33
егемендігін іс жүзінде болмаса да, заң жүзінде мойындау, территориясын заң
жүзінде бекіту, мемлекеттік
билік органдарын құру, егемен Қазақстанның
мемлекеттік мекемелерін қалыптастыру жолында Қазақ КСР
-
і Жоғары Кеңесі
өшпес тарихи қызмет атқарды.
КСРО
-
ның ыдырауы қарсаңында жарияланған қайта құру саясаты
қоғамымыздың көптеген салаларын қамтыды.
Қазақстандағы демократиялық үрдістердің дамуына 1986
жылғы әйгілі
Желтоқсан оқиғасының әсері зор болды
.
Қазақ жастарының ең алғашқы
демократиялық қозғалысы мәртебесіне ие болған осы оқиғадан кейін елімізде
ар
-
ұждан бостандығы,еркін пікір алысу, жаңаша саяси ойлау жүйесі қалыптаса
бастады. Желтоқсан оқиғасы тек ғана қазақстандықтарға емес, бүкіл КСРО
халықтарының психологиясына үлкен әсер етті. Мемлекеттік күш
көрсетуден
халық қорықпайтын болды. Мызғымас, қуатты саналған социалистік КСРО
біртіндеп ыдырай түсті. 1989 жылы Балтық республикалары бұл мемлекттің
құрамынан шығып та кетті.
Бүкіл елді қамтыған осындай саяси өзгерістер, толқулар,
біріншіден,
республикамыздағы жоғары демократиялық заң шығарушы органның
қалыптасуына өз әсерін тигізді.
1990 жылдың сәуір айында Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің
Достарыңызбен бөлісу: