204
деректерде қате мәліметтің болуы» сияқты сұрақтарға да қатысты нақты
түсініктеме берген.
Инфодемия туралы сюжеттерді әзірлеген журналистер көбіне
Дмитрий Еделев деген сарапшының пікіріне (барлық 41 түсініктеменің
8-і) жүгінген. Әуелде бұл спикерді «Здоровье нации» («Ұлт саулығы»)
атты ұлттық жобаның президенті деп, кейін жай ғана медицина
ғылымдарының докторы деп таныстыратын болды. Еделев мырза – Ресей
Федерациясының азаматы, Мәскеудегі медициналық орталықтардың
бірінің жетекшісі.
Вирустық сипаттағы хабар тарату жайлы тағы бес сюжетте отандық
эпидемиолог ғалым Сәкен Әміреев қалыптасқан жағдайға байланысты
пікір айтқан. Бұл маман академиялық ортада танымал, оны «Қазақстандағы
эпидемиология мектебінің негізін қалаушы» деп санайды (Kaznmu,
2020). Сондай-ақ журналистер Перуза Арықова, Динагүл Баешева,
Ләззат Ералиева сынды инфекционистер мен медицина ғылымдарының
кандидаты Рафаил Қыпшақбаевтың пікірін келтіріп, дәйексөз берген.
Айта кетер жайт, КТК телеарнасының эфирінде сөз сөйлеген
сарапшылардың конспирологиялық теорияларға сілтеп, расталмаған
деректер келтірген кезі көп болмады. Мысалы, 8 мамырда шыққан
сюжеттердің бірінде ОСА қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Руслан
Лазутаның коронавирус туралы: «Бір топ адам қас пиғылмен астыртын
сөз байласқан. Олар Жерді «бір тазартып» алуға бел байлағанға ұқсайды»,
– деп айтқан сөздері келтірілген (Криштоп, 2020). Басқа бір сюжетте
жоғарыда аталған Еделев мырза далада бетперде тағып жүрудің қауіпті
екенін жеткізуге тырысқан: бұл адамның тыныс алуына кедергі келтіріп,
өкпеде инфекциялық аурудың пайда болуына әкеп соғады-мыс (Поляница,
2020). Шын мәнінде, дәл осындай жағдай болмас үшін ДДСҰ бетпердені
дене шынықтыру жаттығуларын жасаған кезде ғана тақпауға кеңес береді
(WHO, 2020c).
Достарыңызбен бөлісу: