Саясаттану



Pdf көрінісі
бет48/128
Дата27.09.2023
өлшемі15,5 Mb.
#182715
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   128
Байланысты:
otemisov karabala saisat

құқықтық мемлекет
, яғни демократиялық жолмен 
қабылданған заң үстемдік ететін, заңның алдында бәрі де тең саналатын, жеке 
адамның құқығын жан
-
жақты қамтамасыз ететін мемлекеттік басқару. 
Қорыта келгенде, мемлекеттің ең басты міндеті

қоғамда тұрақтылық 
орнатып, азаматтарының қалыпты өмір сүруіне жағдай жасау. Мемлекет 
туралы тақырыпты талдаған кездегі жиі кездесетін сұрақтың бірі: «қоғамның 
мақсаты қандай мемлекет орнату, яғни қандай мемлекет халық үшін тиімді 
болып табылады?» деген сұрақ. Бұған саясаттанушы ғылымдардың қысқаша 
жауабы: «Ең жақсы мемлекет

ол өзімізді өзіміз басқаруға жәрдем ететін 
мемлекет» 
-
деген қағида.


68
Бақылау сұрақтары
1.
Платон мен Аристотельдің мемлекет құрылысы туралы ой
-
пікірлері
2.
Т.Гоббс. “Левиафан”
3.
Этатизм деген түсініктің мағынасы 
4.
Азаматтық қоғамның негізгі белгілері 
5.
Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері 
6.
Мемлекеттік басқарудың негізгі түрлері 
7.
Мемлекет құрылымының түрлері 
8.
Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар 
9.
Унитарлық (біртұтас) мемлекет дегеніміз не? 
10.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері қандай?


69
Y тарау
САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН ҚОЗҒАЛЫСТАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ 
ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ ОРНЫ
1. Саяси партия 

 билік пен қоғам арасындағы байланыс құралы
Партия дегеніміз не? 
Партия
әдетте бағдарламалық құжаттарда 
көрсетілген ортақ саяси бағытты, көзқарастарды ұстанған азаматтардың белгілі 
бір тобын біріктіретін ұйым. Нақты әлеуметтік
-
таптық мүддені білдіретін 
идеология мен саяси бағытты басшылыққа ала отырып оны іске асыру үшін 
партиялар мемлекеттік билікке келуге ұмтылады.
Мысалы, жеке адам қоғамдық немесе жергілікті көлемдегі белгілі бір 
саяси әлеуметтік мәселені нәтижелі шешу жолдарын қарастырады. Бұл туралы 
оның тұрақты көзқарасы қалыптасады. Ол көзқарас, яғни, идеясы кейін 
мақсатқа айналады. Ал енді оны қалай іске асыру керек? Мүмкін ол адам 
бұқаралық ақпарат арқылы өзінің мақалаларын шығарар немесе әртүрлі 
жиындарда, ғылыми конференцияларда өз пікірін білдірер. Бірақ бұның бәрі де 
сол азаматтың идеясының іске асырылуына толық кепілдеме бермейді. Идеяны, 
пікірді іске асырудың айқын бір жолы 

билікке келіп билік арқылы іске асыру. 
Билікке келу деген түсінік ол билікті өз қолына тартып алу емес, қалыптасқан 
билік қатарынан орын алу. Мысалы, белгілі бір саяси ұйымның өкілдері 
депутаттыққа өтіп парламенттің бірнеше орындарына ие болса, олардың жаңа 
заң шығаруға әсер ету мүмкіншілігі пайда болады. Осы арқылы ол өзінің 
көзқарасын заң жолымен іске асыруға мүмкіндік алады.
Бірақ бұндай жүйе демократиялық жағдайда ғана мүмкін. Сондықтан 
партияның билікке өтуін немесе өтпеуін шешетіндер тек ғана сайлаушылар 
болуға тиісті. Ол үшін сайлаушылардың, жалпы қоғамның демократиялық 
саяси мәдениеті жоғары деңгейде болуы керек. 
Ал демократия орнықпаған режимдерде кейбір саяси партиялар өз 
көзқарасын іске асыру үшін билікке төңкерістер, революциялар арқылы келді. 
Мысалы, ХІХ ғасырдағы Еуропа елдеріндегі революциялар, Ресейдегі 1917 
жылғы Қазан революциясы және т.с.с.
Жалпы алғанда, партия қоғамдағы бұқаралық, әлеуметтік күштердің 
мүддесін білдіруге, мемлекеттік билік орындары арқылы сол мүдделерді жүзеге 
асыру үшін қызмет етеді. Саяси партия мемлекет пен қоғамды бірлестіретін 
буын, саяси билік пен қоғамның арасындағы байланыс құралы.
Сонымен, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет