Саясаттану


Қазақ даласындағы саяси пікірлердің қалыптасуы



Pdf көрінісі
бет6/128
Дата27.09.2023
өлшемі15,5 Mb.
#182715
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   128
Байланысты:
otemisov karabala saisat

2.
Қазақ даласындағы саяси пікірлердің қалыптасуы.
Қазақ қоғамында да саяси ой
-
пікірлер қалыптасуының түп тамыры ерте 
замандарға барып тіреледі. Мысалы, Қазақстан жерін қола дәуірінде 
мекендеген 
андроновшылар
мен 
сақтардың
қауымдық
-
саяси қатынастар 
туралы ойлары мифологиялық деңгейде болған. Мысалы, андроновшылар «о 
дүниелік өмір» жер бетіндегі тіршіліктің жалғасы деп есептеді. Олардың 


9
аңыздары бойынша ажал құдайы Яманы «өлікті матаушы» деп атады. 
Андроновшылардан сақтарға «отқа табынушылық» және «аң стилі» ұғымдары 
жалғасты. 
Саяси білімдер дамуының мифологиялық кезеңіндегі сақтардың билік 
жөніндегі ұғымын патшалардың дулығасының (қола мен алтыннан жасалған 
әшекейлі бас киім) білдіруі осыған нақты мысал бола алады. Бас киімнің 
алдыңғы жағындағы күн белгісі 

күллі космостың тұтас бейнесі, төрт қанатты 
пырақ пен төрт алтын жебе 

бұл күн өз жолымен жүргенде айналып өтетін 
барша үш дүние мен жалғанның төрт бұрышын түгел билейтін өктемдіктің 
өзгеше бір белгісі. Бас киімнің алдыңғы жағын сақтар жалғанның шығыс жағы, 
артқы жағын 

батыс жағы деп есептеген. 
Осындай тәжді кигізу көсемге күллі космосты билеуді тапсырды деген 
түсінік білдірген. Көсем 

дүниенің кіндігі, оның орталығының бейнесіндей 
болған, ал оның киіміндегі нышандардың бәрі мифологиялық ұғымдар 
Саяси білімдердің мифологиялық кезеңіндегі Іле өлкесіндегі сақ 
тайпаларын ығыстырып жаңа тайпалық одақтар құрған 
-
үйсіндер.
«
Қарғалы 
диадемасында» бейнеленген қоғамдық ой
-
пікір бойынша: әлемді басқарушы 
құдайлар, құдайлардан кейінгі адамға жан беруші әйел, құдайлар мен 
адамдардың арасындағы байланыс күші жануарлар, ал барлық тірі жандарға 
өмір нәрі болатын өсімдік, жасыл табиғат деп түсінген. 
Негізінен, Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың қоғамдық
-
саяси ой
-
пікірлерін білдіретін тұтас сақталған аңыздар, мифтер өте аз, жазба деректер де 
жоқтың қасында. Бұл тайпалардың көшпелі өмір
-
салтымен де байланысты, 
себебі тайпалардың мекен
-
жайлары бытыраңқы болса, әр тайпаның діни 
түсініктері де әр түрлі болды. Барлық тайпаларға ортақ, біртұтас діннің 
қалыптаспауы себебінен андроновшылар, сақтар, үйсіндер табиғаттың өздеріне 
жағымды, қасиетті күштеріне табынуды күшейте түсті. Сондықтан Ежелгі 
Грекиядағы сияқты «этикалық парыздарды» насихаттайтын мифологиялық 
аңыздар туындаған жоқ. Бұл тайпалардың әлеуметтік тәртібі, саяси ойы және 
құрылымдары өткен ұрпақтардың салт 
-
дәстүр тәжірибесіне, күнделікті өмір 
практикасына негізделді. Сол себептен Қазақстан территориясын мекендеген 
тайпалардың саяси білімдерінің үш түрі: мифологиялық, діни және 
практикалық қатар дамыды деуге болады. Саяси өмірдің жедел өзгеруі саяси 
сананың дамуына әсер етті. Сондықтан бұл тайпалардың саяси санасы 
мифологиялық деңгейден рационалдық танымға тез ауысты. 
Қоғамдық жүйенің дамуындағы осындай ерекшеліктер Қазақстан 
территориясын мекендеген ежелгі тайпалардың өміріндегі алғашқы қауымдық
-
саяси қатынастардың қалыптасуына негіз болып, ұжымдық меншіктің шығуы 
ру мүшелерінің арасындағы байланысты нығайтты. Барлық мәселелерді тайпа 
мүшелерінің жиналысы шешіп отырды. Жиналыста ру басшыларын сайлап, 
немесе орнынан босатты және рудың салт
-
дәстүрлерінің қатаң сақталуын 
қадағалады. Айыптылар халық алдында жазаланды. 
Таңғаларлық жағдай 
-
ежелгі заманның өзінде
-
ақ Евразия даласында 
демократияның айқын көріністері өмірге келген. 


10
Сақтардың әлеуметтік құрылысының осындай деңгейге көтерілуіне екі 
себеп әсерін тигізді: біріншіден, мүлік теңсіздігінің пайда болуы қоғамның 
әлеуметтік жіктелуін күшейтсе, екіншіден, тайпалардың арасындағы 
қақтығыстар, соғыстар жиіленді. Бірнеше тайпалар бірігіп, жауынгерлер 
қауымына айналды. Ел басқаруға қабілетті басшылар қажет болды. Енді 
көсемдер жауынгерлердің арасынан таңдалып алынатын болды. Әртүрлі 
сайыстардағы ең мерген жауынгер өзгелерге билік жүргізуге құқық алды. Бірақ 
тек ғана мергендік патша болу үшін жеткілікті болған жоқ, оған басқа да 
қабілеттілік қажет болды. Мінеки, сондықтан да Есік қорғанына жерленген 
адам («Алтын адам») әрі жауынгер (бұған қару
-
жарақ, оның ішінде алтын садақ 
куә), әрі абыз (басына кигізілген ерекше шошақ бөркі), әрі мал иесі (қабір ішіне 
бақташының ұзын өрме қамшысы қойылған) болып есептеледі. 
Сонымен, бүкіл тайпа мүшелері сайлаған тайпа көсемі 

бас қолбасшы 
болды. Сақ тайпаларында патшалар сайланатын, яғни, билікті мұра ретінде 
алған жоқ. Бірақ олар жауынгерлердің арасынан ғана сайланатын еді. Осы 
себептен бұл кезең 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет