24
болуы
–
қоғамның саяси мәдениетінің, саяси қатынастарының қаншалықты
дамығандығын көрсетеді.
Саяси білім беру жүйесі
қазір кез
-
келген демократиялық қоғамда бар.
Соның ішінде Қазақстандағы саяси білімнің басты мақсаты
–
азаматтардың
күрделі әлеуметтік
-
саяси жағдайда дұрыс бағдар ұстауы, өз мүддесін түсінуі
және қорғауы, басқа адамдардың және бүкіл қоғам мүдделерін, құқықтары мен
бостандығын құрметтеу, басқа азаматтармен бірге қоғамдық проблемаларды
бірлесіп шешу, әрбір адамның тәуелсіздік құқықтарын ескере отырып, саяси
білімді азаматтардың демократиялық тәртіптерді құрметтеуі және оның
мемлекеттік институттарын қамтамасыз ету көзқарасын қалыптастыру. Аса
көңіл
аударатын мәселе
-
саяси тәртіпті нығайтпайынша, әрбір жеке адамның
бостандығы жайлы сөз айту шындыққа жанаспайды. Осы бағытта азаматтарға
саяси білім беру, сөйтіп олардың саяси бостандығын қамтамасыз ету қажет.
Саяси білімнің қазіргі кезеңіндегі идеяларын, жалпыадамзаттық
құндылықты игеруді басшылыққа алу азаматтарға және бүкіл саяси өмірге
тиімді әсерін тигізетіні сөзсіз. Оның үстіне біздің қоғам үшін демократиялық
саяси білім өтпелі кезеңде ерекше маңыз атқарады. Әміршілдік экономикадан
нарықтық шаруашылыққа және тоталитарлық саяси жүйеден
құқықтық
демократиялық мемлекетке өту халықтың саяси мәдениеті мен менталитетінде
түбегейлі өзгерістер жасауды қажет етеді.
Демократиялық саяси білімнің де Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып
қалыптасуы мен дамуына тиімді әсер ететіні даусыз. Қазіргі кезде алдыңғы
қатарға адамдар санасының жаңа қырлары, оның ішінде ұлттық санасының
оянуы ұсынылып отыр. Демократиялық саяси білімнің маңызы: азаматтардың
демократиялық менталитетін қалыптастыруға көмектесу, демократиялық саяси
мәдениет құндылықтары мен түрлерін игеруді үйрету, тұлғаның саяси
төзімділік, сенімді серіктестік, келісімге ұмтылу сияқты қасиеттерін
қалыптастыру.
Қазақстан Республикасында саясаттану білімініне қойылатын талаптар:
-
қазіргі қоғамдық және саяси құрылыстың мән
-
мағынасын терең түсініп
-
білу,
адамдардың өмірінде алатын орнын,
атқаратын ролін айқындау, олардың сан
түрлі құқықтары мен бостандықтарын дұрыс пайдалану жолдарын табу;
-
саяси ғылым негіздерін меңгеру арқылы күрделі қоғамдық
-
саяси жағдайда
еркін бағдар ұстау, өз мақсат
-
мүддесін білдіру, оны қорғай білу;
-
жалпы дүниежүзілік, халықтық игіліктерге негізделген демократиялық
тәртіпті
құрметтей отырып, ортақ мәселелерді ұжымдасып шешу жолдарын
ұғу;
-
мемлекеттік құрылыс, саяси жүйе, қоғам мен мемлекетті басқару түрлері мен
тәсілдерін меңгеру;
-
әлеуметтік үрдістерді басқару негізі болатын саясаттың, ұстанымдардың,
идеологиялардың мәнін түсіну;
-
саяси төзімділікке, келісімге, серіктестікке, мәмілеге келе білу, саяси
шиеленіс, дау
-
жанжалдарды дер
кезінде шешу жолдарын анықтау;
-
саяси мәдениеттің қоғамдағы зор ролі мен маңыздылығын терең ұғып, оны
қалыптастыру жолдарын білу;
25
-
қоғам мен мемлекет алдындағы азаматтық парызды, жауапкершілікті сезіну.
Саясаттанудың ғылым ретінде қоғамның, халықтың, азаматтардың тек
ғана саяси емес, жалпы гуманитарлық мәдениетін жоғарылатуда да маңызы өте
зор.
Достарыңызбен бөлісу: