166
тұрақтылыққа кепілдік береді. Басқаша айтсақ, келер шақты қолданған
және тривиалдыққа ие коммуникациялық акт реципиентке эмоционалдық
әсер етуге, атап айтқанда, реципеттің бойында берілген уәденің жүзеге
асатынына сенім тудыруға бағытталады.
Енді 42 500 теңге дискурсындағы сөйлеу әсерінің қаншалықты сәтті
болғанын және онымен қатар жүретін перлокутив әсерін бағалауға
кірісейік. Біз зерттеп отырған дискурстағы иллокутив актілердің әрбір
типінің перлокутив мақсатына анықтама беруден бастайық. Коммиссивтер
қиын-қыстау кезеңде Үкімет көмектесетініне Қазақстан азаматтарын
сендірсе, экспрессивтер тыныштық пен қамқорлық сезіміне бөлеп, әр
азаматтың мемлекет қамқорлығында екенін сезінуіне көмектеседі.
Талдап отырған дискурстағы сөйлеу актілерінің жоспарланған әсерінің
сәтсіз болғанын көрсететін пікірлердің сан жағынан көбірек екенін
1-кестеден аңғаруға болады.
1-кесте. 42 500 теңге дискурсындағы сөйлеу әсерінің жетістік өлшемі
Перлокутив мақсат
тұрғысындағы пікір түрлері
Пікірлердің перлокутив әсері
Пікір саны
Комиссивке реакция
Перлокутив сәтсіз
75
Пелокутив сәтті
1
Экспрессивке реакция
Перлокутив сәтсіз
56
Перлокутив сәтті
Достарыңызбен бөлісу: