Саясаттану



Pdf көрінісі
бет58/128
Дата27.09.2023
өлшемі15,5 Mb.
#182715
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   128
Байланысты:
otemisov karabala saisat

саяси мәдениет
дегеніміз 
-
адамдардың саяси білімдерін, 
саяси ой
-
пікірлерін қалыптастыратын және олардың саяси процестерге 
қатысудағы 
мінез
-
құлықтары 
мен іс
-
әрекеттерін бейімдейтін 
қоғам 
мәдениетінің ерекше саласы. 
Елдегі саяси мәдениеттің біртұтастығы қоғамның тұрақтылығын, 
көптеген саяси құбылыстардың болжамдарын айқындаудың негізін қалайды. 
Қоғамдағы саяси мәдениеттің қалыптасуы мен дамуында әртүрлі 
проблемалар кездеседі. 
Біріншісі,
қандай да болмасын, қоғам бірнеше 
әлеуметтік топтардан тұрады. Олар: кәсіби, ұлттық, діни, жас ерекшеліктеріне 
қарай, аймақтық және тағы басқалары болып бөлінеді. Осындай топтардың 


89
кейбірі қоғамдағы жалпы бағытталған саяси мәдениеттен дәстүрлеріне, 
мүдделеріне, өз көзқарастарына байланысты ерекшеленуі мүмкін. Осындай 
ерекшеленуші әлеуметтік топтарды саяси әдебиетте субмәдениет деп атайды. 
Субмәдениет
деп қоғамда үстемдік ететін саяси мәдени бағыттан 
айтарлықтай ерекшеленетін саяси бағдарды айтады. Қоғамда субмәдениеттер 
әртүрлі болған жағдайда қоғамдық, саяси өмірдің тұрақтылығын әлсіретудің 
негізі қаланады. Яғни, қоғам саяси бағыттары үйлеспейтін топтарға бөлінеді. 
Қазақстандағы қазіргі кезеңдегі үлкен субмәдениеттердің бірі
-
ұлттық 
этникалық топтар. Түрлі субмәдениеттердің болуы қоғамның бірлестігін 
әлсіретеді. Мысалы, кейбір ұлттық топтардың ауқатты уәкілдері қаржыларын 
өзінің “тарихи отанының” экономикасына салуға тырысады немесе Қазақстанда 
қазақтардан басқа ұлт өкілдерінің саяси партияларға мүше болуы да белсенді 
түрде емес. Бұл факт өз кезегінде саяси партиялар құрамының ұлттық 
өкілеттілігін қамтамасыз етпейді. 
Қазақстандағы тағы бір үлкен субмәдениет 

орыс тілді қазақтар. 
Олардың саяси мәдениетінің олқылығы қазақ халқының ұлттық рухани 
құндылықтарын игере алмайтындығында. Ал қазақ халқының өз арасында 
жерлестік және рулық топтардың да көрінісі бар. Бұл субмәдениеттің ішіндегі 
өзара сыбайластық арқылы руластарын, жерлестерін қызмет саласында жоғары 
лауазымдарға тарту демократияның принциптеріне және мемлекеттік заңға 
қайшы келеді. 
Саяси мәдениеттің біртұтастығы қоғамның тұрақтылығын, көптеген 
саяси процестер болашағын айқындау негізін қалайды. Бірақ қоғамда әр түрлі 
әлеуметтік топтардың болуына байланысты, субмәдениеттер болмай тұрмайды. 
Ал олардың арасында үйлеспеушілік орын алса, қоғамдық саяси өмірдің 
тұрақтылығы бұзылуы да мүмкін. Осындай жағдайда мемлекеттік саясатты 
қолдау бәсеңдейді немесе мүлде тоқтайды. 
Қоғамдағы субмәдениеттердің көзқарастар үндестігі мен келісім 
проблемасын шешудің айқын жолы 

демократиялық саяси мәдениет 
қалыптастыру. 
Қоғамның саяси мәдениетінің қалыптасу барысындағы 
екінші
проблема 

конформистік проблема. Егер саяси билік, мемлекет тарапынан саяси мәдениет 
мәселелеріне үстемдік жасалып, қатал бақылау қойылса, онда азаматтар 
әміршілдік нұсқауларға бейімделіп, енжарлық күйге түседі, саяси әртүрлілік, 
пікірталастық мүлде жойылады. 
Қоғамның саяси мәдениетінің 
үшінші
проблемасы 

мәдениеттің 
идеологиялық бақылауға түсу мәселесі. Қоғамдағы саяси мәдениеттің 
қалыптасуы сол мемлекеттің саяси режиміне және идеологиясына байланысты 
болады. Мысалы, қазіргі дінидәстүрдегі мемлекеттерде адам діннің 
қағидаларын жақсы білетін болса, сол адамның саяси мәдениеті жоғары деп 
есептелінеді. Немесе, бұрынғы Кеңес Одағында, тоталитарлық режим 
жағдайында егер қызметкер коммунистік партияның және социализмнің 
тарихын терең ұғып алған болса, ол адамның саяси мәдениеті жоғары деп 
есептелінді



90
Оның үстіне Кеңес үкіметі азаматтарды өз мемлекетінің саяси мәдениеті 
шеңберінен шығармай қойды. Соның салдарынан кеңестік азаматтар 
демократиялық ұстанымдардан, нарықтық экономикалық қарым
-
қатынастан 
бейхабар болды. Нәтижесінде, мемлекеттің өзі дүниежүзілік саяси мәдениет 
тәжірибесінен тыс қалып, тоқырауға ұшырап ақыры ыдырап кетті. 
Әлемдік саяси мәдениеттің дамуы барысында қазіргі кезеңде екі деңгей 
қалыптасқан. Бірінші деңгей 
-
әрбір мемлекеттің өз саяси мәдениеті. Екінші 
деңгей 

саяси мәдениеттің халықаралық, дүниежүзілік өркениетті 
мемлекеттерінде танылған құндылықтар. Олар: демократия, нарықтық 
экономикалық қарым
-
қатынас, көппартиялық, либерализм, реформизм, 
әлеуметтік қорғау жүйесі және тағы басқалары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет