Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет72/165
Дата25.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#182455
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

Нәтижелер және талқы
Зерттеу нысаны етіп алынған 
Tengrinews
және 
Holanews
ақпараттық 
порталдарындағы жаңалықтардың фотосуреттерін зерделей келе, екі 
сайттың да Қазақстан жаңалықтары бөлімінде таралған ең негізгі бейне 
– дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің және медициналық 
объектілердің бейнесі екенін көруге болады (Кесте-3).
3-кесте. Tengrinews және Holanews жаңалықтарындағы сурет категориялары
Tengrinews
сайтында медицина қызметкерлері мен объектілері бірдей 
көлемді алып тұрса (21 пайыздан), 
Holanews
сайтында медицина 
қызметкерлері жалпы фотосуреттердің ⅓-ін, ал медицина объектілері 18 


179
пайызын алып тұрады. Екі сайтта да негізгі категорияларға жатпайтын 
суреттер жалпы фотосуреттердің шамамен 
1/5
-іне тең (сәйкесінше 20 
және 18 пайыз). Ең аз таралған бейне ретінде 
Tengrinews
сайтында вирус 
бейнесі мен ғылыми зерттеушілерді айтуға болатын болса (2.5 пайыздан), 
Holanews
жаңалықтарындағы ең аз көрсетілген бейне – танымал адамдар 
мен жұлдыздар және ғылыми зерттеушілер (сәйкесінше 4 және 5 пайыз).
Бірақ бұл визуал бейнелер зерттеу мерзімінің 5 айында дәл осындай 
болмаған. 4-кестеде берілгендей, 
Tengrinews
жаңалықтарында медицина 
қызметкерлері алғашқы айларда ең басты бейне ретінде берілсе, 
коронавирус жұқтырғандар саны артқан және қалалар карантинге 
жабылған наурыз айында дәрігерлер мен медицина қызметкерлері 
фотосуреттері күрт азайған. Оның орнына наурыз айында басқа 
категорияға жататын үйлер мен үй жанындағы күзетшілер, полиция 
қызметкерлері, WhatsApp желісі сынды әлеуметтік желілерді бейлелейтін 
иллюстрациялар мен иллюстрациялық суреттер көптеп қолданылған. 
Сонымен қатар наурыз айы – медициналық объект суреттері де көп 
қолданылған уақыт. Қалалар блок бекеттер қойылып жабылған кезде 
медицина қызметкерлері мен дәрігер бейнелерінен көп таралған бейне 
– саясаткер бейнесі. Мұндай суреттер наурыз және мамыр айларында көп 
қолданылды. Мұны жаңалықтардың саясилануынан туған деп топшылауға 
болады. Дегенмен жарияланған жаңалық белгілі бір министрдің 
мәлімдемесі болса да, жаңалыққа министрдің суретіне немесе мәлімдеме 
контекстіне сай келетіндей фотосурет қою – журналист пен редактордың 
шешіміне байланысты. 
4-кесте. Tengrinews сурет категорияларының өзгеру динамикасы (2020 ж.) 
Ал 
Holanews
жаңалықтарында дәрігерлер мен медицина қызметкерлері 
ақпанда аз бейнеленіп, наурыз айында басқа категориядағы бейнелерден 
әлдеқайда көп таңдалған. Саясаткерлер бейнесі наурыз айында өте аз 
көрсетілсе, ақпан айында әдеттегіден көбірек қолданылғанын көруге 
болады. Медициналық объектілер бейнесі де наурыз айында көп 
беріле бастаған. Мамыр айында басқа категорияларға қарағанда көп 
таңдалғандар – «басқа» категориясындағы гуманитарлық көмек суреттері
«қаңырап» қалған қалалар мен көшелер, блокбекет басындағы әскери 
қызметкерлер.


180
d
5-кесте. Holanews сурет категорияларының өзгеру динамикасы (2020 ж.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет