Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет71/165
Дата25.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#182455
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

Материал мен әдістер
Қазақстандағы коронавирус пандемиясы кезіндегі негізгі бейнелерді 
анықтау үшін сандық зерттеу әдісі, оның ішінде сандық контент анализ 
қолданылады. Зерттеу объектісі ретінде күнделікті ақпарат таратын 
Tengrinews
пен 
Holanews
ақпараттық порталдарында қазақ тілінде қаңтар-
мамыр айлары (5 ай) аралығында жарияланған жаңалық фотосуреттері 
талданады.
Зерттеуге алынған 5 ай ішінде 
Tengrinews
сайтында жалпы 1647 
жаңалық жарияланса, 
Holanews
сайтында 1038 жаңалық жарияланды 


176
(1-кесте). Бұл жаңалықтар ішінен зерттеуге сәйкесінше 311 және 210 
жаңалық таңдалды. 
Tengrinews
сайтында жаңалықтың қаралымының саны беріледі, 
арнайы коронавирус жаңалықтарына арналған бөлім бар. Коронавирус 
жаңалықтары бөліміндегі күнделікті жаңалықтардың ішіндегі 5-тің 1-ге 
арақатынасымен, ең көп қаралған жаңалықтар алынды. Яғни күніне 5 
жаңалық жарияланса, ішінен ең көп оқылған бір жаңалық, 10 жаңалық 
жарияланса, ең көп оқылған екі жаңалық таңдалды. Ал 
Holanews
сайтында 
қаралым саны берілмейтіндіктен, коронавирус кілтсөзі арқылы табылған 
5-ке 1 арақатынасында кездейсоқ жаңалықтар таңдалды. Жалпы 
алғанда, кей жаңалықтарда бірнеше сурет кездескендіктен, 
Tengrinews
сайтында жарияланған 311 фотосурет, 
Holanews
сайтында жарияланған 
218 фотосурет зерттелді. Орта есеппен, 
Tengrinews
-тің әр жаңалығында 
1.04, ал 
Holanews
сайтының әр жаңалығында 1.05 сурет қолданылады. Екі 
ақпарат порталынан да зерттеу нысаны ретінде жаңалықтар ғана алынды, 
репортаж бен сұхбаттар немесе журналистік материал дайындаудың 
басқа жанрлары зерттеу объектісі болып саналмайды.
1-кесте. Жарияланған жаңалықтар саны
Фотосуреттер бейнеленген объектіге қарай топтастырылып, 
категорияларға жіктелді (2-кесте). Категориялар өз ішінде жаңалыққа 
тікелей қатысты суреттерді де, сток фотографияны да қамтиды. 
Сонымен қатар категорияларда суреттің өңделу түсі де ескеріледі, 
себебі репрезентацияға фотографияның өңделу түсі немесе табиғи 
жарыққа деген көзқарасы да әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ осы мақалада 
фотографияларды кімнің түсіргенін, қандай мақсатта қолданғанын да 
анықтауға тырысамыз. Категорияларға жіктеу арқылы ең көп таралған 
бейне(-лер) анықталды және 5 ай ішінде жарияланған жаңалықтарды 
талдау сол бейненің өзгеру динамикасын нақтылауға да мүмкіндік берді. 
Категория
Мысалы
Түсіндірмесі
Вирус суреті
Коронавирустың иллюстратив 
немесе микроскоп арқылы түсірілген 
суреттері.
Ғылыми 
зерттеушілер
Лабораторияда тәжірибе жасаумен 
айналысатын немесе ғылыммен 
айналысатын маман ретінде 
көрсетілетін адамның суреті.


177
Категория
Мысалы
Түсіндірмесі
Дәрігерлер 
мен медицина 
қызметкерлері
Бұл категорияға аурухана 
ішіндегі/сыртындағы дәрігер 
киіміндегі адамдардың суреттері, 
дезинфекторлар, жедел жәрдем 
фельдшерлері кіреді.
Медицина 
объектісі
Шприц, тест пробиркасы, микроскоп, 
дәрі-дәрмектер немесе бетперде 
сияқты заттар осы категорияға 
ішінде.
Науқас адамдар
Ауруханада жатқан науқас 
суреттері. Дәрігер мен науқас 
бірге болған суреттерде негізгі 
фокус науқасқа берілсе, «Науқас 
адамдар» категориясына, дәрігерге 
түсірілсе, «Дәрігерлер мен медицина 
қызметкерлері» категориясына 
жатқызылады. Сонымен қатар 
жазылып шыққан адам оқиғасы 
баяндалса немесе аурудың жаңа 
белгілері туралы жаңалықта науқас 
денесінің белгілі бір бөлігі көрсетілсе, 
сол сурет те осы категорияға 
енгізіледі.
Танымал адамдар 
мен жұлдыздар
Жаңалықтың басты суреті ретінде 
танымал адамның немесе жұлдыздың 
суреті алынса, фотосурет осы 
категорияға жатады.
Саясаткер 
(жергілікті/
шетелдік)
Бұл категорияға кез келген 
мемлекеттік қызметтегі шенеунік 
суреті кіреді.
Халық
Көшеде немесе басқа локацияда келе 
жатқан бір немесе бірнеше адам. 
Қарапайым адамның жазалануы немесе 
әлеуметтік медиаға пост жазуы 
нәтижесінде шыққан жаңалық суреті 
де осы категория құрамына енгізіледі.
Басқа
Жоғарыдағы категориялардың ешбіріне 
жатпайтын бейнелер, оның ішінде 
бос көшелер, қызыл таңбалар немесе 
басқа кез келген сурет осы категорияға 
жатады.
2-кесте. Категория сипаттамасы


178
Келесі кезекте фотосуреттерді кімнің түсіргені қарастырылады. Яғни 
суреттерді шыққан тегіне қарай фотограф, редакция немесе сыртқы 
(жергілікті/шетелдік) ресурстар суреті ретінде қарастыратын боламыз. 
Фотосуреттің сипаттамасы көрсетілмей, үстінде лого немесе жазу тұрмаса, 
«көрсетілмеген» категориясына жатқызылады. Фотосуреттердің шығу 
тегі пандемия кезіндегі визуал бейненің шынайы картинаға қаншалық 
жақын екенін анықтауға көмектеседі. Сонымен қатар фотографиялардың 
шынайы оқиға кезінде түсірілгені немесе иллюстратив мақсатта ғана 
қолданылғанын анықтау үшін оларды иллюстратив, иллюстрация, 
адам суреті және репортаж фотографиясы деген түрлерге де бөліп 
қарастырамыз. Бұл да бізге шынайы жағдайға қатысты суреттердің 
қолданылып не қолданылмайтынын, сол арқылы әр адамда қалыптасатын 
бейненің ақиқатқа жақын бола алатынын немесе бола алмайтынын 
талқылауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет