Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж


ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНТЕРНЕТ ПОРТАЛДАРЫНДАҒЫ



Pdf көрінісі
бет90/165
Дата25.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#182455
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНТЕРНЕТ ПОРТАЛДАРЫНДАҒЫ 
COVID-19 ДИСКУРСЫ: ДЕЗИНФОРМАЦИЯ МЕН 
МИСИНФОРМАЦИЯ 
Айдана Тлеулесова
Біз пандемияға ғана емес, 
инфодемияға да қарсы күресудеміз.
Жалған мәлімет вирустан да тез
таралады, мұның да қаупі 
айтарлықтай.
Тедрос Аданом Гебрейесус
ДДСҰ Бас директоры 
Кіріспе
Коронавирус пандемиясы тұсында бұқаралық ақпарат құралдарына 
(БАҚ) жүгінетіндер саны артып келеді. БАҚ күнделікті өмірдегі маңызды 
бірден-бір ақпарат көзіне, сондай-ақ әлеммен байланысқа шығу құралына 
айналды. Интернет пен БАҚ-тың адам өміріндегі оң әсері төңірегінде 
ұзақ әңгімелеуге болады, дегенмен БАҚ ықпалды күш бола тұра, қасақана 
болсын-болмасын, жалған мәлімет тарату, ақпаратты бұрмалау арқылы 
қоғамды адастыруы, осылайша оқырмандардың айналадағы оқиғалардан 
хабардар болу деңгейіне әсер етуі де әбден мүмкін. Бұл зерттеудің мақсаты 
– Қазақстандағы мемлекеттік емес интернет порталдардағы COVID-19-ға 
қатысты орыстілді дискурсты мұқият талдау арқылы астыртын сөз байласу 
теорияларын (конспирологиялық теориялар) және дезинформация мен 
мисинформация болуы ықтимал жайттарды анықтау.
Дезинформация (мисинформация) – қазіргі қоғамның жаһандық 
проблемасы. Түрлі айла-амал арқылы аудиторияға өз ықпалын жүргізуге 
мүдделі тараптар интернеттің шексіз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, 
адамдар арасында күдік, үрей сезімін тудыруға, нәсілшілдікті қоздыруға 
бағдарланып не сапасы мен түпкі мақсаты күмәнді өнімдерді сатуды 
көздеп, жалған ақпарат (фейк жаңалықтар) немесе спам жасайды. 
Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутеррештің 
айтуынша, «цифрлық әлемнің жағымсыз, қараңғы тұсы» – ақырзаманның 
бір белгісі (Жаңа Өсиетте аталатын Заманақырдың төрт салт аттысының, 
яғни ақырзаман хабаршыларының бірі). Бұған қоса, Гутерреш жаңа 
технологиялар алауыздық тудыру, фейк тарату және басқа да қылмысты 
іске асыру үшін қолданылуда дейді (UN, 2020).


214
Бір өкініштісі, БАҚ пен интернет-порталдар ұдайы сенімді ақпарат 
тарата бермейді. Бреннан мен басқа да зерттеушілердің (Brennan et al., 
2020) пайымынша, пандемиямен байланысты дезинформация қоғам 
саулығына нұқсан келтіруде. Сонымен қатар көптеген зерттеу нәтижесі 
көрсеткендей, дүниежүзінде COVID-19-ға қатысты жалған ақпарат 
таратқанына БАҚ жауапты (Russonello, 2020).
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) бұрын мәлімдегендей, 
COVID-19 төңірегіндегі «инфодемия» және конспирологиялық теориялар, 
алыпқашпа әңгімелер мен мәдени стигмалар вирус сияқты тез таралып, 
өлім-жітімнің, сырқаттардың көбеюіне негіз болып отыр. Зерттеу 
авторларының сөзінше, жалған деректің құрбаны болған адамдардың көбі 
сенімді медициналық ақпарат болып көрінген ақыл-кеңестерге иланған. 
Мысалы, инфекцияның алдын аламыз деп, шамадан тыс сарымсақ жеген 
не дәрумен ішкендер де болған екен. Зерттеушілер мұндай әрекеттер 
денсаулыққа зиян келтіреді дейді (BBC, 2020). 
Американың тропикалық медицина және гигиена журналында 
жарық көрген бір зерттеуде (Islam et al., 2020) әлеуметтік желілердегі 
коронавирус туралы жалған ақпараттың салдарынан 5800-ге жуық 
адамның науқастанып, ауруханаға түскені айтылады. Көп адам метанол 
немесе құрамында спирті бар тазартқыш сұйықтар ішіп көз жұмған. 
Олар бұл өнімдер вирустан қорғайды деп сенген. Осы ретте нақты қанша 
адамға нұқсан келгенін біле алмауымыз да мүмкін, өйткені, мәселен, 
Иранда метанолдан уланып өлгендер саны көп деп айтылғанмен, мұндай 
деректерді тексеріп біле алмайсыз.
Сол себепті бұл зерттеудің мақсаты – қазақстандық веб-порталдарда 
осы тақырыпқа қатысты дезинформация мен мисинформацияның бар-
жоғын тексеру. Негізгі зерттеу сұрақтары мыналар:
1) Коронавирус пандемиясының инфодемияның өрістеуіне жағдай 
туғызғанын қалай түсіндіруге болады? 
2) Жалған ақпарат неге тез таралады? 
3) Дезинформацияның алдын алудың жолдары бар ма? 
4) Қазақстандық медиа-құралдарда не басым: мисинформация ма 
әлде дезинформация ма? Бұған не себеп?
Біз жүргізген зерттеудің міндеті – Қазақстанның веб-платформаларында 
жалған, күмәнді мәліметтің таралуына жол бермеу, аталған интернет-
платформалардың жауапкершілігі мен жұмыс сапасын арттыру, 
Қазақстан азаматтарын БАҚ-тағы ақпаратқа сын көзімен қарауға баулып, 
медиасауатын арттыруға үлес қосу.
Эпиграф ретінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) 
бас директоры Т.Гебреисустың 2020 жылы ақпан айында айтқан 
сөзін келтірдік. Ол инфодемияны, яғни пандемия кезіндегі жалған 
ақпараттың таралуын тілге тиек еткен. Айта кетерлігі, мұндай жағдайда 
дезинформацияның тақырыбы ғана өзгеріп отырады (коронавирус, Эбола 
безгегі, президент сайлауы, саяси төңкерістер, ғаламдық жылыну немесе 
әлдебір әкімнің ауысуы, мектептерді жабдықтау, бетперде тапшылығы 
сияқты дүниежүзілік сипатқа ие емес жергілікті оқиғалар).
Халықты жаңылыстыратын ақпарат тарату үрдісі бізге таңсық емес. 
Сонау Кеңес Одағында жалған ақпаратқа қарсы тұруды емес, керісінше, 


215
әдейі фейк жаңалықтар жасап таратуды көздеген үгіт-насихат жүйесі 
болған (Manning & Romerstein, 2004). Бүгінде үндеу мен дезинформацияға 
қарсы күресіп жүрген көптеген институт бар. Олар ақпараттың сенімді 
немесе сенімсіз екенін және оның бастапқыда қайдан шыққанын тексеріп, 
мұқият талдайды. Бұл жоба аясында Қазақстан қоғамының медиасауатты 
болуына кішкене болса да үлес қосып, шынайы ақиқатқа жақындату 
мақсатымен дезинформацияны (мисинформацияны) анықтауға 
талпыныс жасадық.
Мақала мазмұны былай құрылған: кіріспе бөлімде зерттеу мәселесі, 
мақсаттары мен міндеттері көрсетіліп, дезинформация мен COVID-19 
дискурсына қатысты әдебиеттерге шолу жасалған. Келесі бөлімде зерттеу 
және деректерді талдау әдістерінің жан-жақты сипаттамасы беріліп, 
талдау нәтижелері, материалдары мен құралдары, сондай-ақ шектеулері 
сөз болады; осыдан кейін зерттеу нәтижелері таныстырылып, берілген 
нәтижелердің қайдан шыққаны түсіндіріледі. Қорытынды бөлімде БАҚ-
тағы дезинформацияның таралу себептері айқындалып, жалған ақпаратқа 
қарсы тұру жөнінде ұсыныстар, осы зерттеудің қоғамға тигізетін пайдасы 
туралы айтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет