мақал - мәтелдерін тарихи
-
әлеуметтік, саяси
-
құқықтық мол
тәжірбиені, адамдардың қоғамдағы бір
-
біріне қатынасын, діни, наным сенімге,
билікке көзқарасын таңқаларлық тапқырлыкпен, шешендікпен, нақтылықпен
сүреттейді. Сондықтан қазақ мақал
-
мәтелдері халықтың ғасырлар бойы
жинақтаған өмір тәжірбиесі негізінде туындаған аса құнды рухани, саяси
-
әлеуметтік тұжырымдары болып саналады.
Ауыз әдебиетінің өзіндік ерекшеліктерімен белгілі жанры
–
ертегілер .
Әрине, ертегілер дүниенің қияли фантастикалық бейнесіне, аңыздарға
негізделеді. Бірақ ертегілер тек ғана қиял немесе аңыздар емес, онда адам
өмірінің нақты салалары сөз болып, оларға талдау жасалып, өзіндік баға
беріледі. Мысалы: «Тазша бала» немесе «Алдаркөсе» ертегілерінде қазақ
қауымындағы мүлік теңсіздігі, таптық қатынастар, әлеуметтік әділеттік
мәселелері қызғылықты әдеби бейнелер арқылы берілген.
Сондықтан тарихи
–
саяси ғылыми зерттеулерде қазақтың мақал
-
мәтелдеріне, ертегілеріне көп қөңіл бөлінген. XIX ғасырдың өзінде бұларды
жинақтап жүйге келтірген және ғылыми талдау жасаған көрнекті орыс
ғалымдарды М. Терентьев, Н. Пантусов, А. Васильев, Н. Гордеков, В.
Катаринский және басқалары болса, қазақ зиялыларының ішінен Ш. Уәлиханов
пен А. Құнанбаевтың алатын орны ерекше.
ХХ ғасырдың бас кезінде Кеңес өкіметіне дейінгі уақытта да қазақ халық
ауыз әдебиеті туралы мақалалар баспасөзде, тарихи, қоғамдық
-
саяси
баспаларда тұрақты орын алды. Ал кеңестік кезеңде, XX ғасырдың 30
–50
жылдары Ө. Тұрманжановтың үш жинағы және басқа да көптеген авторлардың
кітаптары жарық көрді.
Қазақ фольклорының маңызды саласының бірі
-
батырлар жыры .
Қазақ
хандығы қалыптасуынан бастап өз тәуелсіздігін қорғауда сыртқы жауларымен
ұзаққа созылған қантөгіс соғыстарды басынан өткізді.
Осы соғыстарда халқы үшін қан төккен көптеген батырлар туралы
әртүрлі әңгіме, аңыздар тарады. Батырлар жырында халықтың болашаққа,
бейбіт өмірге үміті, еркіндікке талпынысы, ізгі мақсаттарға жетудегі ойы,
арманы баяндалады. Кейбір жағдайда батырлар образы шындыққа сәйкес
келмейтін ойдан шығарылған кейіпкерлер болып саналуы да мүмкін. Бұл
біржақты пікір, себебі батырлар жырындағы қиял, ой
-
арман шындықтың өзін
айғақты көрсету жолы, оқиға, құбылысты сезім арқылы танып
-
білу.Қазақ
эпосының мәнін Ш. Уәлиханов: «Тарихтағы халықтың поэтикалық рухының
орны өте жоғары, біріншіден, ежелгі дастандардағы жыраулардың батырлар
ерлігін баяндауы өте дәл, таңғажайып есте сақтау қаблетін білдіреді;
екеншіден, жыраулар әртүрлі уақытта өмір сүргенімен халықтың жадындағы
елеулі оқиғаларды біртұтас мәңгі сақтап қалды; үшіншіден, бұл эпостар
халықтың салт
-
дәстүрінің, өнерінің, адамгершілік заңдарының жиынтығы;
өткен тарих және саяси өмір туралы тұтас білімді белгілі деректермен
толықтыруға мүмкіндік жасайды» деп түсіндірді. Қазақтың батырлар жырында
ерте замандағы халықтың тағдырын шешуші елеулі оқиғалар туралы өмір
шындығы көрсетілген. Халқымыздың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан
15
өшпес мұрасы, баға жетпес құндылығы: «Қобаланды батыр», «Алпамыс
батыр», «Ертарғын батыр» және т.б.
XV-XVIII
ғасырлардағы қазақ өмірін, қоғам тарихын көркем бейнелеудің
ерекше түрі