40
беретінім неліктен? Кез келген демократиялық қоғамда бай адамдардың үлес
салмағы 10 пайыздай, орташа тап
– 70-
80 пайыздай, кедейлер
– 10-
15 пайыздай
болады. Орташа тап деп кімдерді айтамыз? Жалақысы отбасын асырауға,
баспанасын ұстауға, балаларын оқытуға, көлік сатып алуға және ақша жинап
қоюға жететіндей адамдарды айтамыз. Біз осындай қоғамға ұмтыламыз. Соған
қол жеткізген кезде 80 пайыздық дәулетті орташа буын қоғамды оңды
-
солды
бұлталақтатып қоя алмайды” (Н.Назарбаев: “Ең бастысы
–
ел тыныштығы”.
“Егемен Қазақстан”. 2002 жыл, 7 ақпан).
Демократияның даму жолындағы үшінші проблема
–
партократия.
Партократия
дегеніміз
–
демократияға негізделмеген бір партияның билігі
орнатылған мемлекеттік басқару түрі. Партократияның негізгі белгісі бір
партия мемлекет билігіне қолы жеткеннен кейін басқа партиялардың билікке
келуіне тыйым салады. Тіпті кейбір жағдайда қоғамда көппартиялылыққа
тыйым салынады. Партократияның демократияға тигізетін зияндылығы
-
қоғамда әртүрлі саяси қозғалыстарға, саяси бірлестіктерге, қоғамдық
ұйымдардың билікке араласуына жол бермейді. Қоғам билікте тұрған тек бір
партияның ғана бағдарламасымен өмір сүруге мәжбүр болады. Ол партияның
бағдарламасы жүзеге аспаған жағдайда мемлекет тоқырауға ұшырайды.
Партократия бұрынғы Кеңес Одағында, барлық социалистік елдерде орын
алды. Қазіргі уақытта Солтүстік Кореяда, Заирде, Ливияда және т.б. елдерде
сақталып келеді.
Демократияның төртінші проблемасы
–
Достарыңызбен бөлісу: