Саясаттану



Pdf көрінісі
бет22/128
Дата27.09.2023
өлшемі15,5 Mb.
#182715
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   128
Байланысты:
otemisov karabala saisat

 демократия
дегеніміз не?» 

деген сұраққа жоғарыда 
келтірілген пікірлердің барлығын қорытып айтатын болсақ, «қоғамдық билікті 
халық сайлайтын, теңдік, құқықтық, әділеттік, еркіндік ұстанымдарына 
негізделген мемлекеттік құрылыс», 

деп жауап беруге болады. 
Демократияға байланысты тағы да бір түсінікті анықтап алғанымыз жөн. 
Ол демократия мен бостандықтың ара қатынасы туралы мәселе. Мысалы, 
көпшілік “демократия” деген не? 
-
деген сұраққа көп жағдайда “демократия 

ол еркіндік” деп жауап береді. Осы дұрыс па? Демократия 

тек қана еркіндік 
пе? Егер олай болатын болса, демократия әркімді күнделікті міндетінен, 
тәртіптен, жауапкершіліктен босатып жібере ме? Демократия ондай еркіндікке 
қарсы. Сонда, демократия қандай еркіндікті жақтайды? Бұл мәселені анықтап 
алу үшін, біріншіден, демократияның шешім қабылдау тәсілі есте болуы керек. 
Демократиялық шешім қабылдау дегеніміз ол көпшіліктің пікірі арқылы шешім 
қабылдау. 
Бұл ұстаным бойынша демократияның қолдайтын бостандығы, әр 
азаматқа беретін құқығы санаулы ғана. Олар
:
1)
Ұжымдық шешім қабылдауға қатысу.
2)
Шешім қабылдау үшін өз пікірін, ұсыныстарын білдіру. 


28
Яғни, еркіндік тек ғана шешім қабылдағанша ғана құқылы

Ал шешім
қабылдағаннан кейін көпшіліктің шешімі барлығы үшін заң

Азшылық дауыс
берген уақытта қарсы болса да
,
көпшіліктің шешімін орындау оларға да заң

Бұл демократияның тәртібі

заңы

мәдениеті
,
сонда ғана демократия көпшілікке
қажет тәртіпті орнатуға мүмкіндік береді

Ал кейбір азаматтардан өз
міндеттерін

жауапкершіліктерін талап ету немесе талап етпеу демократияның 
қызметі емес. Бейберекетсіздік, анархиялық бостандық 

ол демократияның 
ұстанымына жатпайды. 
Сонымен, демократияның мақсаты 

қоғамда өлшемсіз, ретсіз бостандық 
орнатып, билікті әлсірету, бәсеңдету емес, көпшілік үшін қажетті тәртіп орнату. 
Демократия 

ол бостандықтың өзі емес, демократия 

бостандықты орнатудың 
жолы. 
Демократия мәселесіндегі маңызды сұрақтың бірі 

демократиялық 
мемлекет қандай болуы керек? Демократиялық мемлекеттер бір түрде, бір ғана 
жолмен орнықпайды. Бірақ демократиялық мемлекеттердің көп түрлілігіне 
қарамастан, олардың бәріне ортақ белгілері бар. 
Демократиялық мемлекеттің негізгі белгілері: 
1.
Саяси биліктің негізгі органдарының сайлануы
.
2.
Шешім қабылдаудағы азшылықтың көпшілікке бағыну тәртібін ресми 
мойындау. 
3.
Азаматтардың жалпыға бірдей сайлау құқығының болуы

4.
Сайлауда бір орынға бірнеше үміткердің болуы (балама сайлау
). 
5.
Саяси, экономикалық, рухани әртүрлілік. 
6.
Саяси биліктің үш тармағының болуы. 
7.
Қарсылықты (оппозицияны) заңдылық ретінде мойындау. 
8.
Саяси биліктің заңға бағынышты болуы. 
9.
Қоғамдық
-
саяси шешімдер қабылдаудағы жариялылық. 
10.
Азаматтардың заң алдындағы теңдігі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет