Саясаттану



Pdf көрінісі
бет49/128
Дата27.09.2023
өлшемі15,5 Mb.
#182715
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   128
Байланысты:
otemisov karabala saisat

партия
деп 
-
қоғамдағы әлеуметтік
-
саяси мүдделерді шешу 
үшін өздеріне ортақ көзқарастарды іске асыру жолында мемлекеттік билікке 
келуге ұмтылатын азаматтардың ерікті ұйымын айтады. 
“Партия” деген сөз латын тілінен шыққан, “бөлу”, “бөлшек” деген 
мағынаны білдіреді. “Мен бүтіннің бөлшегімін”, “мен осы топтың пікірін 
қолдаймын”, “мен біреулермен пікірлеспін” деген түсініктері. 
Тарихта XVIII
-XIX 
ғасырларда саяси партиялар клуб, әдебиеттік 
бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар түрінде пайда бола бастады. 


70
Бірақ сол кездегі шексіз мемлекеттік билік (монархия, патшалық) 
жағдайында партиялардың айтарлықтай маңызы болмады. Ол уақытта әр түрлі 
мемлекет басшылары қоғамдық ұйымдарға, саяси қозғалыстарға қарсы болды, 
тіпті дұшпандықпен, қастықпен қараған жағдайлар да болған. Мысалы, 
Америка Құрама Штаттарының бірінші президенті Джордж Вашингтонның өзі 
де 1787 ж. “саяси бірлестіктер”, яғни, саяси партиялар 

олар тыныштықты 
бұзушылар, олар халықтың ішінде іріткі салып, билікке таласушылар” 

деп 
түсінді. 
Ал 1825 жылғы Ресейдегі декабристер қозғалысының қалай аяқталғаны 
тарихтан жақсы белгілі. Ресей патшалығы оларға қарсы күш қолданып, біразын 
өлім жазасына тартып, қуғынға ұшыратқан болатын. 
Ресейдегі ең бірінші партия 

Ресей социал
-
демократиялық жұмысшылар 
партиясы (РСДЖП) 1898 жылы астыртын түрде ұйымдастырылды.
Дегенмен, кейінгі кезеңде жалпы азаматтық, оның ішінде демократия 
принциптерінің дамуына байланысты саяси партиялар кеңінен дами бастады. 
Қазіргі кезеңдегі саяси партияларға ұқсас біздің уақытымыздағы 
партиялар Еуропада, Америкада XVIII ғасырда пайда болды. 
Не себептен 
XVIII
ғасырда? Не себептен олар 
XVII, XVI
ғасырларда 
немесе одан бұрын қалыптасқан жоқ

Оның себебі 
XVIII
ғасырда ғана мемлекеттік билікті сайлауға мүмкіндік 
туып, кейбір мемлекеттерде шексіз монархия жойылды. Мысалы, Францияда 
Ұлы француз революциясынан кейін (1789 ж.) республика орнатылды. Дәл осы
кезде АҚШ өзінің конституциясын қабылдап, бірінші президент сайлады. 
Қоғам мүшелері

әртүрлі әлеуметтік топтар саяси билікке өздерінің 
уәкілдерін сайлауға мүмкіншілік ала бастады. Мемлекеттік билікке араласушы
үміткерлерді бұқараның қолдауы, сүйемелдеуі қажет болды. Осындай 
азаматтарды дайындау үшін, оларды саяси билікке өткізу үшін саяси партиялар 
құрыла бастады. Сонымен қатар, сайлау органдары мен сайлау жүйелері 
қалыптасты.
Яғни, саяси партиялардың пайда болуы 
-
демократияның дамуымен 
байланысты. 
XVIII
ғасырға дейін билік сайланбайтын патша, король, шах, 
хандардың қолдарында тұрған кезде саяси партияларды ұйымдастыруға ешбір 
мүмкіндік болған жоқ, себебі оны құруға билік рұқсат берген жоқ. 
Саяси партиялардың ұйымдастырылуы 
XVIII
ғасырдан басталып
XIX
ғасырда дүние жүзінде көптеген ірі, беделді партиялар өмір сүре бастады. 
Мысалы, 1828 жылы АҚШ
-
та демократиялық партия өмірге келсе, 1867 
жылы Англияда Консервативтік партия, ал 1869 жылы Германияда социал
-
демократиялық жұмысшылар партиясы пайда болды. Сол жылы Францияда 
Республикалық радикалдар партиясы дүниеге келді. 
XIX
ғасырдың 80
-
шы жылдары дүние жүзінің 100
-
дей елдерінде 500
-
ден 
астам саяси партиялар қалыптасты. 
Қазіргі кезеңде дүние жүзінде қанша саяси партия бар? Бұл сұраққа 
нақтылы жауап берудің өзі қиын. Себебі саяси партиялардың өмірінде тұрақты
ешбір өзгеріссіз қалатын жағдай болмайды және болуы да мүмкін емес. 
Адамзаттың саяси өмірі қандай құбылмалы, әрдайым өзгерісте болып тұратын 


71
құбылыс болса, саяси партиялардың өмірі де дәл сондай. Сондықтан бір 
жағынан жаңа партиялар қалыптасып жатса, екінші жағынан кейбір партиялар 
ыдырап, қызметін тоқтатып жатады. 
Бірақ тарихи ұзақ уақыт, 
XIX
ғасырда пайда болып, осы күнге дейін 
өзінің мүдделестеріне адал қызмет жасап, саяси мол тәжірибе жинап, халыққа 
дәстүрлі партия болып танылғандары да бар. Олар: АҚШ
-
тың демократиялық 
партиясы (1828 ж. құрылған), Канаданың прогрессивтік
-
консервативтік 
партиясы (1854 ж. құрылған), АҚШ
-
тың республикалық партиясы (1854 ж. 
құрылған), Ұлыбританияның консервативтік партиясы (1867 ж. құрылған), 
Германияның социал
-
демократиялық партиясы (1869 ж. құрылған) және тағы 
да басқа партиялар.
Алғашқы кезеңдерде әрбір саяси партия үлкен әлеуметтік топтардың
көбіне таптардың жетекшісі болды. Мысалы, жұмысшылар партиясы, шаруалар 
партиясы, буржуазия партиясы, христиандар партиясы т.с.с. Ал ХХ ғасырдың 
ортасынан бастап жағдай басқаша өзгерді. Енді партияның мүшелігіне әртүрлі 
әлеуметтік топтар мен таптардың өкілдері кіре алады. Бұл саяси құбылыс 
демократияның дамуымен байланысты шықты. Себебі биліктің сапасын 
қамтамасыз ету ол тек ғана бір топтың, әлеуметті таптың мүддесі емес, ол бүкіл 
халықтың мүддесі. Ал қандай да болмасын қоғамдағы әлеуметтік мәселе 
барлық жағдайда мемлекеттік билік арқылы шешілетіні белгілі. 
Әйтсе де, әрбір саяси партияның өзіне ғана тән міндеті мен өз қызметіне 
байланысты ерекшелігі болады. Олар сан алуан, оларды жүйелеу оңай емес, 
себебі бұл ерекшеліктер көбіне тарихи жағдайға байланысты қалыптасқан. 
Партия саяси құрылым ретінде Еуропалық елдерде пайда болғаны белгілі. 
Сондықтан да партияның табиғатын, қоғам өміріндегі маңызы мен мәнін, 
қызметін анықтауға осы елдердің ғалымдары көбірек көңіл бөлді. Бұл ретте, 
әсіресе, француз ғалымы М.Дюверженің “Саяси партиялар” деген еңбегінде 
партия ұйымдарының түрлері, құрылымы, типтері, партия басшылығының 
тәсілдері, партия мен мемлекеттік қарым
-
қатынасы кең көлемде зерттелген. 
Француз саясаттанушылары Ф.Борелл, Ж.Бюрдо, Ж.Шарло еңбектерінде 
де партияның қазіргі кезеңдегі ролі нақты көрсетілген. Саяси партиялардың 
мемлекеттегі алатын орнына қарай жүйелеген немістің мемлекет жөніндегі 
ілімді дамытушы ғалымы Г.Еллинек болды. Бұл мәселелермен бірқатар Ресей 
ғалымдары да айналысты. Мысалы, М.Острогорский “Демократия және саяси 
партияларды құру” деген еңбегінде Еуропа елдеріндегі партиялардың құрылуы 
мен дамуы туралы мәселелерді зерттей келіп, АҚШ пен Англияда партиялар 
сайлау өткізу және сол сайлаулардың негізінде пайда табу үшін құрылған ұйым 
екенін айтады. Әрине, саяси партиялардың қызметтері әртүрлі болғанымен де, 
оларға жалпы ортақ белгілерді талдауға болады. 
Саяси партиялардың ортақ белгілері:
1. 
Әлеуметтік бірлестік

Қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік топтарға басшылық 
жасап, олардың саяси
-
әлеуметтік мүдделерін шешу үшін бірігіп іс
-
қимылдар 
жасауға басшы болу.
2. Азаматтардың саяси санасын жоғарылату.
3. Саяси билікке келу үшін күрес жүргізу. 


72
4. Саяси мамандар, саясатшылар дайындау мәселесін шешу. 
5. 
Қоғам дамуына бағытталған саяси бағдарламалар дайындап оны іске асыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет