Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж


Елдегі саясаткерлер бейнесі дәрігерлер мен ғылыми зерттеушілер



Pdf көрінісі
бет79/165
Дата25.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#182455
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

Елдегі саясаткерлер бейнесі дәрігерлер мен ғылыми зерттеушілер 
бейнесіне қарағанда көп пайдаланылған.
Жаңалықтар суреттерінде 
дәрігерлер фотосуреттері иллюстратив мақсатта фокусқа алынған ең 
негізгі бейне болу керек еді. Бірақ нақты адамдарды көрсеткенде, көп 
ретте саясаткерлер мен танымал адамдардың бейнесі көп қолданылды. 
Сол арқылы коронавирус пандемиясы кезінде саясаткерлер, оның 
ішінде Денсаулық сақтау министрі, бас санитар дәрігер, Президент 
сияқты тұлғалар басты рөл атқарған тұлғалар ретінде таныстырылды. 
Ал дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің бейнесі қарбалас әрекет 
кезінде ғана, мысалы, науқасқа толы палаталарда, толық жабық киімде, 
көп науқас арасында немесе, керісінше, бір науқасты қарап жатқан үш 
адам бейнесінде бейнеленді. 


187
Науқас адамдар әдетте жасы үлкен адамдар бейнесі арқылы 
қалыптасты.
Жаңалықтарда қолданылған науқас фотосуреттері –
иллюстратив және шетелдік дереккөздерден алынған, адамдардың 
қиналып жатқанын көрсететін суреттер. Ең бастысы, осындай суреттер 
көп ретте қарт кісілердің суреті болып келеді. Сондай-ақ науқас бейнесі, 
біріншіден, аянышты, денесіне ине сұғылып, құралдармен тұмшаланған 
күйде көрсетілсе, екіншіден, науқастанғандардың дені егде кісілер екенін 
мегзеп, ықпал етуге тырысқан. Осылайша ауру бейнесін жастар мен 
жасөспірімдерден алшақтатуға тырысқан болуы да мүмкін.
Карантин шараларын сақтауға байланысты мәлімдемелер мен 
жаңалық суреттері адам бойында қорқыныш тудырар фотосуреттер 
еді. Вирус жұқтырғандар саны көбейіп, үйлер оқшауланып, карантин 
шаралары күшейтілген кезде әскери күштер, полиция қызметкерлері, 
Ішкі істер министрлігі эмблемасы бейнеленген детальдар, толық қара 
киімдегі күзетшілер мен полиция көліктері жаңалық фотосуреттерінде 
жиі қолданыла бастады. Сол арқылы карантин шараларының денсаулық 
пен медицина тұрғысынан емес, адамдарда ортақ қорқыныш ұялату 
тұрғысынан маңызын көрсеткендей болды. Аурухана мен дәрігерлер 
суретіне қарағанда, полиция қызметкерлерінің фотосуреттерінің 
жергілікті болғаны да жаңалыққа фотосурет таңдаудағы мәселені 
көрсетеді: қорқыныш ұялатуға күнделікті көре алатын бейнелер 
қолданылып, сол арқылы бейненің шындыққа жақын екені көрсетілсе, 
ауруды емдеу кезінде елдегі ауруханалардың шынайы жағдайын 
көрсетпейтін палаталар, дәрігерлер мен медициналық жабдықтар 
қолданылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет