3
АЛҒЫ СӨЗ
Адамзаттың немесе әрбір қоғамның өмірі көптеген салалардан тұрады.
Мысалы,
экономика саласы, мәдени сала, рухани сала және тағы басқалары.
Әрбір салада үнемі дамып отыратын өзіне тән білімдер қалыптасып, осы
білімдер кейін ғылымға айналып, қоғамның қарқынды дамуына негіз болады.
Қоғамдағы осындай салалардың бірі
–
саяси сала.
Саяси салада да
мыңдаған жылдар бойы жинақталған саяси білім қалыптасқан. Саяси ойлар,
саяси идеялар, саяси тәжірибе
–
жинақтала келіп саяси ғылымның
қалыптасуына негіз болды. Сөйтіп, басқа ғылымдармен қатар саясаттану да өз
алдына дербес ғылым болып бөлініп шықты.
Саяси ғылым немесе саясаттану көптеген өркениетті елдермен бірге
Қазақстанда да мемлекеттік білім беру үлгісі бойынша
қоғамтану ілімдерінің
қатарына академиялық пән ретінде енгізілді. Қазіргі кезеңде саясаттану
-
бүкіл
дүние жүзі ғалымдары мойындаған, өмір елегінен өткен саяси процестерді жан
–
жақты зерттейтін ғылым.
Саяси ғылым қоғамдық және саяси құрылыстың мән
-
мағынасын терең
түсініп білуге, жеке адамның қоғамда алатын орнын, атқаратын міндетін
айқындауға, олардың сан түрлі құқықтары
мен бостандықтарын дұрыс
пайдалануға мүмкіндік береді. Саяси ғылымның басты объектісі
–
қоғамның
саяси саласы және ондағы саяси құбылыстар мен процестер. Бұл ғылым
жалпыадамзаттық
игіліктерге
негізделген
демократиялық
тәртіптерді
құрметтеуге, ортақ саяси мәселелерді ұжымдасып шешуге үйретеді, тұлғаның
өз мақсаттарын мемлекет деңгейінде іске асырудың жолдары мен әдістерін
дұрыс
таңдай білуге, демократиялық нормалар мен қоғамдық институттарды
қалыптастыруға көмектеседі.
Саяси ғылымның басты мақсаты
–
қоғамда әлемдік деңгейдегі
демократиялық саяси мәдениет қалыптастыру, онсыз,
саясаттанудың
тұжырымдамалары бойынша, демократиялық қоғам орнатудың өзі де екі талай
деп есептелінеді.
Қоғам мүшелерінің саяси мәдениетінің жоғары деңгейде болуы, осы
арқылы саясатқа белсенді араласып, ұтымды шешім қабылдауы өздігінен
туындамайды. Тұлғаның саяси өмірдегі өз орнын ұғуы және осы өмірдің
субъектісі болуы үшін оларға жүйелі түрде саяси білімдер теориясын, олардың
даму
тарихын игеріп, саяси үрдіс қатынасу жолдарын оқып үйренуі қажет.
Осы тұрғыдан қарағанда біз ұсынып отырған оқу құралының маңызы
ерекше деп есептейміз. Бұл еңбектің мазмұны саяси білімдердің даму
тарихындағы ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі сан алуан ойшылдардың,
ғалымдардың, қоғам қайраткерлерінің тұжырымдамаларына негізделген.
Авторлар әрбір күрделі саяси теориялық мәселе бойынша нақты тәжірибеден
туындайтын
ұғымдарды,
анықтамаларды,
тұжырымдамаларды
жас
оқырмандарға, студенттерге қарапайым түсінікті түрде баяндауды мақсат етті.
Біздің
ойымызша, бұл оқу құралының тағы бір ерекшелігі
-
әрбір саяси
үрдістің зерттелуі Қазақстанның саяси өмірімен тығыз байланыстырылып
көрсетілуі. Қазақ халқының тарихындағы саяси үрдістердің көрінісі,
туған