Саясаттану



Pdf көрінісі
бет57/128
Дата27.09.2023
өлшемі15,5 Mb.
#182715
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   128
Байланысты:
otemisov karabala saisat

әлеуметтендіру
(социализация) деп аталады. Саяси әлеуметтендіру қоғамдағы 
ұрпақтардың дамуына сәйкес бастапқы және соңғы болып екі кезеңге бөлінеді.
Бастапқы кезең отбасы мен бастауыш сынып балаларын қамтиды. Соңғы 
кезеңнің қатарына мемлекет, білім беру жүйесі, бұқаралық ақпарат құралдары, 
саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар, мемлекет жатады. 
Саяси әлеуметтендірудің алғашқы кезеңі отбасындағы жас балалардың 
саяси мәдениетінің қалыптасуы 
-
ата
-
анасының саясатқа деген көзқарастарынан 
басталады. Билік саласындағы белгілі тұлғалардың, теледидардан күнде 
көретін саясаткерлер немесе көшеде кездесетін полиция қызметкерінің 
бейнелері арқылы да баланың бойында саясатқа байланысты алғашқы сезім 
қалыптасады.Ал діни дәстүрдегі Иран, Пәкістан, Ирак және Ауғанстан 


88
мемлекеттерінде саясатпен алғашқы таныстық дін қызметкерлері арқылы 
қалыптасуы мүмкін. 
Бұрынғы Кеңес Одағында мемлекеттік идеология тарапынан балаларға 
арнайы саяси тәрбие беру үшін “Октябршылдар”, “Пионер” атты балалар 
ұйымдары қызмет етті. Бұл ұйымдар осы режимнің саяси мәдениетінің 
қалыптасуының бастапқы сатысы болатын. 
Саяси мәдениет қалыптасуының соңғы кезеңіне жататын негізгі ұйым

мемлекет. Мемлекет бұл қызметті заң арқылы атқарады. Елдің барлық 
азаматтарына ортақ заңдар арқылы саяси мәдениеттің негізгі белгісін, саяси 
менталитет (адамдардың бірін
-
бірі түсінушілігін) қалыптастырады. 
Мемлекеттік рәміздер (символдар) қабылданды. Қазақстанның басты 
рәмізі 

Республика болып танылады. Бұл мемлекет басқару түрі ретіндегі
демократиялық құндылық. Мемлекет басқа да рәміздерін 

Туын, Елтаңбасын, 
Әнұранын бекітіп, азаматтарының өзін
-
өзі ұстау үлгілерін қалыптастырады. 
Саяси мәдениет негіздерінің бірі ретінде патриоттық тәрбие беру мәселесі 
маңызды орын алады. 
Саяси мәдениеттің негізгі қызметтеріне жататындар:
1.Тәрбиелік қызметі: саяси білімі жоғары тұлға дамуына, қалыптасуына, 
олардың саяси ой
-
санасын кеңейтіп, саяси ынтасын жоғарылатуға бағытталған 
қоғамдық
-
саяси мақсаттардағы іс
-
қимылына игі әсер етеді, азаматтардың 
әлеуметтік белсенділігін арттырады. 
2.Біріктірушілік қызметі: саяси мәдениет қалыптасатын жүйенің тірегі 
ретінде қызмет етеді, билік жүйесінің әлеуметтік негізін қалайды. 
3.Танымдық қызметі: азаматтарды қоғамдық тәртіпке, мемлекеттің ішкі 
және халықаралық саясатын ұғынуына, бұрынғы және қазіргі саяси жүйені, 
саяси қайраткерлер мен басқа да лауазымды адамдарды бағалай білуге 
үйретеді. 
4.
Қорғау қызметі: мемлекеттілікке бастаушы, саяси құрылымның 
қорғаушысы, қоғамның жедел дамуына сәйкес келетін саяси құндылықтарды, 
игіліктерді сақтау қызметтерін атқарады. 
5.Сабақтастық қызметі: жаңа ұрпаққа қоғамдық сана мен тәжірибеде
танылған қоғамдық тәртіп үлгілерін жеткізу. 
Саяси мәдениет азаматтардың қоғамның саяси өміріне неғұрлым 
белсене қатысып, мемлекеттің саяси жүйесін қалыптастыруға маңызды әсерін 
тигізеді. 
Сонымен, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет