Мемлекет, құқық, тұлға. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет.
Орындаған: Саненов Ильдар
Мемлекет ұғымы, типологиясы
Мемлекеттерді жіктеу процестері олардың тарихи дамуын дұрыс түсіну үшін қажет. Типология – қоғамның тарихи дамуының негізгі мазмұны мен нышандарын түсіну үшін қолданатын әдістер мен тәсілдер. Мемлекеттің даму процесі бүкіл дүниежүзі дамуының бір бөлімі. Оны анықтап түсінгеніміз – бүкіл тарихты жақсы білгеніміз. Мемлекеттің дамуы үздіксіз объективтік процесс.
Бұл даму процесі мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, мәдени, саяси мазмұнымен және алдында тұрған мақсаттарымен байланысты. Мемлекеттің тарихи типін белгілейтін экономикалық жағдай, жеке меншіктің түрі, сонымен байланысты қоғамның дифференциациялау процестері жатады. Ал тарихи типтің дамуы мемлекет қай топтардың мүдесін қорғайды, халықтың қандай демократиялық құқықтары мен бостандықтарын қорғайды, басқару процесінде қандай демократиялық әдістер мен тәсілдер қолданатынын көрсетуге тиіс.
Құқық пен тұлғаның өзара байланысы
Құқық пен жеке тұлғаның өзара байланысын тек құқықтық статус арқылы толық түсінуге, білуге болады. Онда олардың сан қырлы байланысының түсінігі, мазмұны құрылымы, мақсаты, талаптары, мемлекет пен қоғамдық ұйымдармен арақатынасы көрсетіледі.
Азамат құқығы – табиғи құқықтар жинақталып, жүйеге келтіріліп, мемлекеттің заңдарында, нормативтік актілерде көрсетіліп, мемлекеттің қорғауында болып адамдар сол қоғамның азаматы болу.
Жеке тұлғаның құқығы – жеке адамның құзыреті, іс-әрекет жасау мүмкіншілігі. Оның шеңбері жеке тұлғаның саяси-қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық мәртебенің шеңберіне байланысты. Жеке тұлғаға жататындар: адам, азамат, шет елдердің азаматы, азаматтығы жоқ адамдар, саяси-экономикалык, әлеуметтік тұрғыдан қашқындар.
Азаматтық қоғам
Азаматтық қоғам - ол жеке тұлғаның негiзгi құқықтыры мен еркiндiктерi заң жүзiнде қамтамасыз етiлетiн және саяси қорғалатын, мемлекеттен тыс қатынастар саласы үйлесiмдi дaмығaн қoғaм. Оны iшкiмемлекеттiк қaтынacтapдың дамуына ықпал жасайтын адамдар топтарының ұйымдасқан әpeкeтi ретiнде де aнықтayғa болады. Қoғaм мүдделерiне бағытталған азаматтық бастама азаматтық қoғaмның маңызды белгiсi болып табылады. Дамыған демократиялық мемлекеттер, сонымен қатар өркендеген азаматтық қoғaмaдap да болып табылады. Сонымен бiрге азаматтық қoғaмның дамуына бағытталған түрлi әлеуметтiк топтардың немесе жеке азаматтардың бастамалары (азаматтық бастамалар аталынатын) мемлекет арқылы қабылданады және оны жетiлдiре түceді. Дамушы және «өтпелi экономика» мемлекеттерiне жататын елдерде жағдай бiршама басқаша. Coңғылары азаматтық бастамалар мемлекет құрылысының тiкелей мiндеттерi шектерiнен шығып кeтyiнe байланысты азаматтық бастамаларға күдікпен қарайды.
Құқықтық мемлекет ұғымы
Құқықтық мемлекет — конституциялық басқару тәртібі, дамыған құқықтық жүйе мен тиімді сот билігі бар мемлекет нысаны.
Құқықтық мемлекет – өзінің негізгі институттары ретінде билік бөлінісін, сот тәуелсіздігін, басқару заңдылығын, мемлекеттік билік тарапынан азаматтардың құқығы бұзылуына жол бермеуді және оған қоғамдық мекеме тарапынан тигізілген залалдың құнын өтеп алуды қарастыратын мемлекет. Құқықтық мемлекет идеясының сан ғасырлық тарихы бар. Ол сонау ежелгі дәуірден бастау алады. Құқықтық мемлекеттің философиялық негізін И. Кант жасады. Қазіргі ғаламдық әлемде құқықтық мемлекет тұжырымдамасы мемлекет, қоғам және азаматтың арақатынасын қалыптастырудың әмбебап идеалы болып отыр. Құқықтық мемлекет идеясының мәні - оның бірізді демократиялылығы, билік көзі ретіндегі халық егемендігін бекіту, мемлекеттің қоғамға бағынуы. Құқықтық мемлекет идеясындағы бастысы - мемлекеттің және оның органдарының зорлық-зомбылығынан, басынуынан азаматтарды қорғау кепілі болатын мемлекеттің құқықпен байланыстылығы. Құқықтық мемлекет ең алдымен, барлық мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер және азаматтар бағынуы тиіс өзіндегі құқықтық ережелермен өзін-өзі шектейтіндігімен ерекшеленеді, ал ондағы басты принцип - құқық үстемдігі.
Құқық үстемдігі деген ең алдымен заң үстемдігін білдіреді. Басты, маңызды, негізгі қоғамдық қатынастар заңмен реттеледі. Қоғам өмірінде заң үстемдігі арқылы, барлық саяси институттарда жоғарғы құқық бастаулары, құқық рухы енгізіледі. Осылайша, азаматтардың құқықтарының шынайылығы әрі мызғымастығы, олардың сенімді құқықтық мәртебесі, заңдық қорғалуы қамтамасыз етіледі. Құқықтық мемлекет - ең алдымен, құқықтық мемлекет идеялары іске ас¬қан конституциялық мемлекет. Конституциялық құрылымның негізгі қағидаттары, қоғам дамуының маңызды бағыттары, оның басты идеялары конституциялық деңгейде бекітіледі. Конституция құқықтық жүйенің орталығы болып табылады. Соның негізінде құқықтық мемлекеттегі заңдылық тетіктері қалыптасады.