16
Қазақ жыраулық өнерінің көш бастаушыларының бірі, өз заманындағы
билік үшін болған күрестердің ешбірінен тысқары қалмаған ақын Шалкиіз
Тіленшіұлы болатын. Ол әлеуметтік теңдік ғана емес, адамдардың бәрінде тең
мүмкіндік болуын қалады. Бірақ ақын мемлекеттік заң алдындағы биліктен,
адамдардың Тәңір алдындағы, Тәңір үкімі алдындағы теңдігін жоғары санайды.
Содықтан ол: «Тәңірі өзіне бермесе,
Менменсіп жүрген ержігіт
Кісіден тартып жарымас»
-
деген пікір айтады.
Бұл тұста Шалкиіз жырау ойларының
Джон Локктың адамның
жасампаздық қасиетін жүзеге асырудағы теңдік принципінің сақталуын
ұсынатын либералистік идеяларымен үндес екенін атап өту қажет.
Әлемнің әртүрлі түкпіріндегі, әртүрлі уақытта айтылған осы саяси
пікірлердің өзара сәйкес келуі кездейсоқтық құбылыс емес, себебі
жалпыадамзат болмысының, тарихының, мәдениетінің жалпы,
әмбебап
заңдылықтары барлық этностар, халықтар үшін бірдей, тұтас. Сондықтан қазақ
халқының мәдениеті де өзіндік ерекшеліктеріне қарамастан осы жалпы
заңдылық негізінде дамыған, қазақ даласындағы саяси білімдер соның бір
бөлшегі болып табылады.
Досманбет пен Шалкиіз жыраулардан кейінгі кезеңде қазақ халқының
тарихы мен саяси өмірі елеулі өзгерістерден өтті. Бұл өзгерістер жаңа буын
ақын
-
жырауларының қоғамдық
-
саяси ойларын уақыт талабына сәйкес бағытта
қалыптастыруына себеп болды. Мемлекет билігі тарапынан феодалдық
–
патриархалдық қазақ қоғамына дәстүрлі адат және мұсылмандық шариғат
құқықтарын бейімдеу мақсатындағы әртүрлі
саяси бағыттағы іс
-
шаралар
енгізіле бастады. Қазақтың дәстүрлі адат құқығы нақты жазба түрде бекітілмей
халықтың ой
-
санасында: ар
-
ұят, әділеттік, үлкенге құрмет және тағы басқа
адамгершілік заңдарымен қатар қолданылды. Ал ел билігі қазақтың
адамгершілік, ата
-
баба заңдары бойынша белгілі тұлғалардың, билердің
қолында болды.
Қазақ қоғамындағы жазба түрдегі заңдардың қабылдануына дейінгі
қолданылған дәстүрлік адат құқығының алатын орны өте маңызды. Осы заң
ережелері негізінде мемлекеттегі барлық саяси
-
әлеуметтік қатынастар реттеліп
келді. Адат заңын бұзбауға қоғамның барлық мүшесі
бірдей міндетті, ал
қылмыскер, заң бүзушының бәрі міндетті түрде жазаналады. Қылмыскерге
қатысты билер қабылдаған үкім, рулық қауымның тікелей қолдауымен міндеті
түрде, ашық, сол жерде, сол уақытта орындалуы тиіс болды.
Қазақ елінің Ресей империясына қосылғанға дейінгі аралықта қызмет
атқарған
Достарыңызбен бөлісу: