Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет68/165
Дата25.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#182455
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

2
Перлокутив салдары
93
Талдау жүргізілген пікір саны
478
Алдымен, комиссивтердің перлокутив актілерге қаншалықты сай екеніне 
тоқталайық. Министрлер мен вице-министрлер баспасөз конференциясы 
барысында әлеуметтік төлем алу механизміне бірнеше рет тоқталды. 
Демек, жоспарланған перлокутив әсер қазақстандықтарды мемлекеттің 
қолдайтынына сөзсіз сендіру еді деп болжауға болады, әйтсе де пікірлерді 
талдаудың нәтижесі керісінше болып отыр:
• «Бәрі тек айтып жүр, бірақ сол 42 500 теңгені әлі ешкім алмаған».
• «Сол төлемді маған бірінші ретте де, екінші ретте де бермеді».
• «Сөйлеген ауызға сене бермеңдер, тек халық тынышталсын деп 
отырғандар ғой».
• «Тағы алдап отыр».
• «42 500 теңгені бермеудің жолы өте көп».
• «Бір жарым сағат бойы ешқандай көмек болмайтынын түсіндіріп 
берді».
Комиссивке жазылған 76 пікірдің арасында перлокутив актінің сәтті 
болғанын біреуі ғана көрсетіп тұр: «Бүгін 42 500 алдым, көмектеріңізге 
көп рақмет». Қалған пікірлерге қарап, перлокутив әсері сәтсіз болған 
деуге болады: азаматтардың уәделі төлемді ала алмағаны туралы немесе 
ішінара ғана алғаны жайлы пікірлер көбірек (алса да, төтенше жағдайдың 


167
алғашқы айында ғана алғандар бар). Баспасөз конференцияларын 
көргендер үкіметтің уәдесі әдетте іс жүзінде басқаша орындалатынын 
да айтқан; мемлекет 42 500 теңгені мұқтаждардың бәріне бірдей 
бермейтінін жазған пессимист пікірлер де аз емес; «өтірік айтады» 
деп тікелей кінәлағандар да бар. Пікір айтушылардың мұндай пікірі 
елдегі саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайды ескере отырып 
қалыптасқан: бірінші кезекте халықтың «коррупцияны қабылдау 
индексін» ескерсек, шенеуніктерге сенбейтінін көрсетіп отыр. 2019 жылы 
Transparency International халықаралық ұйымы мемлекеттік сектордағы 
коррупцияның деңгейін бағалай келе, 180 елдің тізімін жасаған кезде 
Қазақстан соның ішінде 113-орында тұрған. Бұл көрсеткіш әлем бойынша 
Қазақстан коррупция көрсеткіші жоғары ел болып саналатынын көрсетіп 
тұр. Халықтың әлеуметтік төлемге ақша бөлуге қатысты реакциясында 
да осы сенімсіздік көрініс тапқан. Халық әлеуметтік көмек көлемінің аз 
болуы мемлекеттің қазынасындағы ақшаның ұрланғанынан деп болжап 
отыр.
• «Осы лауазымына отырғаны үшін берген ақшасын қазақстандық-
тардың бәріне таратып берсе, 42 500-ден көбірек болар еді».
• «Тағы да көп ақша жегісі келіп отыр».
• «Мынау к** ақшаны өзі алып отыр!»
• «Қалай айналдырсам да өзіме көбірек ақша алсам. Паразиттердің 
қалыптастырған жүйесі ғой».
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың 
ағасы Тимуржан Нурымбетовтың пара алғаны үшін сотталғаны да 42 
500 теңге дискрусының прелокутив әсерінің сәтсіз болуына белгілі бір 
деңгейде ықпал еткен. (Бұл да ағасы сияқты өз қалтасына салып отыр. Ұры 
екені көзінен көрініп тұр; Парамен ұсталған ағасын көрсету керек еді).
Ал экспрессивтер сабыр мен қамқорлық сезімінің орнына халық 
арасында алаң мен беймаза сезімін тудырған.
• «ХАЛЫҚ ҚЫРЫЛЫП ЖАТЫР. БӘРІ ДӘРМЕНСІЗ КҮЙ КЕШУДЕ. [...] 
МЕМЛЕКЕТ ҚАЙДА ҚАРАП ОТЫР???»
• «Түсінесіз бе? Ең төменгі мөлшерде еңбекақы аламын. Жұмысқа 
бара жатып ауырып өліп қалсам, ондай жұмыстың не керегі бар деп 
ойлаймын... Тиын-тебен үшін жұмыс істеп жүріп ауырып өлгеннен 
індетті жұқтырмау үшін есікті құлыптап алып жатқан дұрыс па 
екен... бәрібір өлемін ғой, тек құлыптап алып жатсам аштан өлетінім 
болмаса... Шекспирдің болу ма, әлде болмай жоққа айналу ма дегені 
сияқты емес пе?»
• «Меніңше, біздің үкімет індеттен де қорқыныштырақ».
• «Дәріханаға дүкенге барғандай барып жүрміз. Бәрі қымбаттап кеткен, 
кейде тіпті таба алмайсың да. Маска, қолғап, дәрі жоқ. Тамақты 
қайдан табамыз? Енді пневмониядан да, аштан да өлетін болдық. 
Халыққа не істедіңдер?»
Аудитория сезімі жайлы айтқан пікірлер тобындағы 58 пікірдің екеуі ғана 
жоспарланған сөйлеу әсеріне сай келген. Қазақстандықтардың елдегі 
ахуалды негатив лексиканы (Қазақстан кедейлік алдында тұр; аштан 
өлеміз; енді бір ай тірі қалу үшін көшеге шығып сатылу керек шығар...) 


168
қолданып, эмоциямен сипаттаған пікірлерінің маңызы зор. Мұнысы 
мемлекет азаматтарды тыныштандыруға қанша тырысса да, азаматтардың 
торығып отырғанын көрсетіп тұр. Баспасөз конференциясын көрген 
аудитория қамқорлық сезінудің орнына алданғандай және қорлық 
көргендей сезімде болған:
• «Небәрі 42 500 екені күлкілі ғой. Әйтеуір, бұған да көнерміз, бірақ 
бұл да бәрімізге бұйырмайды ғой. Мазақ қой! Осы төлемді алу үшін 
осынша талап қоятын болса, 142 500 бермей ме екен?»
• «Мына брифингті көріп болған соң, басшылар бізге жәрдемақы емес, 
садақа беретіндей сезімде болдым, соның өзін бергісі келмейді-ау. 
Төлемді алу шарттары қорлықпен тең екен, ақшаны да осылай бере 
ме екен.
• «Қысқасы, бұған дейін алмағандар бұдан кейін де ала алмайды. 
Алдауды қашан қояр екен? Төзім де бітті».
• «42 500-ді бәріне беру керек. Неге дейсіз бе? Вирус таңдап жұқпайды. 
Халықты бөліп-жаратындай кім едіңдер? Вирус адам таңдап 
жатпайды, ал сендер үкімет болғасын халықтың денсаулығын 
сақтауға міндеттісіңдер. Хаха, әйтпесе өздерің басқарар халықты да 
таппай қаласыңдар».
Перлокутив салдар немесе жоспарланбаған перлокутив әсер 
тұрғысынан қарасақ, 42 500 теңгені алушылардың тізіміне енбей қалған 
азаматтарда (балаларда, төтенше жағдай жарияланғанға дейін жұмыс 
істемеген зейнеткерлерде, студенттерде, бала күтімі демалысында 
отырған әйелдерде) әділетсіздік көргендей сезім туған:
• «Балам мүгедек [...], өзім де мүгедекпін. Мен де төлем ала алмадым. 
[...] Біз де ҚР заңды азаматымыз. Мына әдістеріңіз тұнып тұрған 
дискриминация және біздің құқығымызды бұзу.»
• «Балаларды неге ойламайды? Бүкіл әлемде балаларға қаржылай 
көмек көрсетіліп жатыр.»
• «Әділдік қайда?»
• «Халықты неге алдайсыңдар? Отбасыңмен 42 500-ге өмір сүре 
аласыңдар ма??? Санап көріңдерші. Дастарқандарың мол, 
тамақтарың дәмді, күнде ет жейсіңдер, ал басқалар ше??? Етті ай 
бойы жемейтін отбасылар бар, балалары дұрыс тамақтана алмай 
жүр».
Алға қойған мақсаттардың корреляциясы мен әсерінің нәтижесі 
болмағасын экспрессивтерден күткен перлокутив әсер де осы секілді теріс 
болған.
Тағы бір маңызды перлокутив салдар адресанттардың қалыптасқан 
мән-жайды мойындамауы еді. Әлеуметтік төлемнің талаптарына 
наразылық ретінде 93 пікір жазылған: 
• «Але, ояныңдар, қарапайым халық жейтін тамақ таба алмай отыр! 
Тиын-тебендеріңді ең болмаса бір рет бәріне берсеңдерші».
• «ҚҰРЫП КЕТКІР 42 500-ДІ БӘРІНЕ БЕРІҢДЕР. [...] ХАЛЫҚҚА 
КӨМЕК БЕРУДІ ТАЛАП ЕТЕМІН, ТАЛАП ЕТЕМІН, ТАЛАП ЕТЕМІН. 
ҚАЛТАЛАРЫҢНАН ТӨЛЕП ЖАТҚАН ЖОҚСЫҢДАР, МҰНЫҢ БӘРІ 
ӨЗІМІЗДІҢ САЛЫҒЫМЫЗ, ӨЗ АҚШАМЫЗ, ЕНДЕШЕ ОСЫНАУ ҚИЫН-
ҚЫСТАУ КЕЗДЕ БӘРІНЕ КӨМЕКТЕСІҢДЕР».


169
• «42 500 миллионымды алдым».
• «Министр, масқара болмашы! Осы 42 500 туралы айтқанда, осынша 
тиын-тебен біреуді құтқарып қалатындай айтады-ау. Министр, 
пиджагыңның жағасындағы төсбелгінің өзі қамбатырақ тұрады 
ғой».
Осы мысалдардан қазақстандықтардың, біріншіден, 42 500 теңгені іріктеп 
беру принципімен келіспейтінін, екіншіден, осы соманың көлемімен 
келіспейтінін байқауға болады. Осы тұрғыдан қарасақ, үкіметтің әлеуметтік 
төлемді алуға кімнің құқылы, ал кімнің құқығы жоқ екені туралы шешімі 
халық арасында мемлекет қабылдаған шараларға теріс баға беруімен 
байланысты әсер тудырып отыр. Әлеуметтік көмекке бөлінген ақшаның 
көлеміне қатысты айтар болсақ, пікір білдірушілер 42 500 теңгені «тиын-
тебен», «құрып кеткір 42 500», «мазақ еткен 42 500», «түкке татымайтын 
тиын», «азын-аулақ» деп атаған және төлемді бұдан көбірек етуді талап 
еткен. 42 500 теңге сөйлеу актісі Қазақстан қоғамында неліктен негатив 
реакция тудырғанының және жоғарыда айтылған қажет емес перлокутив 
салдарды неліктен туындатқанының нақты лингвистикалық факторын 
анықтау қиын, бірақ сәтсіз болғанын сенімді түрде айтуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет