Р Е Ф Е Р А Т
Тақырыбы:Жастар Қазақстан халқының бірлігі үшін.
Жоспар
І. Кіріспе
Ассамблея – үлкен істердің ұйытқысы.
II. Негізгі бөлім
Жастар Қазақстан халқының бірлігі үшін.
Бірлігі бар елдің, берекелі тірлігі бар.
III. Қорытынды
Болашақ жастардың қолында.
Павлодар облысы, Ақсу қаласы
№2 жалпы орта білім беру мектебі
7 «Ә» сынып оқушысы Бирманова Айжан.
Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылғалы бері оның Төрағасы, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық күш-жігері көпэтносты еліміздің патриоттық күшін біріктірген жаңа қоғамдық институттың дамуына бағытталып отыр. 1992 жылғы желтоқсан айында өткен Қазақстан халықтарының форумында Елбасымыз еліміздегі бірлік пен келісімнің киелі орны болып табылатын осы Ассамблеяны құру туралы бастаманы көтерген еді. Ол жас тәуелсіз мемлекетіміздің жаңадан экономикалық, әлеуметтік және және саяси негізі қаланып, демократиялық қоғам құруға бет бұрған кезең еді. Қазақстанның ұлттық саясаты барлық этностардың экономикалық және кешенді дамуын, этносаралық келісімді, этностар арасындағы достық пен бірлікті, өзара көмекті ескере отырып дамуда. Іс жүзінде бұл жағдайларды ескермесек, саяси жағынан тұрақты, этносаралық және конфессияаралық келісім орын алған әрі экономикасы дамыған қоғамды құру мүмкін болмас еді.
Сол себептен Елбасымыздың бірлік пен келісімнің Ассамблеясын құру туралы ұсынысын оның саяси даналығы деп есептеймін. Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің атқарған істері арқылы қоғамдық қатынасты қалыптастырудың эволюциялық дамуының жаңашыл үлгісін көрсете білді. Таза қазақстандық саяси жаңашылдықтың нәтижесі іспеттес қоғамдық институттың іс-тәжірибесі мен ұлттық саясатының қазақстандық үлгісін үйренуге көптеген шет мемлекеттерде, атап айтқанда, АҚШ, Қытай, Ресейде үлкен ықылас білдірілуде.
Осы саяси құрылым өзінің жұмыс жасай бастаған кезінен бастап халықтар арасындағы достықты, татулық пен сыйластықты бекітудің құралына айналды. Халықтар достығы деген біз үшін жаңалық емес, оның тамыры бірнеше ғасырлық тарихты құрайды, яғни Қазақстанды мекендеп келе жатқан барлық этностардың тарихында үлкен орын алатын құбылыс болып табылады. Көптеген этностар, соның ішінде күрд халқының өкілдері қазақ даласына сталиндік репрессия кезінде қоныс теуіп еді. Мемлекет құраушы ұлт болып табылатын қазақ халқы күрдтер үшін және осындай қиын жағдайды басынан кешірген басқа да этностың өкілдері үшін қысылған кезде паналайтын сая бола білді. Құшақ жая қарсы алған Қазақтың дархан даласы өзінің қамқорлығына алып, жылуын берумен қатар, біздің ұлттығымызды сақтап қалуға көмектесті. Ашығып, ұлттық намысы тапталып келген этнос өкілдерін қазақ халқы паналатып қана қойған жоқ, олар үшін екінші Отан бола білді, ал осы жерде туып-өскендер үшін ең қымбат, қимас мекенге айналды. Содан бері барлығымыз бірігіп, туған отанымыздай болып кеткен Қазақстан жерін көркейту жолында жұмыла тер төгудеміз. Солай болуы керек те.
Қазақ жерін паналаған күрд халқы Қазақстан Республикасындағы жаңа азаматтық қоғамның дамуына өзүлесін қосып келеді. Оныңбірүлгісі – күрдтердің мектепте немесежоғары оқу орнында қазақша білім алуы болып табылады. Менің қандастарымның үштене кісіме млекеттік тілімізді екінші ана тілім деп есептейді.
Қазіргі таңда күрдтер арасында көптеген ата-аналар өздерінің балаларын қазақ мектептеріне беріп, қазақша білім алуларына ат салысуда. Ассамблеяның өзіне келетін болсақ, оның осы салада тәжірибесі мол, күрдтілінана тілі ретінде үйренушілер үшін жексенбілік мектептер ашып, сол арқылы осы мәселенің шешімін тапқан. Сол сияқты ендігі жердебіз – яғни, ҚХА Кеңесінің мүшелері мемлекеттік тілді үйрету үшін белсенділік танытуымыз керек, әрбір қазақстандық өзінің азаматтық парызын түсініп, мемлекеттік тілде сөйлеуді әдетке айналдыратындай дәрежеге жетуіміз керек. Президентіміз орыс тілін қазақ тіліне қарсы қою қате екенін, бүгінде Қазақстанның этностары өзара орыстілінде сөйлесетіндерін айтты. Осы уақытқа дейін біздің мәдениетіміздің ажырамас бөлігі болып келген орыс тілі ұлтаралық қарым-қатынас тілі болып қалабермек.
Алдағы уақытта өз елімізде, бізге жақын орналасқан шет мемлекеттерде, жалпы бүкіл әлемде этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісін кеңінен насихаттауымыз қажет. Осы мақсатпен ҚХА Хатшылығына Қазақстандағы ұлтаралық келісімнің тәжірибесін кеңінен насихаттау үшін негізгі Еуропа тілдерінде «Қазақстан: бірлік пен келісімнің интегралды мекені (ошағы)» деген атпен арнайы басылым дайындау қажет. Бұл – қазіргі таңдағы ең үлкен әрі маңызды міндет болып табылады.
Бұл өмірде өзгермейтін бір ақиқат бар. Елдің ертеңін ойласақ, ол біздің бүгінгі қам-қарекеттерімізге байланысты болады. Қазіргі жасалып жатқан ұлан-ғайыр әрі жасампаз істердің маңызы мен мағынасы да елдің келешектегі тағдырына қатысты айқындалады.
Туған еліміз Қазақстанның өз тәуелсіздігіне шын мәнінде ие болған 21 жылда экономикалық табыстарға, саяси даму деңгейіне және адамға ең қымбат рухани құндылықтарға қол жеткізгенімізді ауыз толтырып айта аламыз. Бәрі де көз алдымызда өтіп жатты емес пе. Ащының кермек дәмі шығады, тұщының тәтті дәмі болады. Таразы басында біз қандай мемлекет боламыз, қандай жолды таңдап аламыз деген өмірлік мәні зор сұрақ тұрғанда бәріміз де көп ойланып, көп толғандық. Сол тағдырлы кезеңдерде Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әлем дамуының тамырын тап басып, жеке басының ақыл-ойы мен ерік-жігері, алысты болжай алатын саясаты арқасында және өз халқының жаппай қолдауымен өскен елдің биігіне көтерілдік.
Бұл бүгінгі күннің шындығы. Өткенді Құдай да өзгерте алмайды деген сөз бар. Біздің мерзі мөлшем мен аз, атқарылға ністің мөлшерімен ғасырға бергісіз тірлігіміздің бағасын болашақ береді. Міне, осы тарихи тағылымды қарапайым халық та, саясаткерлер де, көзіашық, көкірегі ояу азаматтар да жадынан шығармауы тиіс.
Дәл қазір Қазақстанның маңдайы жарқырап тұрса, оған кімдер ұйытқы болды, кімдер тірек болды деген сұраққа халық қол жеткізген табыстар мен игіліктер тұрғысында жауап беретініне сенемін. Тақыр жерден еш мемлекет қабырғалы елге айналмайды. Халықаралық қауымдастықтан абырой-беделге ие болу да екінің бірінің қолынан келмейтін күрделі мәселе.Тек тәуелсіздік жылдары ғана Қазақстанды жер-жаһан танып, абыройымыз асты. Қазақ деген ұлттың бар екенін, сол ұлттың атауында кең-байтақ жерге ие Қазақстан деген мемлекеттің бар екенін білді. Нұрсұлтан Назарбаев тәрізді заманын іздеген азаматтың көрегенділігі мен парасаттылығы, қоғамды топтастырудағы қабілеттілігі осынау шешуші кезеңде ерекше тарихи рөл атқарды және атқарып келеді. Егер танымалдықты анықтау сипатында “Еліңде кімің бар” деген әлемдік сұрақ туа қалса, Елбасының ірі қайраткерлік тұлғасын атап, мақтанышпен жауап қату елдік өнегесі болар еді. Бұл біле білсек, баға жеткісіз ұлттық абырой, айрықша мемлекеттік мәртебе.
Ахмет Байтұрсынов айтқанын дай, қазақ жоғы ніздеген халық. Ал өткен ғасырларда жоғалған нәрсебізде аз ба? Тәуелсіздіктің тізгіні өз қолымызға тигенде бейне бірқуғыншыдай жоғалтқан нәрсеміздің бәрін тауып, жоғымыздың бәрін тез түгендеп алғымыз келгені рас.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, біз 23 жыл тәуелсіздікте осы күнге дейін өмір сүріп келеміз. Бұрын біз бұл туралы тек армандай алатын едік. Еліміздің ішіндегі достық, бір-бірімізге сенім, басқа этносты барлық адамдарға құрмет, осының барлығы дамуымыздың нәтижесі болып табылады.
Ұлт бірлігін негіздейтін бірінші қағидат - әр азаматтың өзінің ортақ тағдыры мен Отанының - Қазақстан Республикасының - ортақ екенін ұғыну.Біздің ұлттық бірлігіміз, этникалық шығу тегіне қарамастан, әрбір адамның жоғары деңгейде Қазақстанмен және оның болашағымен етене бірігуіне негізделген.Қандай да бір елдің азаматы болу - әр адамның тағдыры. Алайда, адамдар әрқашан таңдау құқығына ие - ал біз өз таңдауымызды жасадық. Біздің таңдауымыз терең дара сипатта, осы таңдау - біздің барлығымызды отандастар етеді. Себебі біздің ортақ еліміз, ортақ отанымыз бар, ол - Тәуелсіз Қазақстан. Тарихи тағдырымыздың ортақтығын түсіну және осы таңдауды түйсіне білу - елдің барша азаматын біріктіретін ең басты негіз.Бір мемлекетте тұрып, өзге елдің заңына бағынып өмір сүру, азаматтың барлық құқығына ие бола отырып, бірақ оның міндеттерін орындамау мүмкін емес. Құқықтар мен міндеттердің мұндай бірлігі біздің тағдырымызды да, болашағымызды да бір арнаға қосады.Ортақ болашағымызды бірлесе қалыптастырмай тағдырласа өмір сүру мүмкін емес. Тәуелсіздік алғаннан соң біз өз мемлекетімізді бірлесіп құруға тарихи мүмкіндік алдық. Содан бергі жылдарда біз, бәріміз, күшті, қуатты, заманауи мемлекет құру жолында бірге еңбек еттік. Елдің егемендігі, оның территориялық тұтастығы, қауіпсіздігі, экономикалық дамуы, қоғамдық келісімі - біздің бірлескен еңбегіміздің нәтижесі.
Сондықтан біз, бәріміз, бір Отанның ұлдары мен қыздары екендігімізді, ал біздің Тәуелсіздігіміз - сан ұрпақтың орындалған арманы, халқымыздың ерен еңбегінің, ерлігінің және ерік-жігерінің жемісі екендігін әрқайсымыз түсінуге тиіспіз. Тәуелсіздік пен байырғы қазақ жерінде құрылған мемлекеттілігімізді дамыту - біздің басты құндылығымыз болып табылады.
Жаңа тарихи кезеңде мемлекетіміз Қазақстанға өзінің асқақ есімін берген қазақ халқының алдында ұлтты ұйыстырудың алтын діңгегіне айналу жөнінде жаңа тарихи миссия тұр. Жаңа тарихи жағдайда қазақ халқының алдында жаңа тарихи парыз тұр.
Қазақстан тағдыры үшін, өткен ата-бабалар мен болашақ ұрпақ алдында, қазақ халқы - басты жауапкер. Сондықтан да біздің ілгері өркендеп, теңдес және дамыған елдердің қауымдастығына қадам басамыз ба, әлде өткен даңқты жолымыздан жұбаныш тауып, өкпе мен өкінішке көміліп, тарих қалтарысында қаламыз ба - ол қазақ халқының парасатына байланысты.
Біздің ұлы мақсатымыз - этникалық шығу тегімізге қарамай бірігіп, Даңқты Ұлтқа айналу және қолымызда тұрған ең бағалы құндылық -егемен, тәуелсіз Қазақстанды көзіміздің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпаққа аманат ету. Ол үшін біз әлі күнге дейін ынтымағымызға кедергі келтіретін болымсыз істерден және қолдан жасалған кедергілерден арылуымыз керек.
Екінші басты қағидат - этникалық, болмаса басқа да шыққан тегіне, діни ұстанымына және әлеуметтік жағдайына қарамай барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру.
Біріміздің алдында бірімізге алдын ала артықшылық берілмейді. Бұл ұстаным біздің бірлік ғимаратымызға берік іргетас болып қаланған. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясында жария етілген.
Бұл қағидат әрбір Қазақстан азаматы өзінің жеке артықшылығы мен шығу тегіне қарамай, қабілетіне қарай барлық мүмкіндігін жүзеге асырып, жетістіктерге жете алатынын аңғартады. Отан мен қоғамға қызмет етуге бағытталған қабілет пен дарын еркін дамуы тиіс, оған ешқандай кедергі болмайды.
Бұл мемлекет пен қоғамның дамуына қолайлы жағдай туғызады: қабілеті мен мүмкіндігі артқан адамдар саны көбейген сайын ел егемендігі нығайып, қоғамның біртұтастығы артады.
Мемлекет тарапынан барлық адамға бірдей әділетті және тең мүмкіндік жасалады. Меншік еркіндігін дамыту - ел өркендеуі үшін қажетті шарт. Орташа тапты жедел қалыптастырудың экономикалық және құқықтық негіздерін жасау - Қазақстанның бүгіні мен болашағы үшін өмірлік қажеттілік.
Теңдік қағидаты ауыл мен қала тұрғындарының, сондай-ақ қайта оралған отандастарымыздың өмір сүру дәрежесін теңестіреді, қалаға келушілердің бейімделуі мен урбанизация үдерісін басқаруды реттейді.
Мүмкіндіктердің теңдігі, шығу тегі мен діни ұстанымына қарамай, әркімнің қоғам мен мемлекет өмірінің барлық саласына қатысу құқығына ие бола алатынын көрсетеді.
Біздің басты байлығымыз - әралуандықтың бірлігі. Сондықтан мемлекет өз халқының мәдени, рухани дәстүрлерінің ұлттық игілік ретінде сақталуына қамқорлық жасайды. Осы қамқорлықтың бір тетігі ретінде мәдениетаралық сұхбаттың айрықша институты - Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі осыған бағытталады.
Біз мүмкіндіктер теңдігі қағидатын сақтай отырып көп нәрсеге қол жеткіздік, келешекте бұдан да зор нәтижеге қол жеткіземіз. Ол үшін азаматтар, қоғам және мемлекет жауапкершілікті тең бөлісуі және мынадай қажетті шараларды пәрменді қолдануы қажет.
Ұлт бірлігінің үшінші негізгі қағидаты - біріктіруші және бекітуші бастау ретінде Ұлт Рухын нығайту және дамыту.
Рухани бастау - Ұлтты бір тұтастыққа біріктіретін күш. Халықтың рухы күшті болған сайын, оның мемлекеттілігінің де болашағы зор. Бұл - тарихтың және тағдырымыздың басты қозғаушы күші. Тап осы Ұлттық Рух кез келген елдің бет-бейнесін айқындайды, бағыт-бағдарын нұсқап, дамуына серпін береді.
Біздің Ұлттық Рухымызды көтеру үшін негізгі басымдықтар мыналар: дәстүр мен отансүйгіштік рухы, жаңару рухы, жарыс пен жеңіс рухы.
Ұлттың рухы халықтың өзіндік санасының бір бөлігі болып табылатын мыңдаған жылдық дәстүрге, құндылықтар мен мәдениетке, тілге сүйенеді. Осы тіл, дәстүрлі құндылықтар мен қайталанбас төл мәдениетіміз халыққа жүздеген жылдар бойы демеу болып, оны тарих жолында тарап кетуден сақтап қалды. Бұлар бүгінде де бізді өзгелерден айырып, ерекшелейді. Әрі қайталанбас бір тұтас руханиятымыздың іргетасы болып табылады. Сондықтан да мәдениетті, дәстүр мен тілді жаңғырту мен дамыту, ұлттық қадір-қасиетті нығайту - мемлекеттің ең маңызды міндеттерінің бірі.
Бұл, ең алдымен, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қолданыс аясын кеңейтуге қатысты. Оны меңгеру әркімнің парызы мен міндеті, жеке бәсекеге қабілеттілігі мен қоғамдық өмірге атсалысудағы белсенділігін айқындайтын ұмтылысы мен ынталануына айналуы қажет. Бұл - шешуші басымдық, рухани және ұлттық бірліктің негізгі факторы.
Сонымен қатар мемлекет тарапынан Қазақстанда тұрып жатқан барлық этностың мәдени, рухани және тілдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға қамқорлық көрсетілуі тиіс.
Қоғамның рухани негізі болып табылатын дәстүрлі құндылықтарды арқау ету (тіл мен мәдениетке құрмет, имандылық, отбасы, ұрпақтар сабақтастығы, отансүйгіштік және сыйластық) қазіргі әлемде біздің бірлігіміз бен өзіндік ерекшелігімізді нығайта түсудің сүйенішіне айналуда.
Қазіргі әлем күн өткен сайын елдер мен ұлттарға қатал талап қойып отыр. Олардың ішінде түпкі дәстүрлері мен құндылықтарын жоғалтпаған, үнемі жаңаруға, модернизацияға, бәсекелік басымдықтарын күшейтуге ұмтылатындардың ғана дербес болашақтан үміті бар. Бұл - уақыт талабы, оған енді біз лайықты болуымыз шарт. Дәстүрге сүйенген модернизация мен бәсекеге қабілеттілік біздің ұлттық рухымыздың ХХІ ғасырдағы өркендеуіне негіз болады.
Тек қана ғаламдық деңгейдегі асқаралы міндеттерге ұмтылған ұлттар ғана жеңіске жетеді. Сондықтан бәсекеге қабілеттілікке бет түзеу Ұлт Рухының ең маңызды бөлігіне айналуы шарт. Бұл - Ұлттың алға қарыштап қадам басуының, серпіліп жаңа көкжиектерге ұмтылуының негізі мен кепілі. Қазақстанның әрбір азаматы мұны жақсылыққа, байлыққа, ақылдылыққа ұмтылыс деп танып, туған елінің гүлденуіне қолдан келгеннің бәрін істеу қажет деп сезінуі керек. Әрбір адам өз бойындағы осы қасиеттерді дамытуы шарт, олар жеңіс Рухының өз ғұмырының, қоғам мен мемлекет өмірінің бір бөлшегіне айналуына бар күш-жігерін сарп етуі тиіс.
Қоғамның барлық салаларын модернизациялау арқылы ғана бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізуге болады. Ал, ең бастысы, модернизация, үнемі жаңаруға деген ұмтылыс ретінде біздің санамыздың ажырамас бөлшегіне, жалпы ұлт Рухының бөлігіне айналуы тиіс. Бұл - біздің уақыт дабылына қайтарған жауабымыз, өйткені дамуға ұмтылмаған Ұлттың күні санаулы.
Бізге ұлт әлеуетін оятатын интеллектуалдық серпіліс қажет. Білімге, ғылымға және инновацияларға көзқарасты өзгертудің өмірлік маңызы зор. ХХІ ғасырда тек интеллектуалды ұлт қана жеңіс тұғырынан көріну мүмкіндігіне ие бола алады.
Тек осындай жолмен ғана, дәстүрлерге сүйеніп үнемі жетілу арқылы, биік мақсаттар қоя отырып ұлттың бірігуіне, Ұлт Рухының нығаюына қол жеткізе аламыз.
Бұған жету үшін мемлекет, әрқайсымыз, бүтін қоғам жауапкершілікті бөлісуі тиіс және қажетті әрі ұтымды мынадай шараларды қамтамасыз етуі керек.
Бір қуаныштысы мемлекеттік тілдің мәртебесі қазіргі халі туралы жаңашырлардың жазбағаны жоқ. Жазып та, айтып та жатыр. Өзге тілдерді білген сөзсіз жақсы, Бірақ Қазақстанда тұратын қазақтарға өз ана тілін білмеу – ұят! Осы елдің азаматымын деп есептейтін қандай да өзге ұлт өкілі болмасын, мемлекеттік білу – басты міндет.
Халық неліктен қазақша сөйлемейді? Әлде құрметтемейді ме? Әлде осы күнге дейін қазақ тілін білу қажеттіліктердің біріне айналмады ма? Осы сұрақтар мені мазалайды. Жаным ауырады.
Қазақ тілі – өте бай тіл! Қазақ тілінде жазылған тамаша шығармалар қанша, жылытатын, жұбататтын жырлар қаншама. Қазақ халқының бойына сіңген ата-бабаларымыздың тәлім-тәрбиесі, үлгі-өнегесі, біздің тұлға болып қалыптасуымызға себепкер болғаны, үлкен үлес қосқаны байқалатыны анық. Халқымыз жас ұрпақтың болашағын ойлап, тіл арқылы, іс арқылы тәрбиелеуге бет бұрды. Ал сөйлеген сөзіміз бен жасаған ісіміз жараспаса, болашақта неге жетеміз? Еш нәрсеге де қол жеткізу мүмкін емес.Барлық азаматтардың қазақ тілін білуі – бұл тек ұран ғана емес. Бұл дегеніңіз, азамат біздің елдің тарихын, қазақ халқының көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі тарихын, мәдениеті мен салт-дәстүрін білетін болады. Бұл барлық қазақстандықтарды одан әрі біріктіріп, арамыздағы сенімдікті күннен күнге, жылдан жылға нығайтпақ.
Бүгінгі таңда елімізде жастардың өз қабілеттерін шыңдауға, шығармашылық әлеуеттерін ашуға, қандай да бір батыл бастамаларын жүзеге асыруға барлық жағдай жасалған.
Алдымызда тарихи маңызы зор оқиға – ел Тәуелсіздігінің 23 жылдығы келе жатыр. Бұл айтулы белес біздің ұрпаққа үлкен жауапкершіліктер жүктейді.
Біз мемлекетіміздің интеллектуалдық элитасын қалыптастыру үшін жаңа ғасырдың жаңа технологияларын игеруге ұмтылуымыз керек.
Біз әлемнің озық елдерінің стандарттарына сәйкес жаңа білімдерді игеріп, алған білімімізді Қазақстанның жедел индустриялық-инновациялық дамуы үшін пайдалануға тиіспіз.
Біз мемлекеттік тілді одан әрі дамытуды, бай мәдени мұрамыз бен қазақ халқының және елімізде тұрып жатқан барлық этностардың салт-дәстүрлерін сақтауды жақтаймыз.
Біз еліміздің басты игіліктерін – этносаралық келісімді, татулық пен бірлікті сақтап, қорғайтын боламыз.
Біз жаңа идеяларды жүзеге асырып, әрдайым өміршең істердің бастауында тұратын боламыз.
Біздің жасампаздық еңбегіміз, шығармашылық күш-қайратымыз бен болашаққа сеніміміз тәуелсіз Қазақстанның дамуына бағытталатын болады!
Еліміздің жастарын біздің бастамаларымызды қолдауға және оларды іске асыруға белсене атсалысуға шақырамыз.
Барлық күш-жігерімізді бірлігімізді сақтауға және ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасының өркендеуіне жұмсайық!
Достарыңызбен бөлісу: |