Саясаттану


екінші топ тәсілдерін қолданбау  мүмкін емес. Бұл  логикалық



Pdf көрінісі
бет18/128
Дата27.09.2023
өлшемі15,5 Mb.
#182715
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   128
Байланысты:
otemisov karabala saisat

екінші
топ тәсілдерін қолданбау 
мүмкін емес. Бұл 
логикалық
тұрғыдан зерттеу әдістері. Оған мынадай тәсілдер 
жатады: талдау мен синтездеу, индукция мен дедукция, тарихи және логикалық 
талдауларды 
ұштастыру, 
ғылыми 
эксперимент, 
модельдер 
жасау, 
математикалық, компьютерлік, прогностикалық және тағы басқа тәсілдер. 
Тәсілдердің 
үшінші
тобына 
эмпирикалық
зерттеу әдістері жатады. 
Бұрын аталған тәсілдер сияқты бұл да саясаттанудың жеке иелігіне жатпайды, 
бірақ оған қызмет етеді. Эмпирикалық тәсілге мыналар жатады: статистика
құжаттарды зерттеу (анкеталық сұрақ
-
жауап, лабораториялық эксперименттер, 
саяси ойындар теориясы, нақты бақылау, т.б.).
Сонымен, алуан тәсілді пайдаланудағы негізгі мақсат 

түрлі саяси 
процестер мен олардың дамуы жөнінде ақиқат білім мен объективті мәліметтер 
алу. Сайып келгенде, саяси білімдер негізінде саяси ғылым немесе саясаттану 


21
қалыптасты.Олардың объектісі саясат болуы бүкіл әлемдік саяси ғылымда 
танылып, мақұлданған мәселе.Ал саясаттану саясат туралы ғылым болса, онда 
«саясат» дегеніміз не деген сауалдың ұдайы қойылып отыруының өзін білімдегі 
өте орынды ізденіс деп атап көрсеткеніміз жөн.
«Саясат» дегеніміз не деген сұраққа жауап беру ғылыми тұрғыдан оңай 
емес, ол үшін саясат туралы түсініктердің негіздерін анықтай білу қажет. 
«Саясат» ұғымын түсінудің екі негізі бар. Бірінші негізі ежелгі гректің 
«politike» 
ұғымы (мемлекетті басқару өнері) деген мағнаны білдіреді. «Саясат» 
деген түсініктің екінші негізі 

ғұлама ғалым Аристотельдің «Саясат» деген 
еңбегінің атымен байланысты. Ол өз заманында лицей оқу орнын ашып,сонда 
саяси ой
-
пікірлерді білім ретінде жастарға үйретті. Ойшылдың осы қызметінің 
нәтижесінде «Саясат» деген еңбегі дүниеге келді. Бұл еңбекте Аристотель өзіне 
дейінгі грек полистерінің саяси тарихы мен оның жүйесін терең 
зерттеген.Осыдан бергі ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан саясат туралы 
мәселелер адамзат ғылымы даму тарихының негізгі салаларының бірі болды. 
Барлық уақытта қоғамда, әрбір адам өмірінде саясаттың алатын орны мен 
маңызы айрықша, себебі қоғам өмірінде бірде 

бір адам саясаттан тыс болуы 
мүмкін емес.Көптеген адам күнделікті өмірде бүны байқамауы да мүмкін.Бірақ 
әрбір жеке адамның өмірі саясатпен тікелей байланысты болады.Кейбіреулер 
саясат туралы әңгіме бола қалған жағдайда «менің саясатқа ешбір ықыласым 
жоқ, мен саясатпен айналыспаймын» деп те айтып жатады.Әрине,оларды да 
дүсінуге болады, себебі саясат көп салалы, көп мағыналы мәселе.Бұл саланы 
терең де нақтылы білу үшін, осыған негізделген жүйелі білім, жан 

жақты 
дайындық болуы қажет.Бірақ жеке адам саясатқа қандай талғаусыздық 
көрсеткенімен де ол адам саясаттың шеңберінен тыс бола алмайды.Тіпті әрбір 
жеке адамның тұрмыс жағдайы да, оның өмір тағдары да саясатпен тікелей 
байланысты болуы күмәнсіз. Мысалы, ағарту дәуірінде өмір сүрген 
нидерландық ғалым Бенедикт Спинозаның мынадай сөздері бар: «Мен 
саясатпен айналыспасам да, бәрібір саясаттан тыс бола алмаймын».
Саясаттың қоғам өміріндегі маңызының орасан зор болуын басқа да 
көптеген мысалдар дәлелдейді.Мысалы, мынадай пікір білдіретіндер аз емес: 
«Экономиканың деңгейі жоғары болса жеткілікті, қалған меселелер өзінен 
-
өзі 
шешіліп жатады.Сондықтан саясаттың басқалар үшін де, мен үшін де аса 
маңыздылығы да, қажеттілігі де жоқ». Ал елде экономиканың дамуы нәтижелі 
болмай, құлдырауға ұшырап, оның деңгейі өте төмен болса бұл жағдай үшін 
экономиканы кінәлауға болар ма еді? Әрине, бұған экономиканың өзі кінәлі 
бола алмайды.Эконмикада береке болмай жатса, оған кінәлі саясат. 
Экономиканы нәтижелі ұйымдастыру жөніндегі саясаттың дұрыс жолға 
қойылмауы.Сонымен қалай айтсақ та, бастаушы, анықтаушы роль саясатта 
болып отыр.
Бұл жөнінде басқа да мысалдар келтіруге болады. Мысалы, қазіргі 
кезеңдегі әртүрлі мемлекеттердің өркениетті деңгейге жетуі олардың табиғат 
жағдайына, жер байлығына ғана емес 

олардағы мемлекетті басқару 
шеберлігімен, экономиканы ұйымдастыру саясатын дұрыс жолға қоюмен тығыз 
байланысты.


22
Сайып келгенде, саяси ғылым саясат ұғымына мынадай анықтама береді: 
саясат
дегеніміз мемлекет және қоғамның іс 
-
қимылының түрі, жеке 
адамдардың, әлеуметтік топтардың
,
өкіметтің мүддесін іске асырудағы саяси 
қарым
-
қатынастары.
Саясаттың ең басты міндеттері 

мемлекет қалыптастыру, қабылданған 
заңдар, ұйымдастырылған экономика арқылы барлық қоғам мүшелерінің 
әлеуметтік, тұрмыстық, рухани өмірін қамтамасыз ету.Ал осы міндеттерді 
кімдер дұрыс жолмен іске асыруы тиісті? Бұл саладағы қызметкерлерді саяси 
әдебиетте қолданатын термин бойынша 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет