Саясаттану



Pdf көрінісі
бет31/128
Дата27.09.2023
өлшемі15,5 Mb.
#182715
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   128
Байланысты:
otemisov karabala saisat

бюрократтық

жүйе. 
(бюрократизм деген термин французша “вуrеау” 

кеңсе, грекше “kratos” деген 
сөздерден құралған кеңсе, канцелярия билігі деген түсінік). Бюрократизм 

қоғамдағы 
басқарушылар 
мен 
оларға 
бағыныштылардың 
арасында 
қалыптасатын өзіндік саяси жүйе. Осы екі топтың арасындағы қарым
-
қатынастар неғұрлым жетілмеген болса, соғұрлым демократияға зиянды 
әлеуметтік буындар күшейе түседі. Бюрократтық жүйенің демократияға 
зияндылығы ол мемлекеттің саяси жүйесі мекемелеріндегі, бір
-
бірімен 
сыбайлас қызметкерлер әртүрлі мемлекеттік орындарға қызметкерлерді жеке 
өздері тағайындауы. Мемлекеттік қызмет басшыларын сайлау, таңдаулы, 
қабілетті адамдарды билік іс басына әкелу тежеледі, демократиялық ұстанымға
қарсы әрекеттер жасалады. 
Демократияның даму жолындағы жоғарыда аталған проблемалар тек 
негізгілері. Ал күнделікті саяси өмірдегі қиыншылықтарды толық зерттеп 

білу мүмкін емес. Бұл неліктен? Біз осы сұраққа жауап іздейтін болсақ, ең 
алдымен демократияның дамып келе жатқан үрдіс екендігін түсінеміз. Себебі, 
демократия белгілі бір деңгейге жетіп, дамуы тоқталатын процесс емес. Оған 
бірнеше дәлелдері бар. Мысалы, қазіргі дүние жүзіндегі мемлекеттердің тек 
үштен бірі ғана демократиялық мемлекеттер қатарына жатуы. Тағы бір дәлел 

тарихтың әрбір кезеңінде демократияға деген көзқарас әртүрлі болды. 
Демократияның қалыптасу тәсілдері, деңгейі ғасырдан ғасырға жетіп өзгеріп 
отырды. Мысалы, XVIII ғасырдағы дүние жүзіндегі демократиялық деңгейі ең 
жоғары мемлекет Америка Құрама Штаттары болып танылды. Бірақ ол уақытта 
АҚШ
-
та әйелдердің сайлауға қатысуға құқығы да болған жоқ, бұл елде нәсілдік 


41
шектеу, мүліктік ценз кеңінен орын алды. Қазіргі кезеңде бұндай мемлекет 
демократиялық мемлекеттің қатарына мүлде жатпайды. 
Сондықтан демократия мәселелері барлық кезде саяси ғылымдардың 
назарынан тыс қалған жоқ, Олар қазіргі кезеңде де демократияның даму 
жолдарын, оның болашағын жан 

жақты зерттеу үстінде.
Мысалы, демократияның қазіргі кезеңдегі негізгі принципі 

көпшілік 
қалауы. Бірақ кейбір ғалымдар бұл принципті көпшіліктің үстемдігі, тіпті 
диктаты деген пікір білдіріп, азшылықтың да еркін, құқын ойластыру керектігі 
жөнінде үлкен зерттеу жұмыстармен айналысуда.Сондықтан демократия 
проблемаларының қазіргі мәселелері болашақта да дамып, жетіліп отыруына 
толық сенім білдіруге болады. 
Демократияның проблемалары да, кемшіліктері де көп, олар 
демократияның даму барысында әлі де бола бермек. Бірақ солай бола тұрса да, 
бұл саяси процесс адамзат дамуының бірден
-
бір қажетті жолы. Ағылшынның 
көп жылдар премьер
-
министрі болған Уинстон Черчильдің айтқанындай: 
«Демократияның көп кемшіліктері бар, бірақ оның ең құндылығы сонда 

бұдан артықты бүгінге дейін ешкім ойлап тапқан жоқ»
Сонымен, қорыта келгенде, демократия алғашқыда түсінуге жеңіл, 
қарапайым мәселе сияқты болып көрінеді. Бірақ оның даму жолы өте күрделі, 
шытырман, себебі 

демократия билікпен тікелей байланысты. Ал елдегі билік 

ол әрбір адамның тағдырына әсер ететін құбылыс.Билік болған жерде, 
өкінішке орай, талас та болады. Американың әйгілі саясаттанушысы Талкотт 
Парсонстың айтқанындай: “экономикалық жүйеде ақша қандай орын алса, 
саяси жүйеде билік те сондай орын алады”. 
Халық осы билікті толығымен, шын мәнінде өз қолына алса, міне сонда 
ғана демократия ең жоғарғы даму деңгейіне, шыңына жетті деп айтуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет