187
Науқас адамдар әдетте жасы үлкен адамдар бейнесі арқылы
қалыптасты.
Жаңалықтарда қолданылған науқас фотосуреттері –
иллюстратив және шетелдік дереккөздерден алынған, адамдардың
қиналып жатқанын көрсететін суреттер. Ең бастысы, осындай суреттер
көп ретте қарт кісілердің суреті болып келеді. Сондай-ақ
науқас бейнесі,
біріншіден, аянышты, денесіне ине сұғылып, құралдармен тұмшаланған
күйде көрсетілсе, екіншіден, науқастанғандардың дені егде кісілер екенін
мегзеп, ықпал етуге тырысқан. Осылайша ауру бейнесін жастар мен
жасөспірімдерден алшақтатуға тырысқан болуы да мүмкін.
Карантин шараларын сақтауға байланысты
мәлімдемелер мен
жаңалық суреттері адам бойында қорқыныш тудырар фотосуреттер
еді. Вирус жұқтырғандар саны көбейіп, үйлер оқшауланып, карантин
шаралары күшейтілген кезде әскери күштер, полиция
қызметкерлері,
Ішкі істер министрлігі эмблемасы бейнеленген детальдар, толық қара
киімдегі күзетшілер мен полиция көліктері жаңалық фотосуреттерінде
жиі қолданыла бастады. Сол арқылы карантин шараларының денсаулық
пен медицина тұрғысынан емес, адамдарда
ортақ қорқыныш ұялату
тұрғысынан маңызын көрсеткендей болды. Аурухана мен дәрігерлер
суретіне қарағанда, полиция қызметкерлерінің фотосуреттерінің
жергілікті болғаны да жаңалыққа фотосурет таңдаудағы мәселені
көрсетеді: қорқыныш ұялатуға күнделікті
көре алатын бейнелер
қолданылып, сол арқылы бейненің шындыққа жақын екені көрсетілсе,
ауруды емдеу кезінде елдегі ауруханалардың шынайы жағдайын
көрсетпейтін палаталар, дәрігерлер
мен медициналық жабдықтар
қолданылды.
Достарыңызбен бөлісу: