Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет87/165
Дата25.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#182455
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

«Еуразия» Бірінші арнасы
Карантин жарияланған кезеңде телеарна эфирінде сарапшылар 97 
рет пікір білдіріп, көпшілігі коронавирус жайлы дезинформация 
тарату тақырыбында сөз қозғаған (28,9%). Екінші ретте журналистер 
сарапшылардан республикадағы экономикалық ахуалдың нашарлап бара 
жатқаны (14,4%) және денсаулық сақтау жүйесінің төтенше жағдайдағы 
қызметі және осы саладағы проблемалар туралы (14,4%) ойын сұраған. 
Телеарна редакциясы коронавирус жайындағы қауесет пен мифтерді 
теріске шығару мақсатымен арнайы жоба жасамай-ақ, бұл мәселені күн 
тәртібіндегі басқа да мәселелер жөнінде хабар таратқанда қамтыған. 
Осы тақырыптың түрлі аспектілеріне қатысты пікір білдіргендердің көбі 
– өзіміздің мамандар, олардың ішінде кімнің эфирге көп шыққанын 
анықтау мүмкін болмай отыр. Арнаға сұхбат берген спикерлер қатарында 
педиатр дәрігер Раушан Құлжабаева, эпидемиолог Манар Смағұл, 
иммунолог Самал Мадиярбек, медицина ғылымдарының докторлары 
Мира Түндібаева, Венера Исраилова, Раушан Қарабаева және Халида 
Шәріпова бар.
Өткен бес ай ішінде «Еуразия» телеарнасының эфиріне шыққан 
мамандар аудиторияны дертке қатысты нақты деректі әлеуметтік 


205
желілерден емес, дәрігерлерден білуге, коронавирустың жоғары 
температураға аса сезімтал, осал екеніне және желкектің коронавирустан 
сақтайтынына сенбеуге, бактерицидті кварц шамдарын көп қолданбауға, 
өз бетіммен емделемін деп, бірнеше медициналық препаратты 
бақылаусыз қолдануды тоқтатуға үндеді. Дегенмен кешкі жаңалықтарға 
шыққан сарапшылар мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тараған 
фейктерге қатысты сол күйі түсініктеме бермеді. Тәуелсіз спикерлердің 
фактілерге негізделмеген деректер келтірген кездері де болды. 
Мәселен, қоғам қайраткері Рүстем Жансейітов тележурналистерге 
Қазақстанда коронавирусты, негізінен, балалар тасымалдап 
жұқтыратынына сенімді екенін мәлімдеген (Евразия, 2020a). Иммунолог 
дәрігер Рафаил Розенсон болса, коронавирустың салдарынан ерлер 
белсіздікке душар болады деген дәлелсіз пікір айтқан (Евразия, 2020b). 
Телеарна эфирінде реабилитолог дәрігер Айна Бакееваның отандық 
медициналық мекемелерде коронавирусқа шалдыққан науқастарды 
емдеудің тактикасы дұрыс емес деп айтқаны бар вирустық бейнежазбаның 
үзіндісі де көрсетілген (Евразия, 2020c). Көп тараған, кейін прайм-
тайм кезінде көрсетілген тағы бір видеоның кейіпкері – ресейлік 
тележүргізуші Елена Малышева. Оның айтуынша, коронавирус балаларға 
қауіпті емес (Евразия, 2020d). Телевизия мамандары экстрасенс Виктор 
Александровскийге де ерекше назар аударды, телеарна эфиріне шыққан 
ол бұл дағдарыс ұзаққа созылады және коронавирус вакцинасы жуырда 
шықпайды деген (Евразия, 2020e).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет