35
жүзеге асыра алатын әлемге танымал әрі толық құқықты субъектісі болып
саналды.
Ел
парламентінің
келесі
маңызды
қызметі
—
мемлекеттің
конститутциясын қабылдау болды. Жаңа Конституцияны әзірлеп, қабылдау екі
жылға жуық мерзімді қамтыды.Жоғарғы Кеңестің он екінші сайланымы 1993
жылғы 28 қаңтарда демократиялық, тәуелсіз және біртұтас мемлекеттің негізгі
құқықтық құжаты ретінде Қазақстан Республикасының жаңа Конститутциясын
қабылдады. Жаңа Конституцияда Қазақстан тарихында алғаш рет саяси билік,
мемлекеттік органдар өз өкілеттері шеңберінде дербес, тежеу мен тепе
-
теңдік
жүйесін пайдалана отырып, өзара қызмет атқаратыны айқындалды. 1993 жылғы
Конституцияның жобасын әзірлеу барысында елімізде қос палаталы Парламент
құру идеясы талқыланып жатты.
1993 жылғы желтоқсанда Жоғарғы Кеңес өзін
-
өзі тарату туралы шешім
қабылдады.Сол кездегі парламенттің он екінші сайланымы депутаттарының
өзін
-
өзі тарату туралы шешімі оңайлықпен қабылданған жоқ, бұл шешім халық
қалаулыларының ұзақ ой елегінен өткізулерінің жемісі болды. Біріншіден,
заман талабына сәйкес парламенттің қызметіне кәсібиліктің жетіспейтіндігі
анықталды. Мысалы, Жоғарғы Кеңестің он екінші сайланымы құрамы жағынан
ешқандай негізсіз үлкен болды, заң шығару қызметімен депутаттардың аз ғана
бөлігі айналысса, ал басқалары өздерінің негізгі жұмыстарынан қол үзбейтін
еді. Осы жағдайлардың бәрі заңдарды әзірлеп, дайындау барысында көптеген
қиындықтар туғызды. Депутаттар аппарат қызметкерлері әзірлеген заң
жобаларына дауыс беруге жиналмағандарын түсініп, өздері де заң жобаларын
дайындауға
талпынды.
Екіншіден,
жергілікті
өкілеттік
органдары
депутаттарының басым көпшілігі жаңа Конституция жүктеген міндеттерді
атқара алмайтынын және белгілі бір дәрежеде жүзеге асырылып жатқан қайта
құру саясатына кедергі болып отырғанын түсінді. Сондықтан да барлық
деңгейлердегі жергілікті Кеңестер бір мезгілде өзін
-
өзі таратып жіберді.
Үшіншіден, елімізде саяси және әлеуметтік
-
экономикалық жағдай мүлде
өзгерді. Жоғарғы Кеңестің 90 депутаттық мандаттың орындарына өз өкілдерін
ұсынатын қоғамдық
-
саяси ұйымдардың құрамы да түбегейлі өзгерді.
Коммунистік партияның, лениншіл комсомолдың тұғырдан түскеніне екі жыл
өтті, кәсіподақ ендігі жерде «коммунизм мектебі» болудан қалды. Осының
бәрі Қазақстандағы депутаттық корпустың өзгертілуін айқындады. 1993 жылғы
13 желтоқсанда «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің өкілеттілігін
мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Заң күшіне енді. Өзін
-
өзі тарату туралы бұл
шешім он екінші сайланған Жоғарғы Кеңес депутаттарының объективті
қажеттіліктен туған, ақыл, парасатқа негізделген батыл қадам болғандығы
айқын еді.
Жоғарғы Кеңес өзінің соңғы отырысында Қазақстан Президентіне заң
шығарушы билік болмаған кезеңде
—
заң күші бар жарлықтар шығару және
өкілді билік органдарының сайлауын өткізу үшін қосымша өклеттік берді.
Достарыңызбен бөлісу: