Саясаттану


І тарау САЯСИ БІЛІМДЕР ТАРИХЫ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ



Pdf көрінісі
бет3/128
Дата27.09.2023
өлшемі15,5 Mb.
#182715
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   128
Байланысты:
otemisov karabala saisat

І тарау
САЯСИ БІЛІМДЕР ТАРИХЫ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ 
ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.Мифологиялық саяси идеялардан саяси ғылымға дейін
Саяси ғылымның негізін қалаушы 
-
гректің ұлы ойшылы, философ 
Аристотель

болатын. Бұл ойшыл өз заманына дейінгі саяси ойларды зерттеп,
аса маңызды ғылыми тұжырымдамалар жасады. Аристотельдің бұл еңбектері 
саяси ғылымның дамуына осы күнге дейін зор әсерін тигізіп келеді. 
Саяси ой
-
пікірлердің, білімдердің даму тарихы Аристотельге дейін де 
ұзақ уақытты қамтиды. Жалпы саяси білімдердің дамуы үш кезеңге бөлінеді: 
мифологиялық, діни және ғылыми. 
Мифологиялық
кезеңнің өзінде
-
ақ ежелгі 
адамдар тайпаның, қауымның, қоғамның дамуы адамдардың қасиеттерімен 
тікелей байланысты екенін түсінеді. Өзінің қауымына ерекше қызмет еткен 
тұлғаларды Ежелгі Грекияда құдайларға айналдырды (Кронос, Зевс, Посейдон 
және т.б.). Ол кезде барлық әлеуметтік
-
саяси құрылыс, мемлекет құдайдың 
құдіретімен жасалады және дамиды делінді. Ежелгі Грекияда рухани күштердің 
мүмкіндіктері де қасиетті адам қалыптастыруға бейімделді. Олардың 
түсінуінше қасиетті адам болудың айғағы 

тұлғаның өз қауымының өміріне
өзінің табиғи орталығына бейімделіп қалыптасуы. Географиялық ортаның 
саясатқа ықпал етуі туралы түсінік ежелгі гректердің мифологиялық 
дастандарында кең орын алған. Ал бұл елде өркениеттің қалыптасуына негіз 
болып айналадағы теңіздер саналған. 
Мысалы, Гомердің «Илиада» поэмасының кейіпкері Ахиллестің қоршаған 
ортаның қасиетті күшін бойына сіңірмеген бір
-
ақ жері 
-
өкшесі, ақырында оның 
қаза болуына себеп болады. «Илиада» поэмасында қоғамдық өмірдегі көсемнің 
алатын орны да белгіленген. Көсем Агамемнонның қаза болуына себеп болған 
оның тәкаппарлығы. Бұл да басқаларға өнеге, көсем тәкаппар болмауы тиіс. 
Гомердің тағы бір поэмасы «Одиссеяның» басты кейіпкері 
-
Одиссей батыр, әрі 
ел басқарушы. «Бірақ ел басқарушы болу үшін тек ғана батырлық жеткіліксіз, 
оған ұқыптылық, тапқырлық, сақтық та керек» деген пікір «Одиссея» 
поэмасының негізгі идеясы. Адамдар қауымы, ел, қоғам қандай болуы керек? 
Осыны танып 
-
білу үшін мифтік кезеңнің өзінде басқа ежелгі елдерде де 
қуатты мемлекетті, қасиетті адамдарды, олардың арасындағы үйлесімді қарым
-
қатынасты бейнелеу үшін ертегілер, аңыздар, поэмалар шыққан. Мысалы, 
ежелгі Қосөзенде «Гильгамеш туралы дастан», Үндістанда «Махабхарата», 
«Рамаяна», Қытайда әлеуметтік қатынастарға «дао» жолын енгізу тағы с.с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет