39
дамуының негізгі кезеңдерін танып
–
білуде өткен замандардағы ғұлама
ғалымдардың, данышпан ойшылдардың саралы саяси ой
-
пікірлерін оқып
-
үйренудің маңызы зор. Бірақ өкінішке орай,
осы теориялық білімді игеру
барысы қанағаттанарлық дәрежеде деп айту қиын. Бұл пікіріміздің дәлелі
барлық ойшылдардың тұжырымдамаларын талдап бір ғана ақиқатты табу
мүмкін емес екенін ескеру. Бұған бір ғана ойшылдың демократия туралы
көзқарасын келтірсек, соның өзі де жетіп жатыр. Мысалы,
Платон
демократияны дамыту жөнінде мынадай ескерту жасаған: “Егер мемлекетте
бұрын демократия болмаған болса, елге демократияны бір мезгілде, кенеттен
енгізуге болмайды. Ал демократияны
кенеттен жариялаған жағдайда, қоғам
төмендегідей дағдарыстарға ұшырайды:
1) охлократияға (тобыр, жиынның билігі); 2) хаосқа, (ретсіздік,
бейберекеттік);
3)
заңсыздыққа;
4)
олигархтардың,
лепірмелердің,
көпірмелердің диктатурасына”.
Саяси теориядағы осындай тұжырымдардың бар екендігіне мойын
бұрмай бұрынғы КСРО мемлекеттік саяси билігі 1987 жылы демократияны
кенеттен жариялап жіберді де, 3 жылдың
ішінде Кеңестер Одағы толық
демократияға жетеді деп уәде берді. Бірақ іс жүзінде олай болмады, ел
жоғарыда көрсетілген дағдарыстарға ұшырап, қарапайым халық басынан
көптеген тар жолдар мен тайғақ кешулер өткерді. Аяғында КСРО
-
ның өзі
ыдырап кетті.
Сонымен қатар тәжірибеде теорияның жолдарын ұстанып демократияны
бірте
-
бірте тұрақты түрде енгізген мемлекеттер де бар. Мысалы,
екінші
дүниежүзілік соғыстан кейінгі фашистік режимнен демократиялық режимге
ауысқан Германия, Италия. 1978 жылдан бастап осы күнге дейін Қытай халық
республикасы да демократиялық процестерді енгізіп келеді. Осының арқасында
Қытай заман талабына сай жаңаруға, қоғамның жылдам дамуына мүмкіндік
алып, қарқынды өркендеуін қамтамасыз етуде.
Міне, демократия саласындағы теорияны толық игерудің маңыздылығы
осында. Демократиялық мемлекет орнату үшін жүйелі түрде саясат теориясын
игеру, саяси процеске
қатысу жолдарын арнайы оқып
-
үйрену, іс жүзінде
тәжірибе жинақтау керек.
Демократия дамуының келесі, екінші проблемасы
–
Достарыңызбен бөлісу: