Саясаттану



Pdf көрінісі
бет63/128
Дата27.09.2023
өлшемі15,5 Mb.
#182715
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   128
Байланысты:
otemisov karabala saisat

саяси жүйе
дегеніміз 
-
билік пен басқару құрамын 
қалыптастыру арқылы өз мүдделерін іске асыру қызметін атқаратын қоғамның 
саяси субъектілері арасындағы біртұтас, тұрақты қарым
-
қатынастар жиынтығы. 
2. 
Қазіргі шетелдік саясаттанудағы саяси жүйе 
теориясының өзекті мәселелері
Қоғамның саяси жүйесі туралы теорияның тағы бір маңызды мәселесі 

саяси жүйелердің жіктелуі. Дүние жүзінде саяси жүйелер әртүрлі болып 
кездеседі, жоғарыда айтылғандай, әрбір қоғамның саяси жүйесі өзіне ғана тән. 
Сол себептен саяси жүйелердің белгілерін топтастырып, жіктеп қарау оңай 
емес. Дегенмен, олардың өзара айырмашылықтарына қарамастан саяси 
ғылымда қоғамның саяси жүйелерін жіктеу әдістері қалыптаса бастады. 
Саясаттану саласындағы ғалымдардың көпшілігі саяси жүйені жіктеуді 
мемлекеттік билікті қалыптастыруға қатысушылардың санымен анықтайды. 
Билікті қалыптастыруға халықтың 50 процентінен көбі қатысса, онда 
саяси жүйе демократиялық құндылықтарға негізделген, егер 50 проценттен азы 
билікті қалыптастырар болса, онда саяси жүйе демократиялық құндылықтарға 
негізделмеген болып саналады. 
Сонымен, сайып келгенде, қоғамның саяси жүйелері негізінен екі топқа 
бөлінеді: демократиялық құндылықтарға негізделген және демократиялық 
құндылықтарға негізделмеген болып. 


98
Ал, Г.Алмонд саяси жүйелерді бұдан басқа да бірнеше түрлерге бөледі. 
Түрлерге жіктеуде ол саяси жүйенің әрбір элементінің дербестігін, тәуелсіздігін 
негізге алады. Ал саяси жүйенің әрбір элементінің тәуелсіздігі осы жүйедегі 
әрбір элементтің саяси мәдениетіне байланысты. Осы тұрғыда Г.Алмонд 
қоғамның саяси жүйесін төрт түрге бөледі, олар: ағылшын 

американдық, 
континенталды 

европалық, жетілмеген индустриалдық және тоталитарлық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет