Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж


Қарапайым адам және басқа бейнелер



Pdf көрінісі
бет77/165
Дата25.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#182455
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

Қарапайым адам және басқа бейнелер
Қарапайым халық бейнесіне келсек, шетелдіктер мен қазақстандықтар 
арақатынасында маңызды айырмашылық жоқ. Дегенмен пандемия 
басында бетперде таққан шетелдіктер мен шетелдік фотограф түсірген 
бейнелер қолданылса, наурыз айындағы карантин кезінен бастап, 
редакция немесе фотограф түсірген суреттер қолданыла бастаған.
Tengrinews
-тегі жаңалық фотосуреттерінде әдетте көшеде немесе бір 
жерде жүрген бетперде таққан адамдар фотосуреттері, олардың дене 
температурасын тексеріп жатқан фотографиялар берілді. Жаңалық 
контексіндегі суреттер қазақстандық адамдар той жасап жатқан адамдар 
түсірген видеоның скриншоттарымен, супермаркеттегі тауарларды 
жаппай сатып алып жатқан және жабық қаладан шығуға тырысқан топ 
ретінде ғана бейнеленді. Бұл – халыққа қатысты негатив оқиға болған 
кезде, сол оқиғаның суреттері тікелей қолданылып, басқа кезде халық 
бейнесіне иллюстратив мағына берілгеннің көрсеткіші.
Holanews
сайтындағы фотосуреттердің көпшілігінде шетелдік халық 
бейнеленген. Бұл жайт коронавирус бейнесін елден алыстатқандай сезімге 
бөлейді. Жалған хабар таратқан бала мен ана және қазақстандықтардың 
супермаркеттен жаппай тауар алуы кезінде жергілікті және оқиғаға тікелей 
байланысы бар суреттер қолданылды. 
Tengrinews
-те тараған бейнелерге 
қарағанда, 
Holanews
сайтында камераға тіке немесе объективке жақын 
жердегі қарап тұрған адамдар бейнесі көбірек кездесті. 
Пандемия кезінде таралған тағы бір бейне – полиция қызметкерлері 
мен әскерилер бейнесі. Қаладан шығар жолдарға блок бекеттер қойылып, 
үйлер оқшауланған кезде, блокбекет пен оның жанында тұрған қара 
киімдегі адам бейнесі көптеп кездесті. Сонымен қатар халық арасында 
бетперде тағуды қадағалау туралы жаңалықта тікелей қатысты бейне, яғни 
полиция қызметкерінің фотосуреті қолданылса, вирус жұқтырғандармен 
байланыста болған адамдарды «іздестіру» кезінде де полиция бейнесі 
беріліп отырды. Полиция мен әскерилер фотосуреттері де, саясаткер 
бейнесі сияқты, көбіне Қазақстанда түсірілген және қазақстандық 


185
полицейлер екені анық байқалады. Қолданылған бейнелердің көбінде 
қызметкерлер камерадан алысқа қарап тұрса, зерттеуге кірген ең соңғы 
суретте ғана, блокбекеттердің алынуы туралы жаңалықта полиция 
қызметкері камераға тік қарайды. Екі сайтта да карантин шаралары 
күшейтіліп, қалалардың карантинге жабылатыны туралы мәлімдеме 
жарияланған материалда негізгі фокуста әскери танк бейнеленіп, оның 
арт жағында жедел жәрдем көлігі тұрды. Екеуі бір жерде тұрса да, осындай 
ракурс қолданған фотограф әскер мен танкті алдыңғы планға шығарып, 
жедел жәрдем көлігі мен дәрігерді артқы планға қою арқылы денсаулық 
үшін емес, әскери күштен қорыққаны үшін карантин шараларын сақтауға 
шақыру мағынасын берген де болуы мүмкін. Жалпы алғанда, Қазақстанда 
вирус жұқтырғандар саны көбейе келе, полиция қызметкерлері мен 
көліктері және әскери адамдар бейнеленген фотографиялар да жиі беріле 
бастады және олардың барлығы дерлік Қазақстанда түсірілген суреттер 
еді.
COVID-19 кезінде қалыптасқан тағы бір бейне – бос жолдар, қаңыраған 
көшелер, дүкендердегі бос сөрелер мен бос қалған демалыс орындары, 
сонымен қатар кіруге тыйым салынғанын білдіретін қызыл таңбалар мен 
белгілі бір жерді оқшаулаған сары ленталар.
Holanews
жаңалықтары суреттерінде қалыптасқан айқын бір бейне – 
гуманитарлық көмек бейнесі. Бірақ бұл бейне, бір жағынан, аудиторияда 
жалған пікір туғызу үшін қолданылған бейне болуы мүмкін. Қазақстан 
басқа елдерден гуманитарлық көмек сұраған кезде жолда тізіліп келе 
жатқан жүк көліктері суреті қолданылды, бірақ ол сурет Қазақстанға емес, 
басқа елге келе жатқан көмек. Дегенмен жарияланған басқа 2 жаңалықта 
елге көрсетілген көмекке иллюстратив емес, ұшақтан түсіріліп жатқан 
жәшіктер мен тасып жатқан адамдар, яғни жаңалыққа тікелей қатысты 
репортаж суреттері қолданылды.
Келесі атап өтер жайт – екі сайт қалыптастырған фейк ақпарат 
бейнесі. 
Tengrinews
жаңалықтарында көрнекі құрал ретінде жалған 
ақпарат таратқан адамдар фотографиялары қолданылды. Сондай-
ақ WhatsApp арқылы тараған ақпаратқа министрліктің мәлімдемесін 
жариялағанда, сарымсақ пен телефон суретінен жасалған коллаж немесе 
экранында әлеуметтік медиа беті ашылған қосулы телефон фотосуреттері 
пайдаланылды. Ал 
Holanews
сайтында айтылған хабарламаны әкімдік 
теріске шығарған материалда, фотосурет ретінде бірден фейк деген қызыл 
жазуы бар иллюстрация бейнеленді. Басқа да таралған жалған ақпаратты 
теріске шығару хабарламаларында сурет контенті бірден жаңалық 
контентін көрсетпейді, яғни әкімдікке бағыттала айтылған жалған хабар 
ғана бірден теріске шығарылады.
Сайттарда таралған кейбір фотосуреттер адамдарды адастырып, 
манипуляцияға негіз болуы да мүмкін. Ғалымдардың мәлімдемесі 
жарияланғанда, 
Holanews
сайтында ұшып бара жатқан қолшатыр 
бейнеленеді. Бұл сурет жаңалық контексіне қарама-қарсы. Себебі 
коронавирустың қандай күн райында әлсірейтінін сұрақ түрінде қойған 
тақырыптан кейін бұлтты күн райын бейнелеу оқырманға жауап секілді 
ой тастайды. Бірақ жаңалық контексінің қорытындысы басқаша – вирус 
жылы күн райында әлсіреп, белсенділігі төмендеуі мүмкін. 
Tengrinews
сайтында да жаңалық контексіне сай келмейтін, сондай-ақ жалған 
пікір қалыптастыруы мүмкін фотосуреттер кездесті. Мысалы, балалы 
адамдарға демалыс беру туралы жаңалықта шетелге демалысқа кетуге 
дайындалып жатқан әуежайдағы кішкентай балалар суреті қолданылды. 


186
Бірақ жаңалық демалыс орындарына кету жөнінде емес, ата-ананың 
жұмыстан кезекті демалысына шығуы туралы еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет