Саясаттану



Pdf көрінісі
бет44/128
Дата27.09.2023
өлшемі15,5 Mb.
#182715
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   128
Байланысты:
otemisov karabala saisat

Унитарлық
мемлекеттің белгілері: 
-
мемлекет ішінде автономия құрылымы болмайды;
-
орталық саяси билік біртұтас болады; 
-
бір конституцияға негізделген.
Унитарлық мемлекеттерге, мысалы Жапония, Франция, Италия, 
Грекия, Польша, Финляндия, Қазақстан т.б. жатады. Бірақ Қазақстан 
көпэтносты мемлекет болғандықтан «не себепті ол унитарлы мемлекет 
болады?»
-
деген сұрақ туындайды. Бұның нақты жауабы: Қазақстанның 
территориясында барлығы бір аумақта тұратын, бір жерде шоғырланған ұлт 
өкілдері жоқ, мемлекеттің негізін құрайтын жергілікті Қазақ халқы болып 
табылады. Мемлекетімізде барлық этнос өкілдері бір
-
бірімен аралас өмір сүріп 
жатыр
,
сондықтан Қазақстанда ұлттық автономия құруға ешқандай негіз жоқ.


62
Федерация
(федеративтік мемлекет) деп автономиялары бар 
мемлекетті атайды. 
Федерацияның негізгі белгілері:
-
мемлект территориясында ұлттық немесе территориялық автономияның 
болуы; 
-
мемлекеттегі саяси билік және басқа да өкімет органдары екі деңгейде
-
қалыптасады;
-
мемлекеттің конституциясы екі деңгейлі болады.
Мысалы, Ресей, Қытай, Үндістан және т.б. Ресейде жиырмаға жуық 
республика бар (Татарстан, Башқұртстан, Дағыстан, Солтүстік Осетия, Тува 
т.с.с.) Саяси билік екі деңгейлі, яғни жалпы мемлекеттік президент, парламент 
және әрбір республиканың өз алдына президенттері мен парламенттері бар. 
Конституциясы екі жүйелі: бүкілресейлік және әрбір республиканың өз 
конституциясы бар.
Федерация тек ғана ұлттық ерекшеліктер негізінде қалыптаспайды. 
Дүние жүзіндегі федарацияның көп бөлігі жер (территория) арқылы орныққан. 
Мысалы, АҚШ, ГФР, Австрия және т.б. АҚШ
-
да штаттар, Германияда 
«жерлер». Ал федерациялық құрылым негізі

ұлт немесе жер аймағы ғана 
емес; федерацияның негізгі белгісі 

егемендік дәрежесі. Егер автономияның, 
федерация субъектісінің белгілі мөлшерде (Конституция арқылы белгіленген) 
егемендігі болмаса, онда мемлекттің федерация аталуы да жалған болып 
шығады.
Конфедерация дегеніміз
-
тәуеліз мемлекеттер одағы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет