Саясаттану



Pdf көрінісі
бет14/128
Дата27.09.2023
өлшемі15,5 Mb.
#182715
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   128
Байланысты:
otemisov karabala saisat

Махамбет Өтемісұлының
(1804-1846) 
өлендерінен айқын саяси ұстанымы байқалады. Ол билік иелерінің, сұлтандар 
мен ханның әділетсіз саясаты халықты тонау екенін ашық айтты. Ақын қазақ 
қоғамындағы кертартпа саяси күштерге қарсы шығып, халықты өз мүдделерін 
қорғау үшін батыл, ашық күреске шақырды. М. Өтемісұлы мемлекет билігінің 
патшалық басқару түріне қарсы шығып қазақ ақындарының алғашқысы болып 
еркіндік демократиялық бағыттағы пікірлер ұсынды. Ол биліктің көзі, тұтқасы 
халық екеніне сенеді, сондықтан ақын: 
«Айтып, айтпай, немене,
Халық қозғалса,
Хан тұра алмайды тағында»
деп жырлайды. Осы және басқа да өлендерінен халықтың ұрпақтан
-
ұрпаққа 
келе жатқан қазақ қоғамындағы саяси ойларды Махамбет Өтемісұлы өз 
творчествосында толық қабылдай отырып болашақ үшін одан әрі дамытты.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ даласындағы саяси идеология 
ретінде 
ағартушылық
кең өріс алды. Қазақтың ойшыл ғалымы демократ
-
ағартушы 
Ш.Уәлиханов
(1835-1865) 
қазақ халқының әлемдегі өркениетті 


18
елдер қатарына қосылуы үшін қажетті саяси
-
әлеуметтік, мәдени қызметтер 
атқарды. Шоқан саяхатшы, этнограф ғалым ретінде Орта Азияның, Қазақ 
елінің, Батыс Қытайдың тарихы мен мәдениетіне ғылыми зерттеулер жүргізе 
отырып, саяси 
-
әлеуметтік, құқықтық мәселелерді іс жүзінде шешу жолдарын 
қарастырды, әсіресе қазақ халқын патша шенеуіктері мен жергілікті билік 
иелерінің зорлық
-
зомбылығынан қорғау мәселесін жария етті. Ол қоғамдағы 
үстем тап өкілдерінің саяси көзқарастары халықтың ізгі мақсаттарына әсер 
ететінін атап көрсетеді. Сол себепті Шоқан Уәлиханов бұхара халықтың 
демократиялық құқығы мен бостандығын дамыту жолында елеулі қызметтер 
атқарды. Экономикалық, әлеуметтік, саяси реформаларға үлкен мән беріп 
революциялық өзгерістерге қарсы пікір білдірді. Ағартушы
-
ғалым сот 
реформасы туралы өзінің прогрессивтік саяси
-
әлеуметтік идеяларын ұсынды. 
«Сот реформасы жайында хат» деген еңбегінде: «Біздің заманымызда халыққа 
етене жақын, ең маңызды, оның мұқтажына тікелей қатысты реформа
--
экономикалық және әлеуметтік реформа. Ал саяси реформалар экономикалык 
істерді жүзеге асыратын құрал ретінде көрінбек, өйткені әрбір жеке адам 
баласы қауымдасып өзінің түпкі мақсаты әл
-
ауқатын жақсартуға тырысады. 
Прогресс дегеніміз де осыған сай келеді»
-
деген қорытынды жасайды (Ш. 
Уәлиханов. Таңдамалы шығармалары. Алматы, 1995.127
-
бет 
).
Өзінің осы шығармасында Шоқан Ресей патша өкіметінің саясатындағы 
отарлық мақсатты сол кездің өзінде айқын түсініп, қазақ қоғамындағы ертеден 
қалыптасқан билер сотының сақталуын талап етті. Дәстүрлі билер қызметінің 
ашықтығын, жариялығын, демократиялық принциптерін жоғары бағалайды. 
Шоқан Шыңғыс хан заманынан енген ереже бойынша қазақ қоғамының «ақ 
сүйек» және «қара халық» болып жіктелуіне қарсы шығып, қоғамда бұл 
бөлінудің болуы бір
-
біріне қайшы мүдделердің шығуын көрсетеді деп есептеді. 
Осы және басқа әлеуметтік жіктеулерден әртүрлі дау
-
жанжал, саяси
-
әлеуметтік 
шиеленістер туатынын дәлелдей келе, қазақ халқын бірлікке шақырды. 
Ғалымның пікірінше, тұлғаның адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін ең 
алдымен оларға еркіндік берілуі қажет. Ал еркіндікті дұрыс пайдалануы үшін 
халыққа жалпы білім, әсіресе саяси сауаттылық қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет