Түрік қағанаттары мемлекетінің орнауына негіз
болды. Оған нақтылы дәлел
-
ғасырлар қойнауынан бүгінге жеткен «Күлтегін»
ескерткіші. «Күлтегін ел үшін күндіз тыным таппаған, түнде ұйықтамаған,
елдігін орнатып, жерін ұлғайтқан» деп жазылған осы ескерткіште. Тасқа қашап
жазылған сөздердің негізгі мазмұны: мәңгілік ел орнатамыз деп өмір кешкен,
сол үшін заманының ұлы империясы
–
Түрік қағанатын құрып, келешекке
осыншама байтақ жерді, таусылмайтын байлықты, тозбайтын дәстүрді
қалдырып кеткен Бумын, Істемі, Елтеріс, Құтлығ, Білге қағандар, дана Түй
-
ұқық, айбынды Күлтегін бәрі де құдіретті, ақылды, білікті қағандар. Бұл сөздер,
біріншіден, кейінгі ұрпаққа жазып кеткен тарихи өсиет
-
өнеге болса, екіншіден,
«Күлтегін» ескерткішінде «ашты тойындырған, жалаңашты киіндірген, азды
көп қылған, кедейді бай еткен, тату елге жақсылық жасаған» деп жазылған
сөздер ел басқарушы құрамының оқшауланып, саяси билік жүйесіне айналып,
өз еліне, халқына қызмет етуді міндет ретінде мойындау түсінігінің
қалыптасқанын айқындайды.
Байырғы түрік даналары иелік еткен дәстүр де, қалыптасқан қоғамдық
-
саяси қатынастар жүйесі де ең алдымен қазақ халқына мирас болып қалған еді.
Саяси білімдер даму тарихының көркем бейнесі, түркі халқының
феодализм кезіндегі әскери және саяси жағдайын шынайы суреттейтін тарихи
-
этнографиялық туындысы, түрлі оқиғалардың басын біріктіріп жырлайтын дала
кемеңгерлерінің ертедегі дәстүрін бізге жеткізе алған құнды ескерткіші деп
айтуға болатын ғажайып эпос
-«
Қорқыт ата кітабы».
Көркемдігі ерекше шығарманы ұрпағына мұра етіп қалдырған ұлы тұлға
-
Қорқыт бабамыз орта ғасырдағы Оғыз қағанатының (ІХ
–
ХІ ғғ.) ерлігін
жырлайды. Эпос Оғыз қағанатының құрылымы мен оны басқарған лауазым
иелерінің міндетін анықтауға толық мүмкіндік береді. Сонымен қатар, «Қорқыт
ата кітабының» орасан зор маңыздылығы, Оғыз қағанатының ғана емес,
бірнеше ғасырларды қамтитын сақ заманынан бергі түрік қағанатының басқару
жүйесін айқындауға мүмкіндік береді.
ІХ ғасырдан бастап Қазақ жерінде саяси білімдердің рационалдық
деңгейге көтерілуіне жағдай туды. Осы кезде Қазақ даласында бірінен кейін
бірі ортағасырлық феодалдық қарлұқ, оғыз, кимек, қарахан, қарақытай, қыпшақ
мемлекеттері қалыптасты. Олардың бәрінде толық мемлекеттік деңгейге
жеткен басқару жүйесі қалыптасты. Екі фактор әлеуметтік топтардың
бірлестігін нығайтуға негіз болды. Олар, біріншіден, этникалық тегі жағынан
қоғамдық топтардың басым көпшілігі түрік тілдес болып, осы мемлекеттердің
көпшілігі
түрік
тіліне
бейімделді.
Екіншіден,
қоғамдық
топтар
шаруашылықтың бір түрімен
–
мал шаруашылығымен айналысуы біртұтас
12
этностың қалыптасуын жақындатты. Маңыздылығы орасан зор болған тағы бір
фактор
–
Қазақстанның жеріне ислам дінінің тарауымен байланысты 893 жылы
Таразда ашылған алғашқы мешіттен бастап араб тілі, жазуы, мәдениеті тарады.
Қазақстанның оңтүстігінің Араб халифаты империясының құрамына қосылуы
Түргеш, Қарлұқ, Қарахан мемлекеттерінде феодалдық мемлекеттіліктің үлгісін
жетілдірді. Осы факторлардың барлығы мәдениеттің, білімнің, ғылымның,
оның ішінде саяси ғылымның дамуына негіз болды.
Сол кездегі Қазақ жеріндегі саяси ғылымға мол мұра қалдырған
ойшылдар: Әл
-
Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари, Ахмет Яссауй
болды.