Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет56/165
Дата25.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#182455
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

Нәтижелер мен дискуссия
Бұл сегментте жасалған контент-анализдің негізгі нәтижелері көрсетілген, 
сонымен қатар иллюстрация ретінде ілгеріде аталып өткен жекелеген 
кейстер (яғни мақалалар) сараптамасы да берілді. Барлық жарияланым 
мен оларға сілтеме және біраз орынды есептеулер көрсетілген мәлімет 
қоры мақалаға жеке қосымша ретінде жалғанады.
Талданған жарияланымдардың сан бойынша толық жіліктемесі 
төмендегі 2-кестеде. Зерттеу жобасы аясында 2515 жарияланым 


144
сарапталды. Жарияланым санының үлкен теңсіздігі, KazInform 
материалдарының көптігі (1958) KazInform агенттігінің редакторлық 
саясатына байланысты орын алғанын атап өту керек. Бұл медиаұйым 
жарияланымдары санының өте көптігі, хабарламалардың қысқалығы 
мен өзге көздерді (мысалы, Yonhap, ANSA, ТАСС, WAM) қайта басуымен 
байланысты. Уеб-сайттың ашылуы және трафик бойынша KazInform 
агенттігінің ең көп оқылатын ағылшын тіліндегі қазақстандық медиа
26
болуы – материал саны көптігінің бір себебі болар.
2-кесте. Сарапталған медиаұйымдардың түрі, ондағы жалпы жарияланым мен 
COVID-ке қатысты материалдарды жіктеу
Дереккөз: контент-анализ нәтижесі бойынша автор санаған.
Жоғарыдағы кестеден көрініп тұрғандай, COVID-ке қатысты жарияланым 
жиілігі тұрғысында барлық медиаұйым шамамен бір деңгейде, яғни 
пандемия туралы материал бүкіл мақалалардың 40–60% шамасында. 
COVID-ке қатысты жарияланымдар үлесінің мұншалықты көп болуы 
түсінікті де, себебі дәл сол кездері Қазақстанда COVID-19 вирусының 
тарауы өршіп тұрған еді. 
Дегенмен алдағы 3-кесте көрсетіп тұрғандай, осы бес медиаұйымның 
COVID-19 ахуалына Қазақстанда немесе жергілікті аймақта (мысалы, 
Орталық Азия, Евразия Одағы) көңіл бөлуі ала-құла. Орталық Азияға, 
соның ішінде Қазақстанға фокус жасаған шетелдік медиаұйымдар 
материалдарының 100% COVID-19 туралы болды, қазақстандық медианың 
ерекшеліктері болды. 
KazInform жайы айырықша қызықты, агенттік белгіленген кезеңде 
тақырыпқа сай жарияланымдардың абсолютті жоғары санын (977) басты, 
бұл өзге медиаұйымдар материалдарын қосқандағы саннан да көп (себебі 
агенттіктің жалпы материалдарының саны көп). Сөйте тұра, агенттіктік 
Қазақстандағы COVID-19 туралы материалдары саны – бес ұйым 
көрсеткіші ішіндегі ең азы, себебі ол өзге елдердегі COVID-19 туралы көп 
мақала жариялаған.
26 PR CY құралының 2020 жылғы қазанындағы есебі бойынша, KazInform 
сайтының жылдық көрілімі 79 920 000, шамамен 2 016 000 көрілімге ие. 
KazakhTV одан көш кейін жатыр, ал The Astana Time көрілімі 500 000. Мәлімет 
мына жерде: https://a.pr-cy.ru/tools/traffic/


145
3-кесте. Жалпы және COVID-19-ға қатысты жарияланымдарды медиаұйым 
бойынша жіктеу
Дереккөз: контент-анализ нәтижелері негізінде автор санаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет