Саясаттану



Pdf көрінісі
бет28/128
Дата27.09.2023
өлшемі15,5 Mb.
#182715
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   128
Байланысты:
otemisov karabala saisat

Он үшінші
сайланған Жоғарғы Кеңеске сайлау 1994 жылғы наурызда 
1993 жылғы Конституция негізінде баламалық тұрғыда жаңа сайлау заңы 
бойынша өтті. Конституцияға сәйкес Жоғарғы Кеңестің депутаты Қазақстан 


36
халқының мемлекеттік биліктегі өкілі болып табылады және Жоғарғы 
Кеңестен тыс лауазымды қызмет атқара алмайды. Бұл заң Қазақстан тарихында 
тұңғыш кәсіби, тұрақты жұмыс істейтін парламент қалыптастыруға жол ашты. 
Бірақ жаңа Жоғарғы Кеңес заң шығару қызметін аса қиындықпен жүргізді. 
Бұған негізгі себеп 

халық қалаулыларының көбісінің заң шығармашылығы 
жұмысындағы білімдері мен тәжірибелерінің жетіспеушілігі болатын. Жоғарғы 
Кеңестің бұл сайланымы бір жыл ғана қызмет атқарды, осы мерзім ішінде 
қабылданған заңдардың бірі ел үшін ерекше мәні бар «Азаматтық кодекс» 
(Жалпы бөлім) болатын. Кейін, 1995 жылдың наурыз айында Қазақстан 
Республикасының Конституциялық Соты Жоғарғы Кеңестің он үшінші 
сайланымы Конституцияға сәйкес еместігі туралы қаулы қабылдады. 
1995жылдың наурызынан бастап 1996жылғы ақпанға дейінгі аралықта заң 
шығарушылық қызметті Президент жүзеге асырып келді.
Мемлекет тәуелсіздігін орнатудың алғашқы жылдарында басқару нысаны 
туралы мәселелер өте көкейтесті болды және осыған орай мемлекеттік билік 
органдарының құзыреті нақты ажыратылып бөлінбеген болатын. Бұның өзі 
әртүрлі органдардың өкілеттігі мен міндеттерінің ретсіз қайталануы, олардың 
қызметтеріндегі саналуан қарама
-
қарсылықтарға соқтырды.Сондықтан билік 
жүйесіндегі Мемлекет басшысының, Парламент пен Үкіметтің орны мен ролін 
нақты анықтау қажет болды. Күн тәртібінде елде сот
-
құқықтық реформа 
жүргізу мәселесі тұрған болатын. Осының бәрі жаңа Конституция қабылдау
қажеттілігін көрсетті. 
1995 жылғы 30 тамызда (Қазақстан Республикасы Конституциясының 64
-
бабының 7
-
тармағына, 78 

бабының 7
-
тармағына сәйкес) республикалық 
референдумда Қазақстан Республикасының Конститутциясы қабылданды, 
онда уақыт талабы ескеріле отырып, көптеген күрделі мәселелер өз шешімін 
тапты, олар 

мемлекетті, меншікті басқаруды ұйымдастыру, адам құқықтары 
мен бостандығы және басқа да көптеген мәселелер. 
Конституцияда Қазақстандағы мемлекеттік билік біртұтас және ол Заң 
шығарушы, Атқарушы және Сот билігі тармағына бөлу принципіне сәйкес 
жүзеге асырылады, тежеу мен тепе
-
теңдік жүйесін пайдалана отырып бір
-
бірімен өзара іс
-
қимыл жасайды делінген тәртіп бекітілді. Жаңа 
Конститутцияда Қазақстан Республикасы саяси билігінің үш тармағының 
атаулары бекітілді: Заң шығарушы биліктің аталуын Парламент деп қалдыру 
ұйғарылды, оның жоғарғы палатасы Сенат, төменгі палатасы Мәжіліс деген 
атаулармен аталатын болды. Президент, Премьер
-
министр, Үкімет

Атқарушы 
биліктің құрамын құрды. Саяси биліктің үш тармағының бірі

Сот билігі 

Конституциялық Кеңес деп аталатын болды. Парламенттің осы Заңы бойынша 
жергілікті өкілді билік жүйесі Мәслихат, ал атқарушы билік Әкімшілік (акимат) 
деп аталатын болды. 
Әлемдік саяси теорияға сәйкес саяси билік жүйесін демократияландыру 
мемлекеттік биліктің әрбір тармағының дербестігін қамтамасыз етумен қатар, 
осы билік тармақтарын қолдану барысында мемлекеттік заңдылықтың 
сақталуын қажет етеді. Қазақстанда да заң шығармашылығы процесі әлемдік 
саяси теорияға сәйкестендірілген: заң жобасын Мәжіліс мақұлдап, бұдан соң 


37
Сенат қабылдағаннан кейін, оған елдің Президенті қол қойғаннан соң ғана 
қабылданған мемлекеттік заң өзінің заңды күшіне ие болады.
Қазақстан Республикасының жаңа қос палаталы Парламентінің 
депутаттарын сайлау бірінші рет 1995 жылғы желтоқсан айында өтті. Жаңа 
Парламент жұмысқа 1996 жылғы
30 
қаңтар айында кірісті. Қазақстан 
Республикасының демократиялық жолмен сайланған кәсіби Парламентінің 
қызметі осы күннен басталды. 
Жаңадан сайланған заң органының басты міндеттерінің бірі, біріншіден, 
қолданылып жүрген заңдарды 1995 жылғы Конститутцияға сәйкестендіру, 
екіншіден бұрын құқықтық нормалармен реттелмеген немесе құқықтық жаңа 
шешімдерді талап ететін қоғамдық қатынастардың кең ауқымы бойынша жаңа 
заңдар қабылдау болатын.
Парламенттің қызмет барысындағы 1998 жылғы 7 қазанда қабылдаған 
«
Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар 
енгізу туралы» Заңы еліміздің саяси өміріндегі аса маңызды оқиға болды.
Себебі демократиялық қоғам орнатудың негізгі мақсаттарының бірі

мемлекеттік билік органдарын демократияландыру, шынайы да, әділ сайлау 
жүйесін қалыптастыру, оларға саяси партиялардың белсенді түрде қатысуы, 
республиканың саяси өміріндегі Парламенттің дербес мемлекеттік билік 
ретіндегі ролін арттыру еді.
Сонымен, бірінші сайланған Парламент мемлекеттің құқықтық жүйесінің 
берік іргетасын қалаған және оны одан әрі жетілдіруге жол ашқан кәсіби 
парламентаризмнің алғашқы қарлығашы ретінде тарихқа енді деп бағалауға 
толық негіз бар.
Қазақстандағы екінші сайланған парламент өз қызметін 1999 жылғы 1
желтоқсанда бастады. Осы парламент құрамының депутаттарын сайлау жаңа 
заң ережелеріне сәйкес жүргізілді. Біріншіден, Сенат депутаттарының өкілеттік 
мерзімі алты жылға,ал Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі бес жылға 
ұзартылды. Екіншіден, Мәжілістің депутаттық мандатын алу үшін саяси 
партияларға жаңа мүмкіндіктер берілді, яғни Мәжілістің құрамы 67 ден 77 
дейін көбейді. Бұл сайлаушылардың қалауы бойынша саяси партияларға 
Мәжілістен он депутаттық орын иеленуіне мүмкіндік берді.Осы Заң негізінде 
1999 жылы 10 қазанда өткізілген сайлау Қазақстандағы демократиялық жолмен 
қайта құру үрдісіндегі жаңа қадам болды.
Парламентаризм

қоғамды демократияландырудың өзекті жолы.Бұл 
саладағы Қазақстан Республикасы Парламентінің атқарған қызметі сан алуан. 
Қазақстан Парламентінің үшінші сайланымы 2004
-200
7 жылдары қызмет 
етті. Бұл сайланымның мемлекетіміз үшін атқарған қызметтері өте маңызды, 
солардың бірі 
-
2007 жылғы 21 мамырда қабылданған «Қазақстан 
Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу 
туралы» Заңы. Бұл заңның қабылдануы Қазақстан қоғамын демократияландыру 
үрдісіндегі елеулі жетістік болып саналады. Осы заңдардың негізінде 
тәуелсіздік жылдарында алғаш рет Қазақстан Президенті мен Парламент 
арасындағы билік өкілеттілігі елеулі түрде қайта бөлінді. Конституцияға 
енгізілген өзгерістер мен толықтырулар негізінде заң шығарушы орган 


38
қосымша бақылаушылық құқықтарына және Үкімет жұмысына ықпал етудің 
жаңа мүмкіндіктеріне ие болды. Президент өкілеттіктерінің бір бөлігі 
Парламенттің пайдасына қарай қайта бөлінді, ал жоғарғы өкілді органның өзі 
Үкіметті және басқа да жоғарғы мемлекеттік органдарды қалыптастыруға, 
олардың жұмысын бақылауға мүмкіндік алды. Конституцияға енгізілген осы 
өзгерістер арқылы Мәжіліс депутаттарының саны 77 ден 107
-
ге дейін 
көбейтілді және оның 98
-
нің саяси партиялық тізім негізінде сайлануы 
Қазақстанның саяси жүйесін демократиялық түрғыдан түбегейлі жаңартты. 
Осы жаңарту жөнінде Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 2007 жылғы 21 
мамырда сөйлеген сөзінде былай деп атап көрсетті: «Іс жүзінде Қазақстан 
президенттік

парламенттік басқару формасына көшті».
Саяси ғылымдар тұжырымдары бойынша, республикада парламенттік 
басқару формасы демократия дамуындағы жоғары көрсеткіш деңгейі болып 
саналады. 1995 жылы Президенттік басқару формасы жарияланған Қазақстан 
Республикасы бүгін Президенттік

парламенттік республикаға айнала бастады. 
Бұл жас, тәуелсіз мемлекет үшін өте зор саяси жетістік болып саналады.
Сонымен, Қазақстан Парламенті қызмет атқарған жылдары оның әрбір 
сайланымы мен сессиясы еліміздің экономикалық және саяси дамуын 
заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жолында табысты қызмет атқарды. 
Парламент жүздеген озық үлгідегі заңдар қабылдап, биліктің атқарушы және 
заң шығарушы тармақтарының арасындағы күштердің орнықты тепе
-
теңдігін 
қамтамасыз етіп, палаталардың әрқайсысында заңдарды нақтылықпен қарау 
арқылы заң жобаларын бекітудің парламенттік тиімді жолдарын қалыптастыра 
білді.
Бүгін Қазақстан саяси жүйені демократияландырудың жаңа кезеңіне өтті. 
Парламенттің болашақта да қоғамның саяси жүйесін жетілдіруші, 
мемлекетімізді демократиялық жолмен дамытушы күші болып қала беретіні 
анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет