Саясаттану



Pdf көрінісі
бет51/128
Дата27.09.2023
өлшемі15,5 Mb.
#182715
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   128
Байланысты:
otemisov karabala saisat

жұмысшылар 
партиясы деп аталды (ГСДЖП). Бұл партияның мақсаты 

жұмысшыларды, шаруаларды, кедейлерді буржуазиялық қанаудан құтқару, 
олардың еңбек ақысын әділетті түрде төлету, 8
-
сағаттық жұмыс күнін орнату, 
шаруаларға жер беру, қоғамның барлық саласында кедейлерге теңдік беру. Ол 
үшін кедейлерді революцияға көтеріп, байларды жойып, жекеменшікті жойып, 
социализм орнату. Яғни, ГСДЖП алғашқы қалыптасқан кезде марксистік 
көзқараста болды. Бірақ кейін ГСДЖП
-
ның жетекшілері кедейлерге теңдік 
орнатудың жолы тек ғана революция жасау, социализм құру, байларды жою 
емес, кедейлердің мүдделерін реформалар арқылы шешуге болады деген 
теориялық тұжырымдамаға келді. Кейін бұл идеология 
реформизм 
деп аталды. 
Сонымен, Германия социал
-
демократиялық жұмысшы партиясы 
марксистік көзқарастан реформистік көзқарасқа ауысты. Осыған сәйкес 1901 
жылы партияның аты да өзгерді: Германия социал
-
демократиялық 
жұмысшылар партиясы дегеннің орнына Германия социал
-
демократиялық 
партиясы деп аталды (ГСДП). Яғни, “жұмысшылар” деген сөз партияның 
атынан алынып тасталды. Бұның себебі 

осы партияның ісі тек ғана 
жұмысшылар табының мүдделерін шешу емес, жалпы елге, халыққа қызмет ету 
болды. 
ГСДП бағдарламасының негізгі мазмұны 

кедейшілікпен күресу болды: 
елде жұмыссыздықты азайту, жұмыссыздарға көмекақы төлету, жаңа жұмыс 
орындарын ашу, қарт адамдарға зейнетақы төлету т.с.с. Олардың мақсаты осы 
күрделі әлеуметтік шаралардың барлығын реформалар арқылы шешу 
(революция арқылы емес). Олар бұл реформаларды жаңа парламенттік заңдар 
қабылдау арқылы жүзеге асыруды ұсынды. 
ГСДП
-
ның бұл бағдарламасы халық арасында кеңінен қолдау тапты. 
Парламенттік сайлауларда халық осы партияға көбірек дауыс беретін болды, 
нәтижесінде Социал
-
демократиялық партия парламенттен көп орын ала 
бастады. Парламент жоғарыда аталған реформалар туралы заңдар шығарды. 


74
Сөйтіп, кедейшілікпен күрес бүкіл мемлекеттік іске айналып, жоқшылық 
реформизм идеологиясын ұстанған елдерде азая түсті. 
Осындай бағдарламаны ұстанған социал
-
демократиялық партиялар 
алғашқы уақытта Еуропада, содан кейін Америка, Азия, Африка елдерінде де 
пайда болды. 
Қазіргі кезеңде дүниежүзінде 60
-
тан астам социал
-
демократиялық 
партиялар бар. Олардың мүшелерінің жалпы саны 17 млн. адам. Бүгінгі күні 
социал
-
демократиялық партиялардың 30
-
ға жуығы мемлекеттік билікке келіп 
отыр. Осы партиялар билікке келген мемлекеттерде елдің әлеуметтік
-
экономикалық деңгейі жоғары дәрежеге көтеріліп, кедейшілік жыл сайын азая 
түсуде, ал кейбір Еуропа елдерінде жоқшылық мәселесі күн тәртібінен алынып 
тасталған. 
Дүниежүзіндегі 
социал
-
демократиялық 
партиялардың 
1951жылы 
құрылған Социалистік Интернационал деп аталатын халықаралық одағы бар. 
Оған кез
-
келген партия мүше бола алмайды. Мысалы, ТМД елдерінен жаңадан 
пайда болған кейбір социал
-
демократиялық партиялар Социалистік 
Интернационалға мүшелікке сұранғанда, оларға берілген жауап мынадай 
болыпты: “Сіздер қоғамдарыңыз үшін қызмет етіңдер, ең алдымен еңбекші 
халықтың, жұмысшы табының, кедейлердің тұрмыс жағдайын жақсартыңдар, 
жоқшылықты жойыңдар, бізге мүшелік жөні содан кейін шешілер”.
Партиялардың құрылуы, өмір сүруі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет