Саясаттану



Pdf көрінісі
бет47/128
Дата27.09.2023
өлшемі15,5 Mb.
#182715
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   128
Байланысты:
otemisov karabala saisat

Құқықтық мемлекет 
деген ұғымдағы “құқықтық” деген сөздің 
болуында үлкен мән бар. Ол қоғамның саяси
-
әлеуметтік өмірінде, оның барлық 
саласында құқық жоғары орында тұруы керек дегенді меңзейді. Бұл әрбір 
құқықтық мемлекеттің басты ұстанымы болуы керек, яғни құқық әрбір елдің 
Конституциялық негізгі заңында бекітіліп, басқа да заңдары мен жарлықтарына 
нұсқау болуы тиіс. Заң үстемдігі болмаған жерде құқықтық мемлекет те 
болмайды. Тіпті ежелгі дүние адамдары да еркіндікті аңсағанда заңның 


66
үстемдігі арқылы ғана бостандыққа жетуге болады деп санаған. Осы тұрғыдан 
алғанда 
Қазақстан 
егеменді 
мемлекет 
болғаннан 
кейін 
өзінің 
Конституциясында қоғамдағы құқықтық заңның үстем болуын басты принцип 
етіп жариялап, бірінші бабында 
-
ақ: “Қазақстан Республикасы өзін 
демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде 
орнықтырады”
-
деп атап көрсеткен.
Құқықтық мемлекеттің құқықтық еместен мемлекеттен ерекшелігі 

заңдарының сапасында. Құқықты мемлекеттің заңдары әділ, ізгілікті болуы 
керек. Онда адамдардың өмір сүру, өзіне лайықты күн көру, т.б. сол сияқты 
ажырамас құқықтары бекітілуі қажет. Құқық 

мемлекеттің адамға берген 
сыйлығы емес, бұлай түсіну аңғалдық және түбірімен зиянды. Құқық адамның 
табиғатымен бірге жаралған. Мемлекет құқықты тек іске асыруға жағдай 
жасаушы ғана. Жоғарыда аталған “Адам құқықтарының жалпыға бірдей 
Декларациясында”: “Барлық адам жаратылысынан еркін, бойындағы қасиеттері 
мен құқықтары тең болып туады. Оларда ақыл, ар
-
ұждан болғандықтан бір
-
біріне туысқандық рухта ықылас білдіруге тиіс” 
-
деп көрсетілген. Осы 
тұжырымды айқындай келіп
,
Декларацияның 3 бабы: “Әрбір адам өмір сүруге, 
еркін болуға және жеке басының өміріне ешкімнің қол сұқпауына құқылы” 
-
деп бүкіл әлемге паш етті. Бүкіл адамзат мойындап отырған осы аса маңызды 
халықаралық құжаттың аталып өткен қағидалары Қазақстан Конституциясында 
толығымен енгізіліп: “... дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды 
тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары 
жауапкершілігімізді сезіне отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз”
-
деп 
атап көрсетілген. 
Еркіндік, бостандық деген ұғымды шексіз (абсолюттік) деп түсінбеу 
керек. Әрбір адам қоғамда өмір сүргендіктен белгілі жағдайда сол қоғамдық 
ортаға тәуелді болады. Бірақ оның да белгілі шегі, өлшемі бар. Қоғам өміріндегі 
бостандық өлшемі құқылық формада анықталады. Ал ол өлшем жұрттың бәріне 
бірдей болу керек. Мәселен, Конституцияның 15
-
бабында көрсетілгендей, 
«
Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға 
хақысы жоқ» деп жарияланған. Өзі өмір сүруге құқығы бола тұрып, бір адам 
екінші бір адамның өміріне қауіп төндіруге, қастандық жасауға ерікті емес. 
Осылай болмаған күнде бір кісінің құқықтығы екіншісінің құқықтылығын 
жоққа шығарып, біреулердің ғана игілігіне айналған болар еді. Адам құқығы 
қоғамдық өмірдің әр саласында: экономикалық, саяси, мәдени, әлеуметтік және 
жеке басының әрекет жасауынан көрінеді. Құқық неғұрлым міндетті, неғұрлым 
кепілденген болса, соғұрлым кісі еркін болады. 
Құқықтық мемлекет адам бостандығы мен теңдігін тұлғаның туа біткен 
қасиеті деп жариялады. Адам еркін барынша қастерлеп, оның автономиялы 
екендігін танып, мемлекет меншігі деп қарамайды, қайта өзінің ажырамас 
бөлігі деп есептейді. 
Сөйтіп, мемлекет барлық құқықтық жүйенің өзегі болып есептелетін адам 
құқығын қорғап отырады. Сондықтан да оның заңдары мен жарлықтары адам 
құқығына сай келетін, оның ешбір бұзылмайтын принциптеріне бағынатын 
болуы керек. Сонымен, адам құқығының мәні 
-
оның ар 
-
ұжданының, 


67
адамгершілігінің, абыройының, мүддесінің мызғымастығы және оларды қорғау 
кепілдігін қамтамасыз ету. Құқықты мемлекеттің тағы бір ерекшелігі 

мемлекет пен жеке адам арасындағы өзара жауапкершілік принципінің 
қалыптасуы. Бұны біз жеке кісінің еркін белгілі бір мөлшерде шектеуге барып, 
мемлекеттің нұсқауларына бағынуға міндеттеуінен және мемлекет тарапынан 
жеке тұлғаның құқығын қорғауға жауапты болып, оның өмірлік қызметіне 
кепіл болуынан көреміз. Осыған байланысты құқықтық мемлекет өз 
азаматтарының мүддесіне сай келетін әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға 
міндетті. Сондықтан да қазіргі кезде құқықты, әлеуметтік мемлекет туралы жиі 
айтылатын болды. Құқықты мемлекеттің тағы бір ерекшелігі билік жүргізуді 
бұйрық немесе жеке шешімдер арқылы емес, заң арқылы іске асыратындығы. 
Бұл заңдар әділ болып, әділетті шаралар арқылы іске асырылуы керек. Міне, 
осы мақсатта өкімет билігін бөліп жүргізу принципі әрекет етеді. Бұл ұстаным 
бойынша бірде
-
бір мемлекеттік органға толық өкімет билігі берілмейді, 
әрқайсысы өз міндеттерін өз билігі көлемінде заңға сәйкес атқарады және 
ешқайсысы бірінің қызметін бірі қайталамайды. Бұл шенеуніктердің өз қызмет 
бабын пайдаланып, басқа адамға қиянат жасаушылыққа жол бермеу үшін 
қажет. Ал енді саяси биліктің үш тармағында үстемдік үшін таласқа түсуді 
болдырмау үшін құқықтық мемлекетте олардың біріне жоғары мәртебе берілуі 
қажет. Ондай мәртебе заң шығарушы билікке берілген. Өйткені, сол ғана ішкі 
және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына заңдық негіздегі күш беріп, 
қоғамдағы заңның үстем болуын қамтамасыз етіп отырады. Барлық құқықтық 
мемлекеттерде заңдық өкіметке парламенттер (формалары әртүрлі болғанымен) 
ие болады. Өйткені, парламент қоғамдағы саяси, әлеуметтік қарым
-
қатынастарды заң арқылы реттеп отырады, ал оған заң шығаруға өкілеттілік 
беретін халық. 
Барлық құқықты мемлекеттерде заңдардың конституциялығын бақылап 
отыратын мемлекеттік биліктің тармағы 

сот билігі. 
Сонымен, сайып келгенде, демократиялық республиканың саяси сапасы 
жағынан жетілген түрі 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет