Саясаттану



Pdf көрінісі
бет66/128
Дата27.09.2023
өлшемі15,5 Mb.
#182715
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   128
Байланысты:
otemisov karabala saisat

методологиялық
мәніне үңілеміз. Бұл 
жөнінде шетелдік авторлар көп айтып та, жазып та жүр. 
Саяси жүйе теориясын өзге теориялар арасынан бөліп алып және оның 
маңыздылығын атап көрсете отырып, шетел саясаттанушылары мен 
әлеуметтанушылары оны “әлеуметтік және саяси талдаудың өте бағалы 
аспабы” (Т.Мадрон, К.Шелф), “саяси ғылым саласында ғылыми зерттеулердің 
жалпы шеңберін” айқындайтын перспективалық концепциясы (Р.Голдмэн, 
Т.Яниг), “құрылым мен процестердің кез
-
келген талдауын жүргізу барысында 
қорытынды көзқарас санатында танылатын және орталық теория мәртебесін” 
меңгерген маңызды доктрина (Д.Валтмен) деп атауға болады. 
Саяси жүйе теориясын, онымен қоса жүйелік талдауды “қуатты 
әлеуметтік маңыздылықты меңгерген айрықша әлеуметтік құдірет” және 
методологиялық жағынан “танымның” техникалық амалдарының, құралдары 
мен әдістерінің қарапайым жиынтығынан әлдеқайда жоғары” деп те 
анықтайды. Оны шетелдік саясаттану шеңберінде дамып келе жатқан 
“методологиялық идеология” қатарына қосады. 
Саяси жүйе концепциясының методологиялық мәні және оның
әлеуметтік маңыздылығы қай тұрғыда қарастырылады? Шетелдік авторлардың 
көзқарастары бойынша методологиялық тұрғыда қарастырылатын саяси жүйе 
теориясының құндылығы қалай тұжырымдалады? Осы және осыған ұқсас 
сұрақтарға жауап іздеген шетелдік саясаттанушылар мен әлеуметтанушылар 
біржақты шешімге әзір келе алған жоқ. Олардың ізденуші көзқарастарына, 
сондай
-
ақ осы және өзге бағыттарға икемделуіне байланысты, олардың бірі 

«саяси жүйе теориясының методологиялық маңыздылығын, функциянализмнің 
барлық қуатты мүмкіндіктерін анықтау және кеңінен қолдану үшін әмбебаптық 
модель болып саналады» 
-
десе, екіншілері 
-
оның методологиялық 
құндылығын “қысым тобы” концепциясы мен саяси пікірталастық доктринасын 
онан әрі нығайту құралы мен өзіндік бейнесі бар тірегі санатынан көреді. 
Үшіншілері саяси жүйе теориясынан методологиялық құбылысты бөліп алып, 
әмбебап концепция жасау арқылы басқа да теориялық модельдер арқылы 
концепцияларды жасау мен дамытуға негіз болады деп есептейді. 
Саяси жүйе теориясының методологиялық мәнін зерттеу барысында 
шетел авторлары оның көрінуінің өзге де жолдары мен әдістеріне назар 
аударады. Жеке алғанда, саяси жүйе теориясының методологиялық астары 
мынадай ретте көрінеді: аталмыш теория әрбір қоғамның саяси өмірінің әртүрлі 
қырларын терең зерттеуге және елдің даму перспективаларын алдын
-
ала 
болжауға жәрдемдеседі; ол теоретиктердің көзқарасынан бұрын тыс қалған 
“макроскопиялық” (яғни бәрін қамтитын, әмбебаптық) сияқты саясат 


102
құбылысына назар аудартады және терең зерттеуге итермелейді; ол “құрылым 
мен функциялар, статика мен динамика арасында туындайтын қатынастар мен 
байланыстар жүйесін зерттеуге, жаңғыртуға” бейімдейді және тағы басқалары. 
Саяси жүйе теориясының методологиялық маңыздылығын шетелдік 
саясаттанушылар басқа қатынастармен де талдайды. Оның методологиялық 
мүмкіндіктері мен қырларын ашатын (және бұл ретте асырып айту да сирек 
емес) көптеген еңбектер бар. Алайда, соңғы жылдары батыс әдебиетінде саяси 
жүйе теориясына және оның методологиялық мүмкіндіктеріне күмән келтіретін 
сыни материалдар да жиі жарық көруде. Осы жағдайда М.Ванштейннің 

ғалымдар қарулануға алған жүйе концепциясы қандай да болмасын теориялық 
проблемаларды шешуді білдірмейді. Ол саяси өмір туралы пікірталасты 
жүргізуге мүмкін болатын, шартты түрде ғана белгіленген шеңберді білдіреді”
деген топшылауы да кеңінен тараған.
Осы саясаттанушылар мен әлеуметтанушылар тобы (әсіресе, саяси жүйе 
теориясы туралы қағидаларға жаппай және методологиялық әмбебап 
концепциясы тұрғысында қарсы шығып жүргендер) саяси жүйе теориясының 
әртүрлі варианттарын қолдану туралы ескертулерін саяси өмірдегі белгілі бір 
“олар ең көп деңгейде пайдалы бола алатыны” айқындалған салаларымен және 
өздігінен жетістіктер игілігіне қызмет ететін мақсаттармен шектеуі қажет” деп 
көрсетеді. Америкалық саясаттанушы П.Нэтлл «саяси жүйе теориясының 
методологиялық мүмкіндіктері 
-
жүйе концепциясы тіпті оның тар 
мағынасында оның жақтастары мен қарсыластары арасында ажыратқыш болу 
қаупімен орналасты” және тек оның қарсы мағыналы таным мен түсінігі 
көрінісінде пайдасы өте аз концепция болып көрінді» деп жазды.
Методологиялық тұрғыдан қарастырылатын саяси жүйе теориясына 
шетел авторлары тарапынан өзге де сыни пікірлер көп айтылуда. Алайда олар 
бұдан қандай да тиімді мәні мен мазмұны бар методологиялық құралдан қалыс 
қалуға куә болмайды. 
Саяси жүйе теориясының методологиялық және басқа да қырларынан 
басқа оның мағынасында және әлеуметтік мәнінде, сипатында “қолданбалы” іс 
жүзіндегі құбылыс орын алады. Оның мағынасын жалпы әлем теоретиктері 
саяси жүйе концепциясын жасау мен дамытуда тек ғана методологиялық 
функцияларын асыра бағалау тұрғысы бойынша анықтамайды, сонымен бірге 
саяси практика саласында пісіп жетілген іс жүзіндегі проблемаларды шешудің 
маңызды теориялық құралдарының бірі ретінде зерттейді. 
Әлемдік саяси ғылымда саяси жүйе теориясының тәжірибелік сипаты мен 
қызметтік ролінің аталған көрсеткіштерінен өзге оның басқа үлгілері де бар. 
Олардың бәрінің өзара айырмашылықтарына қарамастан сараланған 
концепцияның ғылыми, саяси
-
тәжірибелік маңызы өте жоғары.


103


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет