметкерлерінің бейнесі
COVID-19 кезінде жаңалық медиасы фотосуреттеріндегі дәрігер мен 
медицина қызметкерлері бейнесі көбіне иллюстратив және шетелге 
тиесілі бейнелер арқылы берілгенін айтуға болады. 
Tengrinews
-тегі 
дәрігер бейнелерінің 41-і сыртқы шетелдік дереккөзден алынып, 
7-інде дереккөз көрсетілмесе, 1-еуін редакция және 10 фотосуретті 
фотограф түсірген. Яғни біздің ой-пікірімізде қалыптасатын дәрігер 
мен медицина қызметкерінің бейнесі – Қазақстан дәрігері бейнесі емес. 
Дәрігерлер көбіне аурухана ішінде бейнеленген, бөлменің тарлығы 
фотосуреттерге басқа мағына үстеуі мүмкін, ал сол фотосуреттердегі 
аурухана палаталарында медициналық аппараттар да өте көп. Бірақ 
ол фотосуреттер елдегі аурухана ішінде түсірілмегендіктен, Қазақстан 
ауруханалары бейнесі де оқырманға шындықтан алыс бейне ретінде 
ұсынылуда. Дәрігерлер, әдетте, екі пациент ортасында немесе 
пациенттер арасында, шаршаңқы күйде бейнеленеді. Сонымен қатар 
дәрігер мен пациент арақатынасындағы теңсіздікті көрсететін көп 
пациент арасындағы жалғыз медициналық қызметкер бейнесі де жиі 
кездеседі. Ал дезинфекторлар тобы бірнеше адамнан құралып, арнайы 
құралдармен көшелерде жұмыс істеп жүрген қалпында көрсетіледі. 
Дезинфектор фотографиялары толығымен жергілікті болмаса да, дәрігер 
бейнесіне қарағанда жергілікті фотобейнелер көбірек. Дәрігерлер мен 
медицина қызметкерлері жиі бейнеленсе де, суреттердің басым бөлігі 
иллюстратив, яғни жаңалықтың өзіне тікелей қатысты емес. Жаңалық 
фотосуреттері дәрігерлерді абстракт образ ретінде ғана көрсетеді. 
COVID-19 жаңалықтарында шынайы дәрігерлер бірнеше жағдайда ғана 
бейнеленді: әлеуметтік медиа арқылы жылап үндеу жасаған шетелдік 
дәрігер видеосынан скриншот; жалған ақпарат таратқан қазақстандық 
дәрігер; адам қайтыс болғанда және «шу шығарғанда», 3 қазақстандық 
дәрігер суреті берілді. Қалған жағдайларда дәрігерлер образ ретінде ғана 
қолданылды десек қателеспейміз. 


181
Сонымен қатар 
Tengrinews
сайтындағы дезинфекторлар бейнесін де 
атап өтуге болады. Олар әдетте жұмыс істеп жатқан кезде бейнеленсе де, 
бірнеше суретте олар топ болып, алдыңғы сапта келе жатқан әскер секілді 
бейнеленсе, редакция фотографының бір суретінде дезинфекторлар 
көзден төмен деңгейден, артында аспан фонында құтқарушы бейнесін 
еске салатындай қалыпта фотоға түсірілген.
Holanews
сайтында фотографиялардың сипаттамасы көрсетілмейді. 
Тек 3 дәрігер суретінде өз логотиптерін қолданып, фотосуреттің 
редакцияға тиесілі екені көрсетілген. Бірақ жаңалықтарда қолданылған 
фотосуреттерді Google Image Search арқылы іздегенде, ішіндегі бірнеше 
фотосуреттен басқасы, шын мәнінде, шетелдік ақпарат агенттіктерінің 
суреттері екені, яғни фотографияда Қазақстандық дәрігерлер мен 
ауруханалар бейнеленбегенін, сол арқылы қайтадан аурухана мен дәрігер 
жұмысы бейнесінің шындыққа жақын картинасы қалыптаспайтынын 
алға тартуға болады. Сайт жаңалықтарында дәрігер нақты адам етіп 
бейнеленген бір жағдай – ауруханаға жаңа директордың келуі (
Holanews
, 5 
сәуір 2020 11:36). Тағы екі жағдайда жаңалыққа тікелей қатысты репортаж 
суреттері қолданылды. Одан басқа бейнелердің барлығы иллюстратив.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет